Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы: Ұ ұ дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

білімділік:Ұ ұ дыбысы мен әрпімен таныстыру. Сөздерге дыбыстық

талдау жасату. Көркем, сауатты жазуға үйрету;

дамытушылъқ:сөздік қорын молайту, ой-өрісін, дұрыс сөйлеу

мәдениетін,есте сактау қабілетін, білімге деген

қызығушылығын дамыту, арттыру;

тәрбиелік:адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, ыждағаттылыққа,

икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:саяхат

Сабақтың типі:жаңа

Көрнекілігі:интерактивті тақта, суреттер (ұршық, үя, қүлпынай, құлын,

і

і құс), карточка, доп.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, сөздік, көрнекілік, түсіндіру.

Сабақ барысы

I. Алғашқы ұйымдастыру.

- оқушыларды түгендеу;

- сабаққа назарын аудару;

- оқу-құралдарын түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

М: Балалар казір қай мезгіл?

О: Күз. (күз суреті)

М: Күзгі табиғат қандай болады?

О: салқын.

М: Күн салқын ал бізге саяхатқа шығуымыз керек. Саяхатқа немен шығамыз. Ал саяхатқа немен шығуға болады?

О:...

М: Біз Астана қаласына баруымыз керек. Мына жүмбақтың жауабын дұрыс шешсек, осы көлікпен шығамыз.

Жұмбақ Құстан аумайды,

Көкке заулайды. (ұшақ) (ұшақ суреті)

М: Біз саяхатқаұшакпен шығамыз.Ұшаққа мінбес бұрын мына тапсырмаларды орындауымыз керек. Сонда сапарымыз сәтті болады!

1. Әріпті айту, дауысты, дауыссыз?

Алма,алмұртсәбіз,картоп,құрма

2. Буынға бөлу. Сөйлем құра. Мыс: Алма тәтті. Ал-ма.

Өте дүрыс. Сендер өткен әріптерді ұмытпапсыңдар.

-Ал онда жол жүруге дайынсыңдар ма?Жол жүріп бара

жатырған адамға не дейміз?

-«Жолдарыңыз болсын!»

III.Жаңа сабақ.

-Біз неге мінетін едік? Ұшақ қалай ұшады?

-Ұшақ қай әріптен басталады? Ұ ұ әрпі.

-Неше буын?

-Ұ дыбысын хормен айту. Айқайламаймыз, жәй айтамыз.

-Қалай айтылып тұр?

-Ұ дыбысы бар сөздер айту. (тез жету үшін)

-Ұ қай жерде кездесіп түр? (Астана суреті)

-Балалар ең бірінші сендер қайда барғыларың келеді?

М:Ұшақтан түсейік. Алдымызда мынадай сөздер түр, қане оқи аламыз ба?

БҰЛТ ҰЛАН ҚҰР

ҚҰРТ СҰРАҚ ҚҰЛЫНШАҚ

Президент суреті:(сөзі) Оқулыкпен жұмыс.

1. Сөздерді тізбектей оқу.

2. Мәтінді оқу, мазмұнын айтып көру.

Сөздік жумысы

Ұшқыш-ұшақты басқаратын адам.

Ғарыш-аспан әлемі.

Ғарышкер - аспан әлемін зерттеуге қатысатын адам.

Циркке саяхат.Циркке кірмес бұрын біз «ұ» әрпін жазуымыз керек.

-Ауада жазу (қол жаттыктыру)

-Тақтаға жазып көрсету.

-Дәптерге жазу.

Субұрқаққа саяхат. Шашыранды буынды қосып сөз құрау.

Рыс ұ

Рық лақ

Бұ дұ

Құ ран

(ұлан, дұрыс,бұлақ, құлақ, т.б.)

IV.Бекіту.

М:Ал енді балалар біз өз ауылымызға қайтайық. Әуежай алыс, жақын жерден қандай көлікке мінеміз. (тікұшаақ)

-Ал Астана өте әдемі. Астана туралы тақпақ айтып

беріңдерші. Кім айтады? Ал бізге Астана тұрғьндары

қандай балалар екендеріңді айтқылары келіп тұр.

V. Бағалау. АЛҒЫР, АҚЫЛДЫ, ҰСТАМДЫ, ҰҒЫМТАЛ, ҰШҚЫР

-Ұ дыбысы бар сөздерді буынға бөл.

Карточкамен жумыс

1. Көбелек, маусым, дауыс, жайлау сөздерін дыбыстық балдау.

2. Суретке қарап сөйлем кұрау. }

3. 3 буынды сөздер жазу.

VI.Қорытынды. «Жалпылау» ойыны

«Ұ» әрпі бар сөздерді айтқанда шапалақтау. «Ұ» әрпі жоқ сөздер болса шапалақтамау.

VII.Үй тапсырмасы Ұ ұ дыбысы мен әрпі

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов