Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№5 орта жалпы білім беретін мектебі

тарих пәні мұғалімі

Каиркулова Анар Самигуллиевна

Сабақтың тақырыбы:

§ 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға туған жердің тарихын, соның ішінде 1836-1838 жылдардағы көтерілістің себептері, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызы туралы түсінік беру, Махамбет пен Исатайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Қосымша деректер арқылы тарихи білімдерін көтеру.

Дамытушылығы:Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, өздігінен және топ болып жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіру, әдебиет пен өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды Исатай мен Махамбет бейнесі арқылы азаматтыққа, жерін сүюге, ұлтжандылыққа, намысшылдыққа, өршілдікке, бірлікке,өз елінің тарихын құрметтеуге, ел қорғаған бабалардың ерліктеріне тағзым етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Топқа бөлу («Бөкей», «Шығай», «Жәңгір»)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Сократтық семинар» шеңбер әдісі. (сұрақ-жауап)

ІІІ. Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

Топтық жұмыс әдісі:

1- топқа

- Көтерілістің алғышарттары мен себептері

- Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері

- Көтеріліс кезеңдері

Ішкі Ордадағы көтеріліс үш кезеңге бөлінеді

I кезең

1836 жылдар - көтерілістің басты алғышарттарының қалыптасуы

II кезең

1837 жылдың басынан осы жылдың аяғына дейін - көтерілістің етек алған кезеңі, патша жазалаушы әскерімен, хан итаршыларымен қақтығыстар

III кезең

1837 жылдың желтоқсан айынан - 1838 жылдың шілде айына дейін көтерілісшілер күшінің әлсіреп, жеңілу кезеңі

2- топқа

- «Венн диаграммасы» Тастөбе, Ақбұлақ шайқасы. (айырмашылығы, ұқсастығы)

3- топқа

- Көтерілістің жеңілу себептері

- Көтерілістің тарихи маңызы

- Көтеріліс тарихының зерттелуі

IV. Сабақты бекіту:

«Бөкей» тобына

Кіші жүздегі 1836-1837 ж. көтерілістің басшылары»

Исатай Тайманұлы

Қай жерде туды?

Қай рудан шыққан

Қандай қызмет атқарды?

«Шығай» тобына- Математикалық ойын

1759+32=1791 /Исатай дүниеге келген жыл/

950+1000-114= 1836 /Көтеріліс басталды/

400+720-1118= 2 /1838 жылы нешінші шілдеде Қиыл мен Ақбұлақ өзендерінің бойындағы шешуші шайқас болды/

1200+500-103=1803 /Махамбет туған жыл/

144х2-267=21 /21 жасында старшын болды/

800х2+238=1838 /Көтеріліс аяқталды/

«Жәңгір» тобына

Кіші жүздегі 1836-1837 ж. көтерілістің басшылары»

Махамбет Өтемісұлы

Қай жерде туды?

Қай рудан шыққан

Қандай қызмет атқарды?

Махамбеттің өлеңдерінің тақырыбы

Махамбеттің күйлерін ата

ҮІ. Қорытындылау кезеңі.Рефлексия (кері байланыс)

• Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

• Нені үйрендің?

• Келесі сабақта нені білгің келеді?

- Ал ендеше балалар біз бүгінгі сабағымызды қорытындыласақ. Халық жазушысы, мемлекет қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен ары төгілмеген-арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз». Біз бүгін еліміздің қорғаны болған, күрескер, патриот батырлары туралы әңгімеледік. Біз бүгін бір саты биіктедік, рухани нәр алдық. Рухы өр тәні бекем, қайсар халықтың ұлдарын дәріптедік. Солардың ерлігін паш еттік, бойға сіңірдік. Мақтандық марқайдық. Ерлердің ісі өнеге, ұрпаққа үлгі болары хақ.

V. Үйге тапсырма:

§ 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы

«1836-1838 жылдарға саяхат» тақырыбында ой-толғау (әңгіме жазу).

№5 жалпы орта білім беретін мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы

бастаған халық-азаттық қозғалысы»

Өткізген: тарих пәнінің мұғалімі Каиркулова А.С.

2016-2017 оқу жылы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ