Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі

Молдағалиева Айнагүл Оңғарбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру. Г дыбысы бар сөзді буынға бөле отырып, Г дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру. Ойындар арқылы білімдерін тексеру.

Дамытушылығы: балалардың ой-өрісін, шығармашылығын дамыту. Сөз қорын, сөйлеу жүйесін жетілдіру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік пайдалану.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, суреттер, шарлар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

“Кім жылдам?” ойыны

- Алдыңғы сабақта біз қандай әріппен таныстық?

- Ү дыбысы мен әрпі.

- Ү дыбысы қандай дыбыс, дауысты ма, дауыссыз ба?

- Ү дыбысын маған кім жазып береді? Қандай түспен боялады?

- Қызыл.

- Ол қалай айтылады?

- Созылып.

Қане, Ү дыбысына сөздер ойлап жіберейік: үкі, бүркіт, түлкі, үйрек, үстел (суретін көрсету). Енді осы сөздерді буынға бөлейік.

ІІІ. Жаңа сабақ. “Ой шақыру” әдісі

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктемде неше ай бар?

- Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

- Көктемнің алғашқы белгісі?

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл не нәрсе екен,

Үзуге адам қимайтын? (Гүл)

- Гүл сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

- Г дыбысынан.

- Дұрыс. Бүгінгі өтетін әрпіміз Г дыбысы мен әрпі. Қане, барлығымыз Г дыбысын бірге айтып көрейік.

- Қандай дыбыс екен?

- Дауыссыз.

- Қайдан білдік?

- Айтылғанда кедергіге ұшырайды. Ол сөздің басында және ортасында кездеседі.

Аққудың тапсырмасы.

1.Г дыбысына байланысты қандай сөздер білесіздер?

Гитара, егін, кереге.

2. Буынға бөліңдер.

Сергіту сәті.

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырқалып шайқалған

Қарлығаштың тапсырмасы.

Хормен оқыту.

Жұмбақты шеш.

Адамдардың киімін,

Ұстап тұрады иығым. (Ілгіш)

Өрнектеп, сәндеп,

Тігістерін бүгетін

Кім көйлек тігеді? (Тігінші)

Ат басты,

Арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды,

Қос қанатты,

Құмырсқа ізді,

Бота тірсекті. (Шегіртке)

Торғайдың тапсырмасы

Жаңылтпашты қайталау.

Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.

Көгершіннің тапсырмасы.

1.Шардағы буындарды оқыту.

2.Дыбыстық талдау.

Шағаланың тапсырмасы

1.Дәптермен жұмыс

А) үлгіге жазу

2.Ребус шешу.

ІV. “Гүлдер” ойыны

Күн шығады күлімдеп

Тарап одан жылылық.

Гүл өседі үлбіреп,

Сонда бар ғой сұлулық.

Гүлдерге байланысты бейнесюжет

V. Қорытынды. Сабаққа жақсы араласқан балаларды мадақтау.

Үйге тапсырма: Г дыбысы мен әрпін жазу, оқып келу.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз