Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Описание: d:\profile\рабочий стол\2016-2017 оқу жылы\фотолар 2016-2017 оқу жылы\апайлар\dsc_0045.jpg

Муханбетова Индира Жанболатқызы

МКҚК №13 «Балапан» балабақшасының

тәрбиеші

Атырау қаласы

Тақырыбы «Дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балаларға дыбыстар туралы түсінік бере отырып, дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыстарды ажырату арқылы балаларға түсіндіру. Дыбыс және әріптерге сөз ойлап таба білуге, дыбыстық талдау жасауға, буынға бөле білуге үйрету. Жаңылтпаштар, жаттау арқылы тілдерін жаттықтыру.

Дамытушылығы: Балалардың ойлау есте сақтау қабілеттері арқылы тілдерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, жеке суреттер,әріптер кеспесі.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, оқу, сұрақ-жауап, әңгімелесу, жұмбақ жасыру.

Жүру барысы.

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды еліміз,

Жарқырайды жеріміз.

Қайырлы таң қонақтар.

Салематсыздарма апайлар.

Здраствуйте воспитатели.

Гудмони тиче!

Балалар сендер қандай таныс ертегілерді білесіңдер? (Назарларын экранға аудару) экраннан ертегілер суреті шығады.

Балалар бүгін біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз ерекше, қызықты өтеді. Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдарма? Олай болса, біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісі арқылы саяхатқа шығамыз. Саяхатқа қалай шығамыз, алдымен мен жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар!

Бір-біріне қатар үйлер тіркесіп, қара тұлпар жүр, әрі-бері көшіп. (Пойыз)

Ал, ендеше бәріміз көзімізді жұмып саяхатқа аттанамыз. Саяхатқа келдік көзімізді ашамыз.

Осы кезде мысықтың мияулаған дыбысы естіледі. (мияу, мияу, мияу....) .

Педагог: Мақта қыз бен мысық дос болып жүрді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір миіз тауып алады. Сөйтіп мысықты шақырады.

Мысық тапсырма әкеледі.

1) Дауысты және дауыссыз дыбыстарға тоқталу. Дыбыс дегеніміз не? Олар нешеге бөлінеді? Экранда әріптер пайда болады. (Дауысты дыбыстар қызыл түспен және дауыссыз дыбыстар көк түспен белгіленеді. Қане балалар бәріміз айтайықшы А,О,Ұ,Ү,Ы,Ю,Я,И-созылып еркін айтылады. Н,П,Р,Т,С,Ғ,М,К-қысылып кедергімен айтылады.

2) Мысық сиырға келеді сүт сұрап, сиырдың тапсырмасы: «Дауысты және дауыссыз дыбыстарды сәйкес текшеге қосыңдар»

Балалар алдарындағы тапсырманы орындайды. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Педагог балалардан орындап болған соң жеке сұрақ арқылы жауап алады.

3) Мысық талға келеді, жапырақ сұрайды, тал оған тапсырма береді: «Кім шапшаң» (тақтамен жұмыс) әріптерге байланысты суреттерді ілу, оны түсіндіріп айту.

4) Мысық су алып келе жатқан қыздарға барып, су сұрайды. Қыздар оған тапсырма береді. Тақтадағы сөздерді, өздерінің аттарын буынға бөлу.

5) Мысық дүкеншіге барып, сағыз сұрайды. Дүкеншінің тапсырмасы: Мақал, мәтел, тақпақтар айту.

1) Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

2) Аққуды атпа, досыңды сатпа!

3) Ғалым болам десеңіз,

Білімді жина басынан.

Ғарышқа ұшам десеңіз,

Шынықтыр дене жасыңнан.

4) Отан сенің ата-анаң,

Отан досың бауырың.

Отан өлкең Астанаң,

Отан туған ауылың.

5) Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

6) Мысықта шаршап, көңілі түсіп келе жатса, алында бір ін қазып жатқан тышқанды көреді, бол жылдам айт үйіңде не бар? деп бас салады. .

Тышқанның тапсырмасы: Тіл ұстарту жаттығуы.

На-на-на,

Ең бақытты ана.

Па-па-па,

Қандай мамық ұлпа.

Ра-ра-ра,

Бал жинайды ара.

Ра-ра-ра,

Айжан шашыңды тара.

Са-са-са,

Ызыңдайды маса.

Ла-ла-ла,

Асан жақсы бала.

Сергіту сәті.

Ұжымдық жұмыс.

«Ертегі кейіпкерлерін өз ретімен орналастыр»

Мысық жылап келеді. Мақта қыз мысықтың көңіл-күйін көтеріп, балаларға тапсырма береді. Балалар алфавит әнін айтайтады.

Мысық тышқанды қорқытып тарыны алады, тарыны тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды қыздарға береді, қыздар оған су береді, суды талға құяды, тал оған жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді, сиыр оған сүт береді, сүтті мақта қызға береді. Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау. Мысық қуанып шығып кетеді. Бір бала тақтаға шығып ертегіні айтып береді. Ұйымдастырылған оқу қызметін қортындылау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов