Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Даярлық "Г"

Күні: 17.11.2016

Білім беру саласы: Қатынас, таным, денсаулық, әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру, Тіл дамыту
Тақырыбы: “Жануарлар әлеміне саяхат” (презентациясымен)
Мақсаты:
1. Жануарлардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру. Негізгі топтарымен
(үй жануары, жабайы жануарлармен) таныстыру.
2. Электронды оқулықты пайдалана отырып, ой өрісін, зейінін дамыту, табиғат туралы түсініктерін кеңейту.
3.Оқушылардың жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру. Қоршаған ортаны сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдістері: Түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап
Көрнекілігі:
● Жануарлар туралы презентация
● Жануарлардың жеке топтама суреттері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Сыныптың сабаққа деген дайындығын қадағалау
Оқушылардың құрал - жабдықтарын тексеру
Шеңберлер бойынша топқа бөлу

(жылулық шеңбері)
Амансыңба алтын күн?

Амансыңба көк аспан?

Амансыңба достарым

Сендерді көрсем қуанам
2. Үй тапсырмасын сұрау

1.Неліктен бөлмеөсімдігі деп аталады?

2.Бөлме өсімдіктерініңқандайпайдасы бар ?

3.Бөлме өсімдіктерін қалай күтеді?

3. Жаңа сабақ.
Жұмбақ: Арқасында тауы бар,
Өзі үлкен жануар (түйе)

Жануарлар -тірі табиғаттың негізгі бөлігі. Жануарлар екіге бөлінеді: үй жануарлары және жабайы жануарлар. Жануарлардың табиғаттағы тіршілігі ерекше әрі қызықты. Олардың адам үшін пайдасы да өте зор. Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады.
Жабайы аңдар - табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар. Жабайы жануарлардың түрлері өте көп. (көрнекілік арқылы түсіндіру)
Балалардың іс - әрекеті
Балалар үнтаспадан жануарлар түрлерімен танысады.
Жануарлардың үй жануарлары және жабайы жануарлар болып екіге бөлінетінін (оларға қандай жануарлар жатқызылатынын ) меңгереді.
Жануарлар табиғаттың бір бөлігі екенін білді.
- Балалар, енді оқулықпенжұмыс жасаймыз, оқулықтағы жануарлардың ("төлдерін тап" ) сәйкестендіреміз.
- “Балаларын ата?”
- Мақсаты: Үй және жабайы аңдарды бір - бірінен ажыратуға үйрету;
- Шарты:
Қоянның баласы - көжек,
Қасқырдың баласы - бөлтірік,
Аюдың баласы - қонжық
Жылқының баласы - құлын
Сиырдың баласы - бұзау
Қойдың баласы - қозы
Түйенің баласы-бота

4.Сергіту сәті:
Бір, екі, үш деп,

Орнымыздан тұрамыз.

Аққу болып ұшамыз,

Төрт, бес, алты, жеті, сегіз деп,

Қайта келіп қонамыз.

Оқулық бойынша жануарлардың ерекшелігін анықтау

5.Ойын: "Не артық" және "Үй жануарларын тап"
Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын,
"үй жануарын" естігенде қол шапалақтау керек.

6.Қортындылау.

Балалар бүгін жануарлар туралы не білгенімізді тексеріп көрейікші?

1 Үй жануарларын тауып , қораптан шығарып , дыбысталуын салып көрсетейікші?

2. Жабайы жануарларды тауып , қораптан шығарып , дыбысталуын салып көрейік?

7.Бағалау.

- Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер үй жануарлар мен жабайы жануарларды жақсы ажырата білетіндеріңді көрсете білдіңдер.
Балалардың еңбегін бағалау, мадақтау.
(жұлдызшалар таратылды )

Жармұхамбет орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітемін:______

Мектеп директоры:

Кончубаева М.С_______

Жаратылыстану

<< Жануарлар әлеміне саяхат >> ашық сабақ

Даярлық "Г "

Бастауыш сынып мұғалімі

Бейспаева А.Б

Өтілген орны:

Жармұхамбет орта мектебі

2016 жыл

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ