Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Туған өлкеме саяхат

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

«№14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

география пәнінің мұғалімі

Жаймағанбетова Алтынай

Сабақтың мақсаты: Өлке тану сабағында туған өлкеміздің табиғаты, тарихы туралы алған білімдерін тексеріп, тиянақтау. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз өлкесінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі.Маңғыстау облысының картасы, интерактивті тақта.

Сабақтың жүрісі

Сабақ 2 топ арасында жарыс түрінде өтеді.

1- топ аты «Отпан» 2-топ аты «Бесшоқы»

Сабақ жоспары:

I .Топты таныстыру Топ мүшелері орындарына отырады.

II. «Миға шабуыл» «Отпан » тобына сұрақтар Әр сұрақ 1 ұпай

1. Каспий теңізінің ең терең жері қанша метр?

2. Маңғыстау атауының шығу тегі қандай?

3. Облысымыз қашан құрылды?

4. Өлкемізде қандай қорық бар?

5. Алғашқы мұнай фонтаны қай жерден атқылады?

6. Каспиймен қандай мемлекеттер шекаралас?

7. Ақтауда қандай ескерткіштер бар?

8. Бесшоқы тауы қай Қаратаудың биік жері?

«Бесшоқы» тобына сұрақтар

1.Облысымызда неше аудан бар?

2. Отпан тауының биіктігі қандай?

3. Шерқала тауының пішіні қандай?

4. Өлкеміздің басты байлығы не?

5. Үстірт қорығы қай жылы құрылды?

6.Алғашқы мұнай қай жылы атқылады?

7.Каспий теңізінің қандай шығанақтары бар?

8.Ақтау қаласы бұрын қалай аталды?

III. Жорға жарысы Әр топ мүшелеріне жедел сұрақтар беру Әр сұрақ 1 ұпай

1-топқа1. Газ өңдеу зауыты қай қалада ?

1. Түбегіміздің ең төменгі жері неше метр?

2. Маңғыстауда қандай түбектер бар?

3. Каспийде қыста болатын қандай құс?

4. Өлкемізде қандай киелі орындар бар?

5. Өлкеміздің тұңғыш өлкетанушысы кім?

6. Маңғыстау ауданы қай жылы құрылды?

7. Бейнеу ауданының орталығы қай елді мекен?

2-топқа сұрақтар

1. Маңғыстау ауданы қай жылы құрылды?

2.Қоңыр көмір табылған жер?

3.Цемент зауыты қайда орналасқан?

4.Арабтардың қызығып аулайтын құсы?

5.Өлкеден шыққан тұңғыш географ?

6. Адай уезі қашан құрылды?

7.Түпқараған ауданының орталығы қай елді мекен?

8.Ақтау қаласының бұрынғы аты қандай еді?

IV. «Белес» Өлкеміздің табиғатына саяхат

Шарты: стол үстіндегі карточкаларды таңдап,сұрақтарына жауап беру. Әр карточкада ұпай саны жазылған . Топ мүшелері кезекпен -кезек суырып жауап береді. 5-ұпай

1-карточка: Үстірт деген не ?

2-карточка:Төрткіл деген не ? Өлкемізде қандай төрткілдер бар?

3-карточка: Үңгір қалай пайда болады ? Қандай үңгірді білесің?

4-карточка: Өлкемізде қандай сорлар мен құмдар бар?

5-карточка: Бозащы сөзі қайдан шыққан?

6-карточка:Өлкемізде емдік қасиеті бар қандай өсімдіктерді білесің?

7-карточка: Үстірт қорығында қандай жануарлар қорғауға алынған?

8-карточка: Өлкеміздің басты байлығы не? Ірі кен орындарды ата?

9-карточка: Өлкеміздегі туристік орындарды ата.

10-карточка: Өлкемізде қандай зауыттар бар? Олар қандай өнім шығарады?

V. «Ми ойлағанды, тіл тындырар» Берілген әріптерден сөз құрап, орысша, ағылшынша атап беру. Әр сөз 1 ұпай

«Отпан» тобына р,е,у,а,ж,б,т,у,с,а

«Бесшоқы »тобына а,ү,у,к,с,л,ж,е,т,а

VI.Өнер сайысы Туған өлкеміз туралы ән жарысы

VII.Қорытындылау. Жеңімпаз топты мадақтау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов