Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы:Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің түрі:Қазақ тілі.

Тақырыбы: Қазақ тілі әлеміне саяхат.

Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша сөздік қорларын қорытындылау,қазақ тілінен меңгерген білімдерін пысықтау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,қарапайым сөйлемдер құрастыру, диалог түрінде әңгімелесу. Сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Оқыту технологиясы :балаларды білім деңгейіне байланысты 2 топқа бөлінеді. 1 топ- төмен деңгейлі. 2 топ- жоғары деңгейлі.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету,ойын ойнату.

Көрнекіліктер: тақырыпты суреттер, интерактивті тақта, ойыншықтар, киімдер.

Биллингвальді компонент:саяхат-путешествие,мультхикая-мультипликационный фильм, сөре-полка.

Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр, бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Кәне қонақтармен амандасайық.

Балалар бізді саяхатқа Аяжан мен Елдос шақырып жатыр, барамыз ба?

Бірақ балалар біздің жолымыз қиын болады. Неге десеңдер, біз көптеген тапсырмалардан сүрінбей өтуіміз керек.

Жыл бойы алған білімдерімізді көрсетуіміз қажет. Дайынсыңдар ма?

(Осы кезде «Ғажайыпстанға саяхат» мульхикаясынан Елдос пен Аяжанмен танысады.)

Қонақтармен амандасады.

Барамыз, барамыз,

Жарайды көрсетеміз.

Дайынбыз.

Балалар амандасады

Ұйымдастырушылық-ізденушілік.

Елдос: Балалар сендер ойыншықтармен ойнағанды ұнатасыңдар ма? Мен де ұнатамын.

Олай болса бәріміз бірге «Ойыншықтар дүкеніне» саяхатқа барайықшы?

Ойыншықтар дүкеніне келеді.

Педагог: Балалар мына сөредегі ойыншықтар шашылып қалған екен. Кәне дүкеншіге жинап беруге көмектесейік. Мында үлгісі бар екен, соған қарайық.

Бірінші сөреде не отыр?

Неше аю отыр?

Екінші сөреде не отыр?

Неше қуыршақ отыр?

Үшінші сөреде не бар?

Неше доп бар?

Мыналар нелер?

Нешеу?

Не қалып қойды?

Нешеу?

Аяжан :Жарайсыңдар балалар. Әрі қарай жолымызды жалғастырайық.

(Есік соғылады)

Педагог: Балалар бізге біреу жүгіріп келе жатқан сияқты. Ол пошташы қоян ғой келе жатқан. Қоян қорапты береді.

Педагог:қораптың ішіндегі заттарды бір-бірлеп шығарады.

Балалардан мыналар нелер?

Қандай киімдер атап берейікші?

Мына парақшада не жазылған екен?

«Мына киімдерді отбасы мүшелеріне сыйлаңдар» деген екен. (Слайд бойынша көрсетеді)

Мынау не ?

Оны кімге сыйға береміз?

Елдос кім ұл ма қыз ба?

Ал мынау не?

Ал мынау не? Тон кімге?

Ал мынау не? Құлақшын кімге?

Ал әжеге не сыйлаймыз?

Елдос пен Аяжан :Рахмет балалар. Сыйлықтарың бізге ұнады.

Педагог:Балалар , Аяжан, Елдос шаршаған боларсыңдар келіңдер бойымызды сергітіп алайық.

(интерактивті тақта арқылы дене мүшелері тақырыбында сергіту сәтін көрсетеді)

Педагог: Елдос, Аяжан, балалар енді жолымызды жалғастыруға болады.

Елдос: Анау жерде не жайылып тұр көріп тұрсыңдар ма?

Аяжан: Олар шатасып кеткен сияқты, енелеріне төлдерін табуға көмектесейік.

Дидактикалық ойын «Енесін тап» (слайд бойынша берілген тапсырманы орындатады.)

Елдос: Балалар сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма?

Мен де ұнатамын. Келіңдер бәріміз ойын ойнайық , ойын «Артығын тап»- деп аталады. Берілген суреттер бойынша балаларға жемістер мен көкөністердің артығын табуға ұсынады.

Қонаққа шанышқы мен қасық келеді.

Олар бір- бірімен ұрысып келе жатады. Қолдарында шәйнек пен шелек бар.

Қасық: мен керекпін адамдарға.

Шанышқы: жоқ мен керекпін.

Педагог: сендер ұрыспаңдар сендер екеулеріңде балаларға керексіңдер сендерсіз адамдар тамақ жей алмайды.

Ия, ұнатамыз.

Барайық, келісеміз.

1топ:Аю отыр

2топ:Үш аю отыр.

1топ:Қуыршақ отыр.

2топ:Екі қуыршақ.

1топ-Доп бар.

2топ-Төрт доп.

1топ-Текшелер.

2топ-Бес текше бар.

1топ-Мәшина.

2топ-Бір мәшина.

1топ-Киімдер.

2топ-Құлақшын, қолғап, тон, етік, орамал.

Балалар қызыға парақшаға қарайды.

1топ-Қолғап.

2топ-Елдосқа.

1топ-Ұл.

2топ-Етік, ол Аяжанға өйткеніол етік қыздардікі.

2топ-Тон, атаға.

Құлақшынды ағаға береміз.

1топ-Орамал.

Балалар қуанады.

Балалар сергіту сәтін мәтінге сай ырғақтармен орындайды.

Ия, көріп тұрмыз олар үй жануарлары.

Жарайды, көмектесейік.

Балалар енесін атап, төлдерін атап тауып береді.

Әрине, ұнатамы.з

Балалар қуана ойнауға келіседі .

Балалар артығын тауып, оларды қазақ тілінде атайды.Түстерін атайды.

Балалар ыдыстарды атайды, оларға дос болу керектігін айтады.

Рефлексиялық -түзетушілік

Елдос пен Аяжан: Балалар бізге саяхат өте ұнады, ал сендерге ұнады ма?

Олай болса бізге қоштасатын кез келді.

Сау болыңдар!

Педагог: Бізге де саяхат ұнады балалардың көп нәрсе білетінін көрдік, келесі жылы міндетті түрде кездесеміз.

Жарайды сау болыңдар!

Бізге де қоштасатын кез келді сау болыңдар балалар.

Бізге саяхат ұнады. Елдос, Аяжан Сау болыңдар.

Балалар қуанады, қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: өткен тақырыптар бойынша үйренген, білгендерін;

Игеру керек: байланыстыра сөйлеу дағдыларын, қарапайым сөйлемдер құрастыруға, диалог түрінде әңгімелесуге;

Меңгеру керек: сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін ;

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов