Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Мусиева Дина Орысбайқызы

МКҚК №13 «Балапан» балабақшасының

тәрбиешісі

Атырау қаласы

Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Шығармашылық.

Тақырыбы: Білімділер еліне саяхат.

Мақсаты: Каучинг әдісі арқылы қазіргі заманғы техналогияның кейбір әдіс тәсілдерін пайдаланып өткізу. Бұл әдіс тәсілдер балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұжымдық жұмыс арқылы ынтымақтық атмосферасын қалыптастыру, уақытты үнемдеу, барлық баланы түгел қамтып шығармашылығын дамыту. Балалардың шығармашылығын іс әрекет арқылы тәрбиелеу.

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, логикалық тапсырмалар.

Жүру барысы:

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз «Білімділер еліне» саяхатқа аттанамыз. Біздің елде адамдар білімді. « Білімді ел озады» деген. Біз білімдерімізді ортаға салайық. Білімділер елінде адасқан әріптермен сандарды өз ретімен орналастыруымыз керек. Ол жаққа қалай аттанамыз?

Жұмбақ:

Балалардың алдына ұзын,қысқа жолақшалар беремін.

-Алдарыңызда не тұр? (Жолақшалар)

-Жолақшалар қандай? (ұзын,қысқа)

-Ендеше балалар қысқа жолақшадан,ұзын жолақшаға дейін орналастырамыз.

-Барлығы қанша вагон болды. (5)

-Қызыл вагон нешінші тұр? (2)

-Қай вагон 3 ші тұр? (көк вагон)

-Пойызымызды орналастырдық қане жолға аттанайық.

(Балалар саз әуенімен жолға аттанады)

Міне балалар «Білімділер еліне» келдік. Мұнда түстер арқылы төрт топқа бөлініп, білімімізді ортаға саламыз. Әр бала өзінің ұнатқан түсі бойынша кәмпит алады. Қызыл жасыл сары көк. Балалар таңдаған түсіне қарай бірыңғай отырады.

Топ атаулары: «Сиқырлы сандар», «Ақылды қалпақтар», «Сиқырлы пішіндер», «Достық»

Тәрбиеші : Балалар бізге ертегілер елінің кейіпкерлері кездесу керек алдымен тапсырманы орындауымыз керек.

1-топ «Сиқырлы сандар»

Ойын: «Өз орныңды тап»

Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, есте сақтау қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Балалар реттік қатармен тура және кері санайды. Саз әуенімен билеп орындарын ауыстырады. Әуен тоқтағанда әр сан өз орнын тауып алады.

Экранға ертегі кейіпкерлері шығады.

-Бұл қай ертегі кейіпкерлері? (Балалардың жауабы)

2- топ «Ақылды қалпақтар» сендрге ертегі кейіпкерлерінің мынадай тапсырма бар.

Ойын: «Сандық ретімен әріптерді орналастыр».

Мақсаты: Өтілген әріптерді еске түсіру, сөз құрау, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.

«Тас», « Отан», «Ана» сөздері.

Осы ертегі желісі бойынша үшінші топқа тарсырма беріледі.

3- топ «Достық» тобы.

Қане атайық та, санайық,

Ойнайық та, ойлайық,

Шешпей оны қоймайық.

-Ертегіде қоянға нелер көмектесті?

(Балалар атайды экранға қоянның достары шығады.)

-Қоянның неше досы бар екен?(5)

5- саны туралы қандай мақал мәтел, тақпақ санамақ білеміз?

Мақал:

1. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

2.Бес бармақ бірдей емес.

Санамақ:

Бір дегенім -бірлік,

Онсыз болмас- тірлік.

Екі дегенім- еңбек,

Еңбек бәрін- жеңбек.

Үш дегенім- үлес,

Үлес үшін- күрес.

Төрт дегенім- терме,

Тұрған жақсы- ерте.

Бес дегенім- білім,

Сан үйреніп- келем.

Төрттен кейін бесті,

Білу оңай десті.

Санашы бір қолыңның саусағын

Оңай табасың бесті.

Міне көрдіңдерма сендердің білімдеріңе ертегі кейіпкерлері рахметін білдіріп жатыр. Бұл елде ертегі кейіпкерлерінен басқа сиқырлы пішіндер де бар екен. Экранға пішіндер шығады.

4-топ. « Сиқырлы пішіндер»

Топ балаларына Сиқырлы жіптер беріледі. Сол жіп бойынша геометриялық пішіндер шығарады.

Сергіту сәті:

4-топ басшыларына тапсырма.

-Балалар Білімділер елі қайда орналасқан? (Орманда)

- Орман деген не? (Омрана көп ағаштар өседі. Шырша, емен,қарағай т.б. Аңдар мекендейді.)

Ойын: «Не қайда мекендейді?» Бұл ойында топ басшылары ортаға шығады. Әр топ басшысы аңды өз мекеніне орналастырып сипаттайды.

«Миға шабуыл». 4-топқа логикалық сұрақтар беріледі.

1-топ. «Сиқырлы сандар»

Ағашта 5-құс отыр, оның 2-і ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?

(Жауабы: 3)

3- санын қандай жолмен таптыңыздар?

5-2=3.

(Балалар шығару жолын айтады.)

2-топ. «Ақылды қалпақтар»

Себетте екі алма.

Табақта үш алма.

Қосқанда барлығын,

Болады қанша алма? (Жаубы-5)

3-топ «Достық»

Қағаздан қиылған геометриялық пішіндер беріледі. Балалар айналадағы заттардың қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын айтады.

Тәрбиеші балаларға пішіндердің екеуін біріктіріп, бір бейне шығаратындарын айтады.

Балалар екі пішінді біріктіріп «үй», «қарындаш», «ағаш»жж құрастырады.

4-топ «Сиқырлы пішіндер».

«Ойлан, тез жауап бер» Тәрбиеші сұрақ қояды балалар «иә», «жоқ» деп тез жауап береді.

Мысалы:

-Мысықтың құйрығы 1-еу (иә)

- Лимонның дәмі қышқыл (иә)

- Мысық аспанға ұшты (жоқ)

- Ана деген сөзде үш дыбыс бар (иә)

Қорытынды: «Не білдік, не үйрендік?»

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер –дей келе балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміз сіздерге ұнады ма?

Балаларға түрлі смайликтер беріледі. Балалар осы смайликтер арқылы оқу іс әрекетін бағалайды.

Білімділер елі сіздерге риза. Балаларды мадақтайды, саз әуенімен топқа оралады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ