Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

ОІЖО_____ М.Тулепова 6 сынып № 9 сабақ Күні__________

Сабақтың тақырыбы: Призма түріндегі бөлшектердің эскизі мен сызбасы, цилиндр пішінді бөлшектердің графикалық бейнесі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды призма және цилиндр пішінді бөлшектің сызбасы туралы мағлұматтармен таныстыру.

а) Білімділік: Сызбаларды оқуды үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды сызбалық саймандармен жұмыс істеуін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнек-құралдар: Шеге, бұрандалы шеге, бұранда,күрек, ағаш балға.

Үй тапсырмасын сұрау :

Жаңа сабақ:

Бір нәрсе жасау немесе жөндемес бұрын жасалатын бұйым мен жұмыс барысын көз алдыңа елестету керек. Егер жұмыс күрделі болса, дайындаманың эскизі мен сызбасын әзірлеп алу қажет.

Материалдарды өңдеу кезінде призма және цилиндр пішінді бөлшектер жиі кездеседі.

Жұқа тақтайлар, жалпақ тілік тақтайлар, жәшік қабырғалары, жақтаудың қырлы ағаштары призма болады.

Шеге, бұрандалы шеге, бұранда, күрек, ағаш балға, қалақ пен егеулердің саптары, үстел мен орындықтың дөңгелек аяқтары және басқа бұйымдар цилиндр немесе конус болады.

Эскиз – бұл бөлшек элементтерінің пропорциясы сақталып салынған бұйымның алдын ала суреті.

Техникалық сурет-заттың көрнекі бейнесі, көз мөлшерімен , аспапсыз, сызбаны рәсімдеу тәртібі бойынша орындалады. Қажет болған жағдайда оның сыртқы өлшемдері, жасалған материалы көрсетіледі.

Сызба- сызу аспаптарымен орындалған бұйымның бейнесі, оның мәліметтері бұйым жасау, бақылау және сәйкестендіру үшін қажет.

Сызуды дұрыс оқу үшін затты жазықтық бетінде бейнелеу ережесін, сондай –ақ сызуды орындау үшін қабылданған шартты белгілеулерді білу қажет.

Көрініс- бөлшектің көрінетін бөлігінің бейнесі. Алдыңғы көрініс бұйым туралы жалпы мағлұмат береді, негізгі болып табылады және сызбаның сол жағында орналасады. Бүйір және жоғары көрінісі оң жағында жоғарыдан қараған көрінісі алдыңғы көрініс астында сызылады.

Сызбада бұйымның конструкциясын анықтауға болатын көріністері ғана бейнелейді. Негізгі жазу сызбада төменгі оң бұрышында орналасады және бөлшектің атауы, оның пайдалану мақсаты, дайындауға жататын аттас бөлшектердің саны туралы түсінік және материал туралы мәлімет береді. Бұйым жасау үшін сызбада оның негізгі өлшемдері беріледі. Оған бөлшектің ұзындығы, ені , биіктігі жатады. Сондай –ақ, бөлшек саңылауының, ойығының, фаскасының және басқа элементтерінің өлшемдері беріледі.

Сызбадағы бөлшектің бірнеше саңылауының бірдей өлшем саны беріліп, бір саңылауға ғана өлшем түсіріледі.

Көптеген бұйымдар өзара біріккен әртүрлі бөлшектен құралады. Мысалы: ағаш балға, сөре. Екі және одан да көп бөлшектен тұратын бұйымдар сызбасын құрастыру сызбасы деп атайды.

Сабақты қорытындылау:

Бекіту:

1 Заттың негізгі қандай үш түрін білесіңдер ?

2 Қандай көрініс негізгі болып табылады ?

3 Затты техникалық сурет деген не ?

4 Техникалық сурет деген не ?

5 Сызба деген не ?

6 Бөлшектің негізгі өлшемдерін атаңдар ?

Үй тапсырмасы : §8 33-37 бет

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ