Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақ тақырыбы: Дауысты дыбыстар

Лексикалық тақырып: Жемістер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыға дауысты дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру. Жемістер туралы білімдерін молайту.

Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелігі:

Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу

Түзету мақсаты: Жалпы және ұсақ моторикасын дамыту

Дыбыстық - әріптік талдау: Сөзді буынға бөлу

Көрнекілігі:кеспе әріптер, үлестірмелі суретттер, көкөністер суреті

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушы назарын сабаққа аудару.

Тыныс алу жаттығулары:

«Салқын жылы жел»

« Құрбақа»

«Пілдің тұмсығы»

Артикуляциялық жаттығулар:

«Күрекше»

«Сылақшы»

«Ине»

Жаңа тақырып

-Дауысты дыбыстар туралы түсінік беру.

-Кесте пайдаланады. Дауысты дыбыстар.

-А,ә,и,о,ө,е,э,у,ү,ұ,ы,і

Осы дыбыстарды жеке айтқызу.

-қалай айтылатынын сұрау.

Дауысты дыбыстар кедергілерге ұшырамай созылып, әндетіліп айтылатының түсіндіру. Сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады.

Жемістер туралы түсінік беру

- дала,алма сөздеріне дыбыстық талдау жасату

-Д- дауыссыз дыбыс

-а-дауысты дыбыс

-л-дауыссыз дыбыс

-а-дауысты дыбыс

Жұмбақ жасыру:

Сырты тәтті

Іші тәтті,

Ортасы сүйек қатты?

(Өрік)

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күз жеткенде

(Алма)

-Тағы қандай жемістерді білесіңдер?

Алмұрт, лимон, банан, шие, алша, алхоры, шабдалы, өрік, ананас, банан, апельсин, киви.

Жемістердің атауларын буынға бөліп, сөздегі бірінші және соңғы дыбыстарын анықтау.

Ши-е, шаб-да-лы, ман-да-рин, ки-ви.

Мысалы:

Шие; Ш-дыбысы бірінші дыбыс, Е дыбысы соңғы дыбыс

Шабдалы; Ш-дыбысы бірінші дыбыс, Ы дыбысы соңғы дыбыс

Жемістердің адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы айту.

Жемістер мен көкөністердің айырмашылығын ескеру.

Жемістерге не? деген сұрақ қоямыз.

Ал көлемін, пішінін, түсін, дәмін анықтау үшін қандай? деген сұрақ қоямыз.

Мысалы: Не? Алма, лимон

Лимон қандай? Сопақша, сары, қышқыл.

Алма қандай? дәмді, дөңгелек, сары

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Түлкі, қоян, тауық, қасқыр

Алма, пияз, банан, шие

Өрік, қызанақ, сәбіз, қияр

Зат есімді жекеше түрден көпше түрге өзгерту

Алма-алмалар

Алмұрт-алмұрттар

Банан-банандар

Шабдалы-шабдалылар

Шие-шиелер

Сюжетті суреттермен жұмыс.

Жемістер бейнеленген суретпен жұмыс.

Мақсаты:Кеңістікті бағдарлауын дамыту.

Шарты:Қай жемістер оң жақта, қайсысы сол жақта, қайсысы ортасында орналасқанын табу.

Сергіту сәті.

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс

Жаңбыр басталды

Күн ашылды.

Ұсақ моторикасын дамытуға арналған тапсырмамен жұмыс

«Құлып» жаттығуы.

Қорытындылау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ