Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы:«Наурыз – жарқын жыл басы»

Мақсаты: балаларға «Наурыз» мерекесі жөнінде түсінік беру, білген-дерін толықтыру, мерекеде айтылатын ұлағатты сөздерді, салт-дәстүрді құрметтеуге, дәріптеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Наурыз туралы суреттер, нақыл сөздер, ұлттық нақышты дәріптейтін бұйымдар. Жүргізуші: Армысыздар халайық! Өшкен шырақ жағылсын,

Бармысыздар балалар! Көктемнің әрбір ақ таңы,

Наурыз тойын жұп болып, Қуаныш, жақсылықпен

Жылда қарсы алайық. ашылсын!

Құрметті қонақтар, балалар! Қазағымның Жаңа жылы, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Жыл басы Наурыз баршамызға жаңа бақыт, жаңа табыс, жаңа денсаулық әкелсін деп тілейміз. Біздердің кішкентай бүлдіршін-деріміз сендерге арнап өздерінің өнерлерін көрсетпекші, соны тамашалаңыздар. Ән: «Наурыз той» Ән: «Наурыз» Бала: Наурыз құтты болсын ағаларға

Наурыз құтты болсын аналарға!

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурыз құтты болсын баршамызға!

Бала: Наурызым – тойлы, нұрлы күн,

Жерімнің жүзін жылыттың

Мерейің асып тұр бүгін.

Елімнің сақта бірлігін.

Бала: Наурыз той - көктем тойы, көңіл тойы,

Жақсылық болса дейтін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт, байлық,бақ көбейсін!

Бала: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.

Жарығымен, шуағымен Күн-Ана,

Алып келді жер бетіне гүл-көктем.

Бала: Осыншама жақсылық Төрлет бізге нұр болып,

Алып келген Наурызым Шуақ шашып ақ жүзің. Бала: Кеңінен елге тараған, Еңбек, шаттық, жыл басы,

Негізі ерте қаланған Наурыздан басталған. Бала: Наурызым күткен көктемсің Жеріме лебің гүл болып

Көгімнен ұшып жеткенсің. Еліме бақыт жеткерсін. Бала: Ата – бабам тойлаған Қызығына тоймаған

Наурызым армысың. Дархан дала, қарлы шың. Бала: Наурыз- гүл көктем, Күлімдеп күн көктен,

Сәнді ай арайлы. Нұр шашып қарайды. Бала: Бусанып жерім бай, Наурыз-көңілді ай,

Төсінде қалқыр ән. Шаттығы шалқыған. Жүргізуші: - Балалар, халық ауыз әдебиетінде мазақтамалар бар екен. Кім мазақтамалар біледі. Бала: Берекесіз Назарбек Кердең қағып үйіне

Бес ешкісін баға алмай, Кетіп қалды қарамай! Бала: Ислам, жақсы баласың, Айтқан тілді алмасаң,

Айтқан тілді аласың. Арам қатып қаласың.

Жүргізуші: - Жеті қазынаны кім атайды? Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, берен – мылтық, жүйрік ат, қыран – бүркіт. Жүргізуші: - Кім жеті атасын біледі? Нұрасыл сен айтшы. Жеті ата: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

«Қыз бен жігіт» айтысы.

Бала: Туған елім армысың,

Туысқандар бармысың.

Амандығы елімнің,

Балалық бүл алғысым.

Қыз: Сәлем бердім халқыма,

Мына отырған жалпыңа.

Бүлдіршіндер біз келдік,

Қанат қағып талпына.

Бала: Туған жерім тым ыстық

Тасып жатқан ырыс-құт.

Елімізде болса екен,

Бақыт, шаттық, тыныштық.

Қыз: Бізде байтақ дала бар,

Бізде әсем қала бар.

Қуанышым көп болсын,

Жыламасын балалар.

Бала: Мектебім менің мекенім,

Сені мақтан етемін.

Үйге барсам кешкілік,

Сағынып сені кетемін.

Қыз: Мектебімде бау болсын,

Ұл мен қызың тау болсын.

Бізге ақыл үйреткен,

Апайымыз сау болсын.

Екеуі: Елімізде болмасын,

Таршылық пен тапшылық.

Әрқашанда болсыншы

Елімізде жақсылық. Жүргізуші: - Жан қалмасын жәй тұрған Күй шертілсін, ән айтып,

Мәз болсын жас, кәріміз. Би билейік бәріміз. Би: «Қара жорға» Би: «Қамажай» Би: «Көңіл ашар» Би: «Боз жорға» Жүргізуші: Ән салып, би билеп шаттаныңдар

Тұсау кесу тойын бірге атқарыңдар.

Жадырасын бұл күні бүкіл өмір,

Жығылмасын бәйгеде шапқан ұлдар7 -деп ойынымызды бастаймыз. Ойын: «Арқан тарту» Ойын: «Қыз қуу» Ойын: «Оқтау тартыс» Жүргізуші: - Дастархан-ау дастархан

Берекелі дастархан ,- демекші сіздерді дәм татуға шақырамыз. Бата. Әумиін десең, міне,бата, Бәле – жала жерге енсін. Дарысын Қыдыр ата. Бақ берсін. Бас берсін, Ұлыс бақты болсын, Өміріңе ұзақ жас берсін. Төрт түлік ақты болсын. Өркенді болыңдар, Ұлыс береке берсін, Өнерлі болыңдар, Әумин! Жүргізуші: Ән қосылсын әніңе Ой қосылсын ойыңа

Сән қосылсын сәніңе Бой қосылсын бойыңа!

Ырысты боп жаңа жыл Аман есен жетейік

Бақ қосылсын бәріңе Келер «Наурыз» тойына. - дей отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ