Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау қаласы

Н.К.Крупская атындағы №18 орта мектеп

Пән мұғалімі: Шалкарова Эльмира Утеулиевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Сыныбы:11

Пәні:қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ақұштап Бақтыгерееваның «Наурыз» өлеңі

Сабақтың мақсаты:Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет өкілдерінің

шығармашылығынан мағұлмат беру

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларға А.Бақтыгерееваның өмірі мен шығармашылығын

таныту;ақын өлеңін жан-жақты талдау арқылы өлеңдегі негізгі

ойды ұғындыру;

2.Дамытушылық: Өз ойларын жеткізу,еркін сөйлеу дағдыларын

жетілдіріп,шығармашылық қиялын ұштау;

3.Тәрбиелік: Ақын өлеңі арқылы тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін

түсінуге,салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау,мәнерлеп оқу,ойбөліс,сөзталас,сын

тұрғысынан ойлау, сатылай кешенді талдау,

Венн диаграммасы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,Қазақстан тарихы,музыка.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиа, слайд материалдары, кітаптар, кестелер,

кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:

1.Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын тексеру;

2.Оқушы зейінін сабаққа бұру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

1.Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет өкілдерін ата.

2.Ел тәуелсіздігін ту еткен поэзиялық шығармаларды ата.

3.Ұнаған ақынның бір шығармасын жатқа айтып, өлеңннің мағынасын

түсіндір.

4. «Тәуелсіздік-тағдырдың сыйы» тақырыбында эссе жазу.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

Қызығушылығын ояту:

«Ой қозғау» стратегиясы

Наурыз мерекесі туралы слайд материалдарын көрсету (күй ойналады)

Сұрақ:

-Оқушылар, слайдтан көргендерің туралы не айтасыңдар?

-Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?

-Еліміз қашаннан бері наурыз мерекесін тойлайды?

-Ендеше,бүгінгі сабағымызда тәуелсіздік тұғырын биіктеткен,ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгереева ақынның «Наурыз»өлеңіне тоқталамыз.Алдымен ақын апамыз туралы сөз қозғасақ...

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетілімі арқылы оқушыларға А.Бақтыгереева туралы мағұлмат беру.

«Наурыз» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Қазақ тілі сабағында өтіп жатқан « Ойбөліс» тақырыбымен байланыстырып, дөңгелене отырған оқушылар «Наурыз» өлеңі туралы өз ойларын ортаға салады.

IV.Білімді бекіту:

«Ойбөліс» Мағынаны тану

Тапсырмалар:

1.Өлеңннің әр шумағындағы ақынның айтар ойын өз ойыңмен байланыстыра әңгімелеңіз.

2.Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңыз.

«Сөзталас»

«Наурыз-халқымнның мерекесі»

«Жаңа жыл мерекесі Қазақстанда 1 қаңтарда тойлануы дұрыс па?»

3.Венн диаграммасы

Ақұштап Бақтыгерееваның «Наурыз» өлеңі мен Айсұлу Қыдырбаеваның «Армысың, Наурыз!» өлеңін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығына тоқталу.

V.Қорытынды:

Наурыз батасын кім біледі?

Тәуелсіз елімізге құт-береке дарысын деген Наурыздың ақ батасымен бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе ,болашақтан зор үміт күтіп отырған түлектер бір-бірімізге деген ақ тілегімізді білдіріп,қол алысайық.

VI. Үйге тапсырма:

1. «Наурыз »өлеңін жаттау

2. А.Бақтыгерееваның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақ

Жайықтың ақ шағаласы» тақырыбында эссе жазу.

VII. Бағалау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ