«Нар» сөзінің «Тәуекелге нар едің» тіркесіндегі мағынасы – А) кеңпейіл B) батыл C) епті D) жігерлі Өлең мәтініндегі Әбіштің бақилық болғанын танытатын сөз тіркесі – А) қайтыс болған B) марқұм C) кешегі өткен D) дүниеден озған Әбдірахман Абайдың кімі екенін көрсетіңіз. А) ұлы B) інісі C) досы D) ағайыны «Кешегі өткен ер Әбіш» өлеңінің соңғы тармақтарында танылатын ақынның көңіл күйін белгілеңіз. А) ұлын ерте алған Аллаға реніш B) өзін сабырға шақыру, тәубе қылу C) опасыз дүниеден түңілу D) өзі де өлімге бекіну «Кешегі өткен ер Әбіш» өлеңіндегі «жүрек» сөзімен жасалған сөз тіркестерін көрсетіңіз. А) ет жүрек, сорлы жүрек B) асау жүрек, үрпиген жүрек, дертті жүрек C) кірлетпей кетті жүректі, жүрегі жылы D) ынталы жүрек, сұм жүрек, мұз жүрек Өлең жолындағы көркемдік тәсілді анықтаңыз.
Жасқа жас, ойға кәрі едің. А) метафора B) эпитет C) антитеза D) кейіптеу Өлең жолындағы көркемдік тәсілді анықтаңыз.
Жүрегі жылы, бойы құрыш. А) эпитет B) метафора C) теңеу D) кейіптеу Өлең жолдарынан Әбіштің қандай қасиеті ашылатындығын көрсетіңіз.
Ойламаған өлімнен Жасқанамын демепті. А) иманы кәмілдігін, ажалға сабырлылығын B) кішіпейілдігін, сыпайылығын C) қайсарлығын, көнбістігін D) жігерлілігін, сырбаздығын Әкенің перзентіне деген шексіз махаббаты, өзек жарды өкініші танылатын тармақтарды белгілеңіз. А) Тағдырға тәбділ бола ма, Сабырлық қылсақ керек-ті. B) Боямасыз ақ көңіл, Кірлетпей кетті жүректі. C) Замана неткен тар едің, Сол қалқамды қоймаған?! D) Ерлікке де бар едің, Үйренуді қоймаған. Абайдың Әбіш туралы өлеңдерінің жанры – А) ода B) баллада C) жоқтау № D) толғау |