Жыл басы -Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат
беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі,
ұлттық бұйымдар.
Барысы:
І Кіріспе
Мейрам
өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен
келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:
«Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы- наурыз!»
«Наурыз құт
әкелсін!»
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші:
Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты
болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу
шашады)
Наурыз
қыз:
Наурыз
тойы-береке,
Наурыз
тойы-жыр аңыз.
Қызып
дулы мереке
Қызық
думан құрамыз.
1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы
халықтың,
Құтты болсын
қадамың!
2 бала: Би биледік бәріміз!
Егін өңін
толқытқан,
Елдің көңілін
шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!
3 бала : Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар
салып,
Сәлем бердік,
біз сізге!
ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа »
ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді
тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында
қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал:
Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым
қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым »
деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып
отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып
барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес,
балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал:Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген
ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай
бересің?
Шал: Баламның
жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын
іздеп келгенде өзің ұстап ал.
-
Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып
береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан
алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды
алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра
алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің
ал.
Бала
еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар
Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек,
қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы
кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің
артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек
болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар:Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы
тақтақ айтып беріңдер.
(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті
жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді
өнерлеріңді көрсетіңдер
( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім
көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Енді, жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс
тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?
( Айтыс өнерін көрсетеді)
Мыстан:Өй, сендерде ақындарда
бар екен ғой.
Қыздар: Кенжебекті енді
жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін,(ойланып тұрып)
қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар ойналады.
Мыстан:Қандай күшті балалар.
Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон
, мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын
ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әенл бері көрейін.
Мыстан
телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
-
Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды!
Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе
жатқан батыр кім болда екен?
(
Тақтақтатып Махамбет келеді)
Махамбет: Мына халық не үшін жиналған?Ел басына тағы
қандай күн туды
деп ат басын бұрып едім.
Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр.
Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр.
Төрге шығып
тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.
-
Балалар Бұл кісі Махамбет батыр , өзі ақын, ел басына
небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі.
ІІІ. Қорытынды:
Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға
бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз
да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Қызыр ата
батасын береді.
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау,
мықты болсын!
Наурыз тойы
келе берсін!
Барлық халық
бақытты болсын,
Қош ,сау
болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн
жарық болсын!