Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Атырау қаласы

Жұмыскер кенті

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің мектепалды дайындық сынып мұғалімі

Мамыртаева Балкенже Тлеуліқызы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы
Білім беру саласы :Қатынас

Білім беру көзі:Сауат ашу

Тақырыбы: Щдыбысы мен әрпі

Мақсаты:Щ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды щ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу. Олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2.Балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту. Ойын арқылы ой- өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Көрнекілігі : Кеспе әріптер, Суреттер т.б

Әдіс-тәсілі :түсінік беру, сұрақ-жауап, ойын түрі, ребус шешу

Іс - әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері Балалар, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектерімен, жылы лебіздерін білді реді.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Жаңа тақырыпты хабарлау

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстар қалай аталады ?

Ал дауыссыз дыбыстар ше ?

Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейді ?

Әріп дегеніміз не ?

Жұмбақ шешу.

Атқарады талай-талай ісіңді

Тазалайды киіміңді, тісіңді.

Щетка сөзі қай дыбыстан басталып айтылады?

Щ дыбысы туралы түсінік беріледі

Щетка сөзіне дыбыстық талдау жасау.Кеспе әрәптер арқылы борщ және плащ сөздерін жаздырту.

Жаңылтпаш

Бұрыштың дәмі ащы ма

Борщтың дәмі тұщы ма

Дид. ойын «Кім жылдам»

Шарты: щ дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру, сөз ойлау.

Щетка туралы өлен оқу.

Щетка, щетка , щеткалар

Неше түрлі щетка бар

Бірі тісті жуады

Бірі шаңды қуады

Ащы көлде жоқ балық

Тұщы көлде көп балық

Ал балалар аулайық

Сол балықты топталып

Бұл өлең не туралы айтылған

Ащы, тұщы, борщ сөздеріне дыбыстық талдау жасату

А

Щ

Ы

Т

Ұ

Щ

Ы

Б

О

Р

Щ

Тәжірибелік жұмыс

Балалардың алдына су және жуа қойылады.Заттардың дәмін татып

Тақтаға ащы және тұщы сөздері жазылады

Судың тұщы , жуаның ащы екенін қалай сездіңдер

Тіл адамның қандай мүшесі екен

Сергіту сәті.

бір, екі, үш

Жинап алдық күш

төрт, бес, алты

Бой жазамыз мықты

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Көрсетілген үлгіге

Әдемі етіп жазайық

Дәптермен жұмыс

Жазу жұмысы :

Үлгі бойынша щ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазу. Щ дыбысын қатыстырып, сөз құрастыру

«Сөйлем құра» тапсырмасын орындау

Бейнесөзді шешу

ТША

НА

Ш

Т

Л

Сөз құрастыр тез құрастыр

Щ Ы А

Ы Т Ұ Щ

Т А Е Щ К

У Ы О Ш Қ

У Ы

О

Ш Қ

Т Щ

Ұ Ы

Т А

Е Щ К

Щ Ы

А

Кубиктерге жазылған сөздерді оқып сөйлем құрастыру

1.Жайықтың суы тұщы

2. Апам щеткамен киімін тазалады

3.Жуаның дәмі ащы

ТҰЩЫ

ЩЕТКА

АЩЫ


Сұрақтарға жауап береді

Жұмбақтың шешуін табады

Тіл жаттықтырады

Щ дыб. Сөздер ойлап мысал келтіреді

Ащы , тұщы көл туралы

Қимыл қозғалыспен орындайды

Дәптердегі тапсырмаларды орындайды

Тілмен

Дәм сезу мүшесі

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

Сұрақ жауап әдісі арқылы сабақты бекіту

Қойылған сұрақтарға жауап береді

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ораз Бақтылы Қасымқызы

Сабақтың тақырыбы: Щ щ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Щщ дыбысы мен әрпін таныту, Щ әрпі бар сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

· Щщ дыбысы бар жаңа сөздерді таныстыра отырып, оқушылардың тілін дамыту, жаңа, тың ақпараттар бере отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту.

· Сабақта оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

· Көрнекілігі: әріптер кассасы, кеспелер, интерактив тақта, суреттер.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Тәсілдері: талдау-жинақтау, дидактикалық ойындар, топтық жұмыс.

Технологиясы: дамыта оқыту.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. (Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығу)

· Балалар, біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады. Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады. (Қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шығады,гүлдер жайнап ашыла бастайды.

· Балалар, осы гүлдер ненің бөлігі?

· Гүлдер -табиғаттың бір бөлігі.

· Ал, сендер тағы да табиғат туралы білгілерің келе ме?

· Иә

· Олай болса, балалар, біз қазір Мақсаттың хабарламасын тыңдайық. (Интерактив тақтадан сабақ тақырыбы мен Балқаш көлінің көріністері көрсетіледі). Мақсат қысқаша Балқаш көлі туралы, оның батыс бөлігінің тұщы, шығыс бөлігінің ащы екенін айтады.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.

Тұщы, ащы сөздеріне дыбыстық талдау.

Тұ-щы, а-щы (мыс. Екі буын, екі дауысты дыбыс, жалпы 4 дыбыс) кеспе әріптермен тақтада жазу.

а) Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?

(Дыбысты айтамыз,естиміз. Әріпті жазамыз, көреміз).

ә) Дыбыстардың қандай түрлері бар? (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

б) Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Олар қалай айтылады, қандай ерекшелігі бар?

в) Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Олар қалай айтылады, қандай ерекшелігі бар?

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Щеткалар айтысы» мәтінін сахналау. Қорытынды идея: тазалыққа шақыру. (* тарату)

Ш-Щ салыстыру, топтарға тапсырмалар: бұры ..., тұ...ы, а...ы, қылы..., бор..., кі...і

ІҮ. Жаңа білім

а) Слайд көрсету

- Мынау не?

- Орамжапырақ

- Мынау не?

- Картоп

- Мынау не?

- Қызылша

- Мынау не?

- Пияз

- Осыларды бір сөзбен не дейміз?

- Көкөністер дейміз

- Осы көкөністерден аналарың қандай ас әзірлейді ?

- Борщ (1 буын, 1 дауысты дыбыс 3 дауыссыз дыбыс)

ә) Щ щ әрпінің баспа және жазба түрлеріне тоқталу. Щ әрпінің үлкенінің кеспе түрін әріп кассасына салу.

б) Щ әрпінің сөз басында, ортасында, соңында келетініне мысал келтіру.

щетка

щи

ащы

тұщы

борщ

в) «Түскі ас» Сурет бойынша әңгіме.

- Мынау кім?

- Мынау Нағима апа.

- Ол не істеді?

- Ол борщ пісірді.

- Борщқа қандай көкөністер қосты.

- Борщқа орамжапырақ,картоп,пияз,қызылша қосты.

- Борщ қандай болды?

- Борщ дәмді болды.

г) «Адасқан буындар» ойыны. Топтық жұмыс.

Ү. Сергіту сәті.

Бір, екі, үш

Демаламыз жинап күш.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

Щ әрпінің баспа түрі мен жазба түрін салыстыру.

Щ дыбысының үлкен әрпін үлгі бойынша жаздыру.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

«Түскі ас» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру.

ІХ. Балаларды мадақтау.

Кім көп жұлдызша жинады?

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов