Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

№1 мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық

сыныбы тәрбиешісі Жантумина Янжу Мұхамбетжанқызы

Дд дыбысы мен әрпі

Білім беру саласы:«Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Дд дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.Д дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік жұмысын жүргізу. Д дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату. «Д» дыбысын есте сақтау үшін мақал-мәтел жаттатқызу, ауызекі сөйлеулерін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе әріп таңбасы, текшелер, домбыра, доп суреттеріт.б.

Билингвалдық компонент: алма-яблоко-apple, әже-бабушка-grandmother,бала-ребёнок-baby, нан-хлеб-bread, орындық-стул-chair, орындық-стул-chair, қоян-заяц- rabbit.

Іс- әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

І .Ұйымдастыру

Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей , бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге.

«Миға шабуыл».

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Мнемокестеарқылы «Көңілді қыс» тақпағын айтқызу.

-Қыс мезгіліндегі ауа-райындаға өзгерістерді айтайықшы?
-Дұрыс айтасыңдар балалар қыс мезгілінде күн салқын болғандықтан бүгін мен сендермен «Көңілді доп» ойынын топта ойнағым келіп тұр.Сендер ойнағыларың келеме?
Ойын: «Көңілді доп».

-Сауат ашу пәнінен біз не үйренеміз?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс нешеге бөлінеді? Қандай дыбыстар болып?

-Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

-Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?

Дыбысты біз не істейміз, ал, әріпті ше?

-Дауысты дыбыс қалай айтылады, ал, дауыссыз дыбыс ше?

Үш топа бөлініп отыру.

1 топ- «Дауыстылар» тобы

2 топ-«Дауыссыздар» тобы

3-топ «Әріптер» тобы

Топ ережесімен тансыстыру.

Шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қосылып айтып,

«сәлеметсіздерме»- деп қонақтармен амандасады.

Көңілді қыс
Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.

Ойын кезінде балалар тәрбиешінің добын қағып алып, қойған сұрақтарына жауап береді.

Топтарға бөлініп отырады.

Топ ережесін естеріне түсіреді.

Ұйымдастырушы-ізденушілік кезең


ІІ. Негізгі бөлім.

Таңғажайып сәт:(Дымбілмес келеді). Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бізге ертегідегі Дымбілмес қонаққа келді.
Дымбілмес сиқыры сандық ала келді.

Сандықтағы суреттердің

қандай дыбыстан басталып тұрғанын және үш тілде қалай аталатындығын біле амай шатастырып ағандығын айтып сендерден көмек сұрай келіпті.

- Дымбілмеске көмектесеміз бе, балалар?

Дымбілмес: Балалар мен шыныныда да ештеңе білмейді екенмін, мен сендерге қонаққа келіп көп затты үйреніп алдым.

-Рахмет сендерге.

«Ой қозғау».

Жұмбақтар:

Бір түймелі, екі желілі,
- Күйдің көрігі,

Әннің көлігі.

(Домбыра).

Сол аяқ пен оң аяқ

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.

(Доп)

-Домбыра, доп деген сөздердің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
-Д дыбысы.
-Өте дұрыс.Қане, бәріміз бірге айтайықшы , қалай айтылып тұр?
-Дыбыс еркін шықтыма аузымыздан?
-«Д» дыбысын айтылуына қарай қандай дыбысқа жатқызамыз?
- Д дауыссыз дыбысқа.
- Балалар, мынау Д дыбысының баспа түрі. «Д»дыбысының әріптік таңбасын ауада жазу.

Д дыбысына байанысты бейне жазба көру.

«Доп» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті.

Ойын: «Дыбысты анықта»

Шарты: Д дыбысынан басталатын сөздерді айтса қол шапалақтау, а дыбысынан басталатын сөздерді айтса аяқтарын топылдату.

Дәптермен жұмыс.

Суретеден д дыбысын тауып сөздің қай жерінде кездесетінін сұрау.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша д әрпінің баспа түрін жазады.

Тапсырмалар орындау.

Дауыстылар тобы: «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды. Үстел үстіне бірнеше заттар қойылады.Ішінен д дыбысынан басталатын затты таңдап, сөйлем құрайды.

Дауыссыздар тобы: көк шарлардың ішінде жасырылған тапсырмалар орыындату.«Домбыра», «Дәптер», «Дәрігер»,«Доп», «Дала» сөздерін буынға бөлу.

Әріптер тобы: Топтың суретін бірігіп бояу.

Дымбілмеспен амандасып , оның тапсырмасын орындайды.

Сиқырлы сандықтың ішіндегі суреттердің

қандай дыбыстан басталып тұрғанын және үш тілде айтып береді.

Жұмбақтардың шешуін тауып, сөздердің басында «д» дыбыс естіліп тұрғанын айтады.

Дауыссыз

Көк түспен белгіленіп тұр.

Ауада жазады.

Д дыбысына байанысты бейне жазбадан естіен сөздерін айтады.

«Доп» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Сергіту сәтіне ұйымшылдықпен қатысады.

"Д" дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыс кездесетін нәрселердің суреттерін көрсетіп, дыбыс сөздің қай жерінде кездесетіндігін айтады.

Тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

ІІІ. Қорытынды

Мақал- мәтелдер жаттау.
1. Дені саудың – жаны сау.
2.Достық – алтыннан да қымбат

Топтарға бірнеше суреттер беріледі солардың ішінен д дыбысынан басталатын заттардың суреттерін табады.

"Д" дыбысын есте сақтау үшін мақал- мәтелдер жаттайды.

Берілген суретерден «д» дыбысынан басталатын заттардың суреттерін табады.

Біледі: Топпен жұмыс жасай біледі. «Д» дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленетіндігін.

Игерді: Жаңа сөздерді,қонақтарды ілтипатпен қарсы алуды

Меңгереді: «Д» дыбысын меңгереді.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов