Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Атырау облысы.

Индер ауданы, Индербор кенті.

МКҚК "Балдаурен" бөбекжайы.

II-санаты тәрбиеші:

Сагидуллина Самал Батырхановна.

«Мен өз отбасымды жақсы көремін»

Дөңгелек үстел.

Мақсаты:1.Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы - әр адамның шағын Отаны,балаларға әке - шеше, бауырдың қадірін түсіндіру.

2. Балалар әке - шешесінің қамқорлығына, сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік қасиеттерін алып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

3.Балалардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің қорытындысы негізінде балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына ата-аналармен бірлесе отырып психологиялық жағдай жасау.

Міндеті: - Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу; дамыту. Ата-ана мен бала арасында сүйіспеншілікті одан әрі дамыту;татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

.

Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу қарындаштар, қалам, таза парақ, ватман, шарлар, қайшы, желім, жаңа технология-презентациялар, өлеңжұмбақ, ойындар.

Билингвальдық құрауыш:

Қызметтің кезеңдері: Тәрбиеші әрекеті. Балалардың,ата-аналардың әрекеті.

Мотивациялық түрткі болатын- Шаттық шеңбері.

- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Ата - ананы құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерліоқу іс-әрекеті.. Бүгін бізге қонаққа ата-аналарымыз келіп отыр.

- Балалар мына суретке назар салыңыздаршы! Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп атай аласыңдар: ( отбасының суреті)

- Қанеки балалар біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші!( балалар саусақтарын бүгіп отырып орындайды)

Бас бармағым – әкем, балаң үйрек апам,

Ортан терек – ағам, шылдыр шүмек мен.

Титтей бөбек сен

Бір үйде нешеуміз?

Бір үйде бесеуміз.

- Балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?

(Отбасындағы адамдар туралы)

-Ендеше ортаға балаларымыздың ата-аналарын шақырамыз.

-Қымбатты ата- аналар,балалар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

І.Танысу. Амандасу

Өтілу барысы: Ата – аналарға, балаларға ақ парақ пен қарандаштар беріледі.

Тапсырма: Параққа үйдің суретін өз қиялдарыңыз бойынша салыңыздар. Салған үйіңіздің терезелері болуы шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. ( Өз отбасыларын таныстырады)

-Балалар, кім бізге өзінің отбасы туралы айтқысы келеді?

1 - бала. Біз отбасымызды «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлеріндей бейнеледік.Менің отбасымда 6 адам бар бұл әжем, атам, шешем, әкем. Менің атам,әжем – зейнеткер. Шешем - әкем жұмыс істейді. Анам - мектепте мұғалім. Әкем – жүргізуші. Менің ағам оқушы. Ал мен балабақшаға барамын.Біз ертегідегі кейіпкерлердей бірлікте, тату-тәтті тұрамыз.

2 - бала. Ал, біз өз отбасымызды «Үйшік» ертегісіндегі үйшікке бейнеледік.Менің отбасымда әжем, әкем, шешем бар. Мен әкемнің анамның жалғыз қызымын. Кішкентай інім немесе сіңлім болса ғой деп ойлаймын. Мынау менің мейірімді әжем. Ал мынау тәтем, ол ауылда тұрады.

3 - бала. Біз өз отбасымызды гүл дестесіне теңедік.Мынау менің отбасым. Әкем, анам және мен. Менің екі әжем бар: (екі әжесінің атын айтады), олар мені жақсы көреді. Мынау екі атам. Олар мені еркелетеді. Бұл ағам ол Атырауда тұрады. Бұл әпкем, ол менімен ойнайды. Біз тату тұрамыз.т.с.с.

Тәрбиеші: Сіздердің отбасыларыңызбен біз толық таныстық

Ойын « Ата- ана мейірімі».

Ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.

Сергіту сәті: «Отбасы шежіресі» туралы жұмбақ шешу. Алдарында әкесінің, атасының, анасының т.б. фоталары жатады.Жұмбақты шешіп,суреттерді ағаш тамырларына іледі.

1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.

Ол кім? (Барлығы – атам).

Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.

2. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? (Барлығы – әкем). Әкесінің суретін іледі.

3. Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім? (Барлығы – ана). (анасының суретін іледі)

Жағдаят.

Ата- аналар жағдаятты слаид бойынша қарап, өз ойларын айтады.

І : Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

ІІ : Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4- 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Сіздің балаңыз осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?

ІІІ : Кейбір ата- аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс- әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

Дидактикалық ойын: «Неге теңеймін»: Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Балаларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.

Ойын. «Тілек ағашы» (Балалар түрлі- түсті алмаларды таңдап аладыда тілектерін айтады,ал ата-аналар отбасына арналған тілектерін жазып , оқып тілек ағашына жапсырады.)

- Менің отбасым ең тату отбасы.

- Менің отбасым ең үлкен.

- Мен атам мен әжемді жақсы көремін.

- Менің анам ең ақылды адам.

- Менің отбасым аман болсын.

- Менің отбасымда қуаныш көп болсын.

- Менің отбасым қонақжай.

- Менің отбасым көңілді.

- Менің отбасым мейірімді.

- Менің отбасым ең бақытты.

- Мен өз отбасымды жақсы көремін.

Қорытындылау:

«Мен өз отбасымды жақсы көремін» оқу іс-әрекеті туралы пікірлерін ортаға салу.

-Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын! Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ