Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Дайындаған: Еркінқала балалар саз мектебінің домбыра –тенор

мамандығының оқытушысы

Қайрлиева Сәлима Қалидоллақызы

«М.Қойшыбаев шығармашылығымен жұмыс»

атты ашық сабақтың

Жоспары:

1. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың күй құдіретін сезіну арқылы, өнер жолындағы тарихи тұлғалардың шығармашылық еңбектерін құрметтеу.

2. Сабақтың тәрбиелілігі: Өнерге сүйіспеншілік арқылы күй дәстүрін қадірлеп, өз халқының өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Сабақтың түрі:

а) Оқытушының кіріспе сөзі ( сөз арасында композитор шығармаларын тыңдауда пән аралық байланыс жүйесіне көңіл бөлу)

ә) Оқушыға композитордың шығармашылық еңбектерін орындау мақсатында дайындау әдісі

«Ре мажор гаммасымен» әртүрлі штрихта жұмыс.

б) М.Қойшыбаев «Тойбастар» және «Жарыс», «Жастар» күйлері арқылы үй тапсырмасын пысықтау

в) М.Қойшыбаев «Қызыл құм» күй жанырының орындалу ерекшелігін оқушы санасына жеткізу және күйді талдау.

4. Сабақтың көрнекілігі: Сабақ желісіндегі

композитордың күйлерін қобыз аспабында пән

аралық байланыс ретінде пайдалану және үнтаспалар

тыңдау.Нота жазбалар, буклет, слайд арқылы бейне

жазбаларын көрсету.

5. Сабақтың ұйымдастыру кезеңдері:

Құрметті ұстаздар, әріптестер бүгінгі мәдениет дамыған еліміздің, бүгінгі жас ұрпағын тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі ашық сабақ тақырыбы: М.Қойшыбаевтың шығармаларымен жұмыс» атты ашық сабақ кезеңін бастаймын.

Таныстыру: Сіздердің алдарыңызда 5 сынып оқушысы Сапақов Бекзат және сүйемелдеуші Ольга Давыдова.

Ашақ сабақ жүргізуші домбыра сыныбының оқытушысы Қайрлиева Сәлима Қалидоллақызы.

I- Композитор М.Қойшыбаев қазақ музыка тарихында шоқтығы биік тұлға.Композитор Атырау облысының Қызылқоға ауданының Комсомол ауылында 1926 жылы 10 мамырда дүниеге келген. Композитордың өнерге құштарлығы, өнерге бет түзеуі мектеп қабырғасынан басталады. Өзінің туа біткен дарындылығымен он үш жасында Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестріне жұмысқа шақырылады. Болшаққа үлкен мақсат қойған композитор 1952 жылы Алматы музыка училищесін бітіріп, 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірді.Қазақстан өнерінің өркендеу жолында, өнер жолында бірнеше қызметтер атқарады.1960 жылдан бастап ғылыми- педпгогикалық жұмыстарымен айналысады.Композитордың шабытты шалқар еңбектері жұртшылық жүрегінен кең орын алды.Сол шығармаларының бірі

Ұлт- аспаптар оркестріне арналған

«Қазақстан», «Жастық шақ», «Концерттік күй», «Атырау дүбірі» т/б. поэмалары.

Симфониялық поэмалары:

«Маншук», «Құрманғазы», «Ардагерлер»

Эстрада-симфония оркестріне арнап

«Қазақ биі», «Сюита», «Увертюра», «Күй поэмасы»

Қобыз бен фортепианоға арналған

«Романс», «Көктем биі», «Өмір гүлі» шығармалары сабақ жүйесінде пән аралық байланыс ретінде композитордың шығармаларынан қобыз аспабында тыңдауды ұсынамын.

Орындайтын қобыз бөлімінің оқытушысы Мырзагулова Бақтыгүл.

II- Композитордың «Жарыс», «Жастар», «Тойбастар» еңбектері үй тапсырмасы бойынша оқушымен жұмыс ретінде көрсетіледі.Орындалатын шығарма «Ре мажор гаммасын» оқушы әртүрлі штрихта домбыра аспабында ойнап көрсетеді.Орындалған гаммаға байланыстыра отырып копозитордың «Тойбастар» шығармасын оқушының орындауында тыңдап, талдаймыз.Осы бағытта «Жарыс», «Жастар» күйлерін оқушының орындауында тыңдап, талдаймыз.

III- Жаңа сабақ

Композитордың «Қызыл құм» шығармасын шығу тарихымен таныстыру. М.Қойшыбаев елімізде болып жатқан жаңалықтарға үн қосып отыратын осы «Қызыл құм» күйі Ащысай кеншілерінің айбынды еңбектерінің құрметіне арналған естелік туындының бірі.Шығарманың мазмұны кең, тілі бай, шабытты, тыңдаушыға рухани байлық береді.Сабақтың келесі кезеңі орындау әдіс жолдарын 1цифрдан- 10 цифрға дейін орындап көрсету.

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқытушы мен оқушының орындауында «Қызыл құм» күйін белгіленген цифрға дейін ойнау.

IV- Үй тапсырмасын беру, оқушыны бағалау

Қорытынды:

Құрметті әріптестер жеткіншек ұрпақтың білім деңгейін арттыру жолында әр мұғалімнің жеке аспапта оқушыны дайындауда өз мақсаты міндеттері болады.Бүгінгі ашық сабақтағы оқушымен жүргізілген жұмысымды күнделікті сабақтағы тәжірибемді падалана отырып бүгінгі ашық сабағымды аяқтаймын.

Халық музыкасын қасиеттеп, оның ұшан- теңіз байлығын еркін игеріп, музыкалық көркем туындылар берген үлкен жүректі композитордың бар саналы уақыты ізгілікті жырлауға арналған

Илья Жақанов

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ