Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Атырау қаласы,Ақжар селосы

№59 «Ақбөбек» балабақшасының
II санатты тәрбиешісі

Үмбетова Мәрзия Әйіпқызы
«Қош келдің ,Жаңа жыл»ертеңгілік сценариі

Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Күлдіргіш,Аю мен Маша «Ботақан»тобының балалары.

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші:

Сәлем,бар адамдарға

Аяулы аналарға,

Ардақты ұл-қыздарға,

Бүлдіршін балаларға,

Жарқырап жастар әні,

Болсын той маскарад!

Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар әуенмен екі- екіден залға кіреді)

Би: «Маскарад»

Жүргізуші:

Қош келдің жаңа жыл кешімізге,

Жаңа бақыт тілейміз ісімізге,

Бүгін жаңа жыл құт әкелсін!

Мына отырған барша жұрт бәріңізге!

Балалар хормен «Жаңа жылмен,жаңа жырмен құттықтаймыз әр елге,

Әнімізді арнаймыз біз қонақтардың бәріне!

Жүргізуші: Балалар, сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері дежетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші:Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!

Балалар, бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, Сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән :Шырша әні

Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып берер екен?

Айкоркем: New Year is near

Дәреже:Тамаша, тамаша, Come quickly here!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы, Қ.Алихан:Santa clause – 3 рет

Көз тоймайды қараса. Come to our house!

А.Нурай:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды, Оразәлі: Шыршамызда қаншама
Аяз оны басқарды. Түрлі-түсті шырақтар

Ерқанат: Күлгін түсті моншақтар
Ақ қырауға малынған Жарқыраған алтындар
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Саялы:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Амина

Қуанбек: Қандай әсем шартарап!

Шаттық күйге бөлеп тұр.

Кәмпиттерін арқалап,

Аязата келіп тұр

Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.Балалар сендер менің машамды тығып қойған жоқсыңдарма?(Аю балаларды орынынан тұрғызы қарап іздестіе бастайды.)
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.
(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша. – Ой,қандай керемет.шырша ,қандай әдемі ойыншықтар ,сыйлықтар.(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады.Балалар менде сендермен бірге жаңа жыл мерекесін қарсы алуға келдім.Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)
Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)
Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

Ойын: «Аққала»

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар,

Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар.

Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Мұз ханшайымы кіреді.)

Мұз ханшайымы: Ойбай түрлерін қара! Неге айқайлап жатырсыңдар?

Жүргізуші:Біз аязатамен ақшақарды шақырып едік ғой,сіз қайдан жүрсіз Мұз ханшайымы.

Мұз ханшайымы:Сендер Аязата мен Ақшақарды іздемеңдер олар келмейді.Мен оларды қатырып тастадым.

Қой:Мұз ханшайымы менің балаларымның көңіл күйлерін түсірме, себебі бүгін менің қоштасу кешім.Балалар Мұз ханшайымның айтқанына сеңбеңдер.

Балалар:Біз сізге сенбейміз Мұз ханшайымы.

Мұз ханшайымы:Сенбесеңдер қәзір алып келіп көрсетейін.

Мұз ханшайымы:Аязата мен Ақшақарды қатырып алып келіп,қолдарыңнан келсе өздерің ерітіп алыңдар!

Жүргізуші: Кәне балалар Аязата мен Ақшақарды еріту үшін не істейміз?

Балалар: 1.Үрлейміз 2.Жылаймыз

Жүргізуші: Балалар Аязата мен Ақшақар ерімеді ғой.Мұз ханшайымы неден қорқады.

Балалар: У-шудан қорқады.

Жүргізуші:Олай болса Мұз ханшайымы келген кезде бәріміз айқайлаймыз.

Балалар мұз ханшайымы келгенде айқайлап шығарып жібереді.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Мұз ханшайымы:Жарайды балалар айқайламаңдар,(Мұз ханшайымы құлағын жауып қорқып қашып кетеді.)Сол кезде Мұз ханшайымының сиқырлы таяқшасы қалып қояды.

Жүргізуші: Балалар Мұз ханшайымының сиқырлы таяқшасы қалып қойыпты,олай болса таяқшамен өзіміз сиқырлап ерітіп алайық.Аязата, Ақшақар еріді,қәзі ортамызда, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аязата, Ақшақар!

Аязата:

Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты

Жалғыз ғана бір парақ.

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Аязата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлысөздерімізбеноның шамдарын жарқыратайық!

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)

Шырша жарқырайды.

Жүргізуші: Балалар,Аязатаның көңілін көтеріп,өнерлерімізді көрсетейікші.

Ән: « Аязата»

Бекзат: Қардай аппақ әдемі, Жаннат: Winter, winter

Мұздай жалтыр кірпікті Let’s go skate

Шанаменен зымырап Winter, winter

Келеді атын ұшырып. Don’t be late

Арсен: Келеді бізге асығып, Ерали: Засверкай огнями елка

Жолында оның тұрмаңдар Нас на праздник позави!

Ханшайымдай ақ тонды Все желание исполни,

Айназ.Все мечты осуществи
Жаңа жылға сәніміз Айзере:Здраствуй,праздник новогодний,
Біздің айтар әніміз Праздник елками изимы
Келдің бе аман алыстан Всех друзей свойх сегодня
Сәлем, Аяз атамыз. Позовем на елку мы.

Р.Інжу:

Здраствуй,праздничная елка

Ждали мы тебя вес год!

Мы у елки новогодней

Водим дружный хорвод.

Би: «Жұлдызшалар»

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын- күлкі таралсын

Құтты болсын .....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жаңа жыл келеді.

Мешін: Амансыңдарма,балалар! Міне,менде келдім арада бірнеше жыл өткен соң,қайта оралдым Қой жылы амансыңба? Маған айтар қандай жаңалықтарың бар.

Қой: Қош келдің, Жаңа жыл! Жыл бойы жинаған жаңалықтарым көп,әрине балабақша тәрбиешілері,балалары,қалалық,ауылдық сайыстарға қатысып,жүлделі марапатттарға ие болды.Жақында үш жылдық жұмыс нәтижесін үлкен дәрежеде көрсете білді.Ал енді мешін жылы мен саған аманат етіп тапсырамын.Биіктен көрініңіз.

Мешін: Бәрекелді,бәрекелді біршама жаңалықтарың бар екен.Менде аманатыңды қабылдап,еліме тыныштық,халқыма амандық мол табысқа жетуге қызмет етемін.Сау болып тұр Қой жылы келесі кездескенше.(Қойдың дауысы естіліп ,қойшығып кетеді.)

Аязата: бәрекелді, ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

Жеке ән: «Көрікті шыршамыз». Орындайтын Түрікпенбаева Саялы Дарханқызы

Балалардың тақпақтары:

Б.Амина: Ауыл маңы қар аппақ, Аққанат: Қардай аппақ әдемі

Қызықтар көп не түрлі. Мұздай жылтыр кірпікті

Ақ дәптерді парақтап, Шанаменен зымырап

Қыс отырған секілді. Келеді атын ұшырып

Т.Нұрай: Қандай әсем шартарап! М.Айкөркем: Келеді бізге асығып,

Шаттық күйге бөлеп тұр. Жолында оның тұрмаңдар,

Кәмпиттерін арқалап, Ханшайымдай ақ тонды

Аязата келіп тұр. Жылы қолғап қолында

Б.Інжу: Скоро,скоро Новый год! Б.Алихан: Закружилься хоровод

Скоро,скоро Новый год! Льются песни звонко

Скоро , Дед Мороз придет. Это-значит Новый год

Он подарки нам разносит Это-значит елка

И стихи читать нас просить

Әлішер:

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр,

Жасыл шырша жанында

Барлық бала билеп жүр.

Жүргізуші: біздің балалардың өнерлері көп, әрі қарай тамашалай берейік.

Ертегі көрінісі: «Аққала»(ағылшын тілінде)

Би: «Ақшақар»

Аязата? Мінекей, балалар, сендермен қоштсатын да кез келді.

Ән: «Зырлайды шанамыз»

Ақшақар: сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата:Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,

Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын

Сау болыңдар, балалар

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка