Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Павлодар қ., Музыкалық колледж-дарынды

балаларға арналған музыкалық

мектеп - интернатының тәрбиешісі

Қасымова Айшайм Хайрулловна

«Дауыс» атты өнерлі балалар сайысы

Мақсаты:Адамгершілік қасиеттерін, қыз балалардың арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, араларындағы тәрбиені одан әрі дамыту. Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, ән сала білуге, өзін-өзі басқаруға, ұйымшлдққа баулу.

Көрнекілігі:плакатқа жазылған нақыл сөздер, үлестірме материалдар, эмблема, мадақтамалар, сыйлықтар.

Жоспар:

1. Ұймдастыру

2. Кіріспе бөлім \мұғалімнің сөзі\

3. Әншілерді таныстыру

4. Марапаттау

5. Қорытынды

1-жүргізуші:

Құрметті жиналған қауым!

Бүгін біздің интернатымызда дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық , сергісін бой!

2-жүргізуші:

Армысыздар, ардақты көрерменім,

Көрсетеді өнерін өрендерім.

Біз сайысқа кетеміз қадам басып,

Алдымен алайық амандасып.

1-жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші жасымыз, бәріміз де.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

2-жүргізуші:

Құрметті оқушылар, тәрбиешілер, қонақтар!

Келе жатқан мерекеміз Жаңа жылымыз құтты болсын!

Құт, жақсылық,

Береке, бірлік әкелсін!

1-жүргізуші:

Сіздермен жарасады әніміз,

Сіздермен жарасады сәніміз.

2-жүргізуші:

Құтты болсын мерекеңіз, құттықтаймыз бәріміз!

1-жүргізуші:

Қайда әнші, қайда әнші,

Зер салайық, талабына қарайық.

Өнерлі кім, дарынды кім,

Талантты іздеп табайық.

2-жүргізуші:

Ойланып енді қарайық

Қазылар алқасын

Ортадан сайлап алайық.

1-жүргізуші:

Ұйықтап жатқан жүректі ән айтар,

Әннің терең мазмұнды мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы уатар, -деп Абай атамыз жырлағандай, осы сайыс барысында өнерпаздарымыз өздерінің музыка туралы білімдерін ортаға салады. Бұл сайысқа жеті әнші – вокалист сайыскерлеріміз қатысады.

Олар:

1. Нұрғалиева Аружан

2. Жастлек Айгерім

3. Қабжанова Назерке

4. Арғынбай Гүлсәні

5. Тұрсынбекова Сая

6. Алпыспбаева Диана

7. Визнер Лиана

2-жүргізуші:

Енді сайысымыздың шартымен таныс болыңыздар:

І айналымда - 7 әнші сайыскер

ІІ айналымға -4 сайыскер өтеді

ІІІ айналымға – 2 сайыскер өтеді

2 сайыскер өз өнерлерің ортаға салып, тек қана біреу ғана алға шығып, «Алтын дауысқа» ие болады.

1-жүргізуші:

Бұл сайысымыздың соңғы бөлімі болатын, енді қазылар өз шешімдерін шығарғанша әсем ән тындайық.

2-жүргізуші:

Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас әншілер,

Осымен «Өнерлі балалар» сайысы аяқталсын,

Қазылар берсін енді шың бағасын!

Құттықтау сөздер, дипломдармен марапаттау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
6 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ