Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Алматы облысы Алакөл ауданы

Екпінді ауылы « М.Әубәкіров атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі

шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

педагог- психолог

Байбатшанова Нұргүл Наксбекқызы


Мүмкіндігі шектеулі балалар психологиясы

Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблеммаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас құқықтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959ж) Деклорациясында былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, төмендегі аты-аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы:

Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай-ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиелеуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және де басқа адамдардың сүйіспеншілігі мен түсіністігіне, егер ағайын –туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуға құқылы...».

Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда осы орайда біздің міндетіміз- қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын, яғни денсаулық жағдайын, бала ағзасының дамуындағы бөгеттерді анықтап, мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас-құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігіне мүмкінділігі щектеулі балаларға әркез жәрдем беруге әзәрләгән қамтамасыз етуге үйрету. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасынада психикалық өзгерістерге алып келеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі – жалпы педагогикалық принциптерімен анықталған, яғни оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі баланың кенжелігіне сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі тиіс. Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асқаны орынды. Және бұл қарым-қатынас қалыпты жағдайда өзара түсіністік, бір-біріне көмек беру жағдайында өткені дұрыс. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және олардың оптимистік рухта, өз -өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарам-қарсы екі ұғымнан тұрады. Бірі– «шеттетілгендер», яғни ата-анасы баланы жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттілігіне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Ата-аналардың сүйіспеншілігіне, махаббатына қақымыз жоқ деп ойлайды. Олардың көңіл-күйі түсіп, өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп, балалардың тіл дамуында, тәрбиесінде депрессияға тән көріністер пайда болады. Сонымен қатар психологиялық шеттету баланың интелектуалдық дамуына кері әсерін тигізеді, білім деңгейін тежейді. Екінші жағдай – баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар баланы тым бос ұстап еркелетеді, кез-келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қйындықтарға тап болады.

Алғаш рет ата-ана баланың үлгермеушілігін, басқа балалармен салыстырғанда қалыс қалушылық бар екендігін естігенде оларды үрей билейді. Одан кейін ата-аналар бір-бірін кінәлі санап, үйде ұрыс, жан-жал туындайды, бұл баланы күйзеліске әкеп соғады.

Балалардың ақыл-ой дамуындағы жеңіл ауытқулар «психикалық дамудың тоқтап қалуы» деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен, туылу кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар болып табылады. Сонымен қатар, дамудың тоқтап қалуы жоғары жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы соматикалық жағдайлармен, бас мидың жарақаттануымен, эндокриндік жүйенің бұзылуымен байланысты болуы ықтимал.

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Психологиялық дамуының тежелуі бар балалардың ерекшелігі:

Баланың психологиялық дамуының тежелуі мектеп жасына келгенде анық байқала бастайды. Дамудың тоқтап қалуының негізгі ерекшелігі баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Бұл балаларға тән ерекшелік - баланың зейіні мен жұмыс қабілетінің төмен болуы. Кейбір балаларда іс-әрекеттің басында зейіндері жоғары күшті болады да, кейін ол төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді есте сақтаудың төмендеуі, есте сақтау беріктілігінің жетілмеуі, интелектуалдық белсенділіктің төмендеуі – осы категориядағы балаларға тән ерекшелік. Белсенді сөздігі айтарлықтай тарылған, түсінігі толық дәл емес, танымдық белсенділігі жеткіліксіз, ол баланың тез шаршауымен, тежелгіштігімен сипатталады. Мұндай балалар өзінің құрдастарынан кеш жүріп, тілі де кеш шығады. Олардың салмағы аз, бойы аласа, көп сөйлемейді, әлжуаз, тез шаршап, көп ауырады, берілген тапсырманы орындау барысында зейін қабілетінің төмендігі, ұқыпсыздығы айқын сезіліп тұрады. Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3сыныптарда белгілі болады.

Бұндай балалардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктер:

- Сабақ процесіне жай қосылады

- Оқу материялын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды

- Берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды

- Оқу мен жазуы жай

- Оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды

- Есепті шығара алмайды

- Тез шаршағыш

- Сыныптастарымен аз араласады қарым-қатынасқа түсе алмайды, оқшау жүреді, қырсық мінез көрсетеді

- Өз ойын анық айта алмайды

- Өзін басқаларға қарағанда төмен ұстайды, өзіне сенімсіз

- өзінің эмоциясын ұзақ уақыт бақылай алмайды

Бұндай балаларды егер де дер кезінде анықтап, оқу процесі, әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әр баланың білім деңгейіне қарай оқу бағдарламасы құрылған жағдайда 1-3 жылда өз құрдастарының білім дағдысын қуып жетуге болады. Мұндай баланы отбасында тәрбиелеу, жанұяның барлық мүшелеріне тікелей психикалық әсерін тигізеді. Жанұядағы жағдай, әкесінің эмоционалды қабылдауы, отбасымен психокоррекциялық жұмыстануды қажет етеді. Түзету дамыту сыныбында оқытылатын оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық әдістемелер:

І. Зейіннің тұрақтылығы мен бөлінуін бағалау әдістемесі.

Мақсаты:оқушылардың зейіннің тұрақтылығы мен бөлінуін анықтау.

Бұл әдістеме тез уақытта және оперативті түрде оқушылардың орындалатын таблицаға, тапсырмаларға қызығушылықтарын қамтамасыз ететін жағдайларда, олардың зейінінің бөлінуі мен тұрақтылығын бағалауға мүмкіншілік береді. Зейіннің тұрақтылығын бағалаудың маңызы зор. Өйткені шектен тыс қозғалғыш жеткіншектер психодиагностикасын жүргізгенде, ол зейінін ауыстырмай ұзақ уақыт қызығушылығы аз тестік тапсырмалар орындай алмайды.

Бұл әдістемеде стимулды материал ретінде 5 ақ, қара 25 сандық таблица ұсынылады. Бұл таблица клеткаларында әртүрлі кездейсоқ қалыпта 1-ден 25-ке дейін сандар берілген.

Әдістемені қолдану процедурасы:

Зерттелуші І таблицаны қарастырады да тауып алған 1 ден 5-ке дейінгі сандарды көрсетеді. Сол сияқты қалған таблицалармен жұмыс жүргізіледі. Әр таблицадағы сандарды іздеп табуға жіберілген уақыт ескеріледі. Бір таблицамен жүргізілген орта уақыт есептеледі.

Бұл үшін барлық 5 таблицаға арналған уақыт мөлшері анықталады да, 5-ке бөледі. Нәтижесінде 1 таблицамен істелетін жұмыс уақытының орташа көрсеткіші шығады. Бұл баланың зейінінің бөлінуінің сандық индексі болып саналады. Осы әдістеме көмегімен зейіннің тұрақтылығын бағалау үшін әр таблицаны қарастырған уақытты бір-бірімен салыстыру қажет. Егер 1 ден 5-ші таблица аралығындағы уақыт шамалы өзгерсе және уақыт айырмашылығы 10 сек. көп болса, онда зейін тұрақты болып есептеледі. Егер уақыт өте ұзақ болса, зейіннің тұрақтылығы жоқ, зейіні тұрақсыз болып саналады.

ІІ. Жанама ес диагностикасы.Әдістеме үшін парқпен қаламсап даярланады.

Балаға нұсқау беріледі: «Қазір мен саған әртүрлі сөздерді және сөз тіркесін айтамын да үзіліс жасаймын». Осы үзіліс уақытында сен параққа осы сөзді немесе сөз тіркесін есте сақтауға көмектесетін сурет салуың керек немесе сол сөзді білдіретін бір нәрсе белгілеуің керек. Суретті немесе белгіні тез орындауға тырыс». Балаға бірінен кейін бірі мына сөздер мен сөз тіркестері оқылады:

Үй, таяқ, ағаш, биікке секіру, күн шығып тұр, көңілді адам, балалар доп ойнап жүр,сағат тоқтап тұр, қайық өзнеде жүзіп барады, мысық балық жеп жатыр

Әрбір сөз оқылғаннан кейін 20 секунд үзіліс болады. Эксперимент біткен соң, оқушыдан салған суретіне қарап, сөздерді қайталап беру сұралады.

Әрбір дұрыс қайта жаңғыртылған сөз тізбегі үшін оқушы 1 ұпай алады.

Дұрыс емес қайта жаңғыртуы 0 ұпайқойылады.

Нәтижесін бағалау:

Оқушылардың есте сақтап, қайта жаңғыртуы:

10 ұпай – жоғары деңгей 7-9 ұпай – қалыпты деңгей

5-6 ұпай – орташа деңгей 1-4 ұпай төмен деңгей

0 ұпай – қайта жаңғырта алмаған, есте сатауы төмен

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

ІІІ. Оқушылардың зейінінің даму деңгейін анықтау әдістемесі. «Үй» әдістемесі

Мақсаты: Оқушылардың зейіндерінің даму деңгейін анықтау

Әдістеме барысы: әдістеме үйдің суретін көшіріп салуға негізделген. Тапсырма баланың үлгіге сәйкес сурет салып, оны көшіре білуіне, еркін зейіін дамуының деңгейін, қабылдау түйсігінің ауқымдылығын, сенсомоторлық үйлестіру мен саусақтың жұқа бұлшықеттерінің жылдамдығын анықтауға бағытталған.

«Үй» әдістемесініңнәтижесін шығаруда қателердің саны есептелінеді. Қате ретінде:

1. дұрыс бейнеленбеген бөлшек – 1ұпай

Мысалы: үйдің оң жақ қақпасындағы шарбақтардың бір-екеуі дұрыс салынбаған делік, бұл жағдайда қате көшірілген әр шарбаққа 1 ұпай емес, барлық шарбаққа 1 ұпай беріледі. Сонымен қатар тағы бір мысал келтірейік, үйдің мұржасынан шыққан сақина тәрізді түтіндердің біреуінен немесе екеуінен қате жіберілді делік, қателігі үшін әр сақинаға 1 ұпай берілмейді, мұржадан шыққан сақина тәрізді түтіндердің барлығына 1ұпай беріледі. Қақпаның оң жақ және сол жақ қапталы екі бөлек бағаланады. Оң жақ дұрыс, сол жақ қақпа қате салынса, бала 1 ұпай ғана алады. Ал екі жақ қақпа да қате салынса, екеуін қосқанда 2 ұпай алады.

Мұнда тағы бір есте сақтайтын жайт; шарбақты көшіргенде саны алтау емес бесеу болса, терезе екеу есмес үшеу болса, ол қатеге есептелмейді.

2. Бір бөлшекті басқа бөлшекпен алмастыру ( 1 ұпай)

3. Бөлшектің мүлде болмауы (1 ұпай)

4. Байланысып тұрған сызықтардың бөлініп көрсетілуі ( 1 ұпай)

Суретті қатесіз бейнелесе 0 ұпай бағаланады. Сондықтан бала суретті салуда қате жіберген сайын оның ұпай саны көбейе береді. Еркін зейіні жақсы дамыған бала 0 ұпай алады. Даму деңгейі орта бала 1-2 ұпай жинайды. Еркін зейіні нашар дамыған бала 4, одан да көп ұпай жинақтайды.

І. Психологиялық ойындар.

Мақсаты: Оқушылардың ішкі жан-дүниесін ашу және еркіннндікке үйрету

«Танысу» ойыны

Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап, топқа таныстырамыз. «1-2 сөйлем арқылы, сыныбын, өзінің есімін, мінезін, жақсы көретін ісін, ұнататын пәні туралы әңгімелейді. Осылайша барлығы өздерін топтағы қатысушыларға таныстырады.

«Карусель» ойыны

Топ мүшелері екіге бөлінеді. І топ ішкі, ІІ топ сыртқы болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің белгісі бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топ кезекпен жетекшібелгілі бір роль беруі керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы-сатып алушы, мұғалім-оқушы, дәрігер-қарлушы, полиция-жүргізуші, әкесі-баласы, анасы-қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл-күйін, қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

«Бүлінген телефон» ойыны

Есту қабілетін дамытуға арналған бұл ойында мұғалім бір баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды, ол келесі балаға соны қайталайды, солай жалғаса беріп, барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп, дауыстап айтады: «Мен әрқашан шындықты айтамын».

«Көңіл-күйімізді жаттықтыру.

Жүргізуші. Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.

1. Қабағы түйілген ашулы адамның кейпі

2. Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті

3. Жылап тұрған адамды көрсету

4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету

5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу

Ауызша волейбол ойыны

Допты бір-біріне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек. Мысалы: шыншылдық, мейірімділік, адамгершілік, әділдік, кішіпейілдік, батылджық, ұстамдылық, жанашырлық.

«Кім екенін тап» ойыны

Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан беіреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.

«Көпір» ойыны

Еденге бормен «көпір» (түз ) сызылады. Екі топ, бір-біріне қарсы шыққанбалалар «көпірден» құлап қалмай өтуі керек.

ІІ. Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру \ тренинг\

Мақсаты: оқушылар арасында өзара қарым-қатынасты дамыту, бір-біріне деген сенімді нығайту, жаңа ортаға жақсы бейімделуге ықпал ету, еркіндікке үйрету.

1-жаттығу «Сәлемдесу»

Мақсаты:бір-бірімен сәлемдесіп, еркін қарым-қатынас жасауға бейімдеу.

Оқушыларға нұсқау: қазір сендер үш топқа бөлінесіңдер

І топ. «Европалықтар -қолдарын алып сәлемдеседі.

ІІ топ. «Жапондықтар» -қолдарын бір-біріне түйістіріп, басын иеді.

ІІІ топ. «Африкандықтар» -орнында секіріп, «уу» деп айқайлайды.

Талқылау: жаттығуды орындау барысында қандай эмоцияларды сезіндіңдер?

2-жаттығу. «Мен қандай адаммын?»

Мақсаты: жаман және жақсы қасиеттерді ажырата білуге, жаман қасиеттерден арылып, жақсы қасиеттерді бойна сіңіру керектігін түсіндіру, оқушыларға дұрыс бағыт беру.

Оқушыларға нұсқау: әр оқушы өздерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтып әңгімелейді. Ойлануға біраз уақыт беріледі. Қатысушылар өздерінің қасиеттері туралы ойларын ортаға салып, қорытындыланады. Жаман қасиеттерден арылу үшін не істеу керек? Өздеріне ұнайтын жақсы қасиеттерін атап айтып, осындай жақсы қасиеттер көбею үшін қандай әрекет жасау керектігі сұралып, әңгіме жүргізіледі.

3-жаттығу. «Танысу» ойыны.

Мақсаты: Оқушыларды еркін сөйлеуге, көпшілік алдына шыға білуге, өзі туралы мағлұмат айта білуге тәрбиелеу.

Оқушыларға нұсқау: барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап, топқа таныстырамыз. «1-2 сөйлем арқылы сыныбын, атын, өзінің мінезін айтуы керек. Алдымен мен (психолог оқушыларға түсінікті болуы үшін) өзімді таныстырып, өзім жайлы әңгімелейін. Менен кейін әрбіреуің шеңбер боймен өздеріңді таныстырып, мінездерің жайлы әңгімелейсіңдер.

Талқылау:таныстыру қалай өтті? Кімнің таныстыруы естеріңде қалды және ол несімен естеріңде қалды?

Қорытындылау:Бүгін сендерге тренинг ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады, ұнамаса қай жаттығуды орындаған ұнамады?

Бір-біріңе келесі тренингкке дейін қандай тілек тілейсіздер?

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

ІІІ. Қарым-қатынас тренингі

Мақсаты: оқушылардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту, жаңа ортаға жақсы бейімделуіне ықпал ету.

1-жаттығу «Сәлемдесу»

Мақсаты:бір-бірімен сәлемдесіп, еркін қарым-қатынас жасауға бейімдеу, бір-біріне сенімділіктерін арттыру.

Оқушыларға нұсқау: Орындарыңнан тұрып, тренинг кезіндегі төсбелгілеріңдегі есімдер бойынша бір-біріңмен қарым-қатынас жасап, сәлемдесіп, қал жағдайларыңды сұрасып, бір-бірлеріңе жақсы тілек тілейміз.

Талқылау: Сендерге кімнің сәлемдесуі , кімнің тілектері ұнады? Саған жақсы тілек айтқанда өзің қандай сезімде болдың?

2-жаттығу «Менің мақсатым»

Мақсаты:Оқушыларға алдарына мақсат қоя білуге және де сол мақсатқа жетуде еңбек ету керектігін түсіндіру.

Оқушыларға нұсқау: Әр адамның алдына қойған мақсаты болады. Сол мақсатқа жету үшін еңбектенеді. Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың қандай? Сол мақсатқа жету үшін қалай әрекет жасайсыңдар? Барлықтарың ойларыңды ортаға салып, әңгімелеп беріңдер.

Талқылау: Саған бұл жаттығуды орындау барысында қандай қиындықтар болды?

3-жаттығу. «Карандаш»

Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуына ықпал ету.

Оқушыларға нұсқау: барлығымыз шеңбер бойымен тұрамыз да, әрқайсыларың карандашты сұқ саусақтарыңның ұшына қойып, бір-бірлеріңнің сұқ саусақтарыңақойып, карандашты түсіріп алмай, қойылған әуенге байланысты би билейсіңдер, карандашты түсіріп алған адам ойынна шығады. Осылайша барлық оқушылар қамтылады. Карындашты түсірмеген бала жеңімпаз атанады.

Талқылау: жаттығу сендерге ұнады ма?

4-жаттығу. «Есте қалған қызықты оқиға»

Мақсаты: оқушыларды еркін сөйлеп, әңгімелей білуге дағдыландыру, байланыстырып сөйлеуін, тілбайлығын дамыту.

Оқушыларға нұсқау: шеңбер бойымен дөңгеленіп отырып, мен сендерге доп беремін, допты бір-бірлеріңе кезектестіріп беріп, естеріңде қалған қызықты оқиғаларыңды әңгімелейсіңдер. Оқиға әртүрлі тақырыпта бола береді. Барлық оқушы қатынастырылады. Әрбір оқушыға 4 минут уақыт беріледі.

Талқылау: қызықты оқиғаларыңды әңгімелегенде қандай сезімде болдыңдар? Кімнің қызықты оқиғасы ұнады?

Қорытындылау:Бүгін сендерге тренинг ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады, ұнамаса қай жаттығуды орындаған ұнамады?

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы