Тақырыбы: Тәрбие тал бесіктен.
Қарапайым халқымыздың береке- бірлігі, тәлім -тәрбиесі, өмір- тынысы , елдік қасиеті, тәлім -тәрбиелік қасиеті ерекше болған. Отанын сүю, қорғау міндеті, жомарттығы, ынтымақтастығы, бауырмалдығы, өнерге, мәдениетке құштарлық, ата мұраға беріктігі, қан тазалығын сақтаудағы мызғымастығы т.б көптеген жақсы қасиеттері халық дәстүрінде сүтпен кіріп, сүйекпен сіңген. Бұрынғы қазақ жастарында өткінші махаббат сезімнен бұрын бауырмалдық сезім басым болған. Бір атаның емес бір рудың кәмелетке жеткен ұлы мен қызы өздерін бір әке, бір шешеден туғандай сезінген. Негізінде «Малым -жанымның садақасы, жаным- арымның садақасы» деген халқымыз ар -намысты барлық сезімнен жоғары қойған. Қазіргі өзінің ұлттық ар- намысынан айрылып, тілін дінін ұмытқан мәңгүрттерден не үміт, не қайыр?
Елімізде дені таза жастарымыз да аз емес. Ақын Иран Ғайыптың «Бұқар-қазақ, Абай- қазақ, Мен- қазақ » атты еңбегінде
«Әзірейіл келіп алсын менің жанымды,
Күнімді үптеп, атырмасын таңымды,
Ұлтым қазақ екенімді жасырман
Жасыра алман руымды, қанымды».
Мұны қазіргі дәстүрін,ұлтын, қанын сүйетін халқымыздың барша жастарының ұраны десем артық айтпаспын. Бабаларымыз елдің ер азаматтарын бірлікке ерлікке шақырғанда, алдымен, ұлттық қасиетке нұсқан келтірмеуге тырысқан. «Басыңнан шіріме», «Ішіңнен іріме» деген сөздерінде терең мағына бар. Халқымыздың табиғатына жат қылық абыройсыздық асқынып, ата- әжелеріміздің ақ баталарын аяққа таптап бара жатқан кезеңде ол сөзді маңызы арта түскендей.
Ата- бабаларымыз (бассыз) ауылдың тек адамдарына ғана емес, итіне де сын айтқан. Сол арқылы әр ауылдың ата- салтын дұрыс ұстауына ықпал жасап отырған. Ғасырлар бойы сақталып келген дәстүрдің бірі қан тазалығын сақтау. Әр адамға руын білу, шежірені білу міндетті болған. Халқымыз шежірені, руды білуді міндеттегенде, туыстық, құдалыққа қол жеткізіп отырған. Ел арасында «Қарға тамырлы» қазақпыз деген сөз қалған. Шежірені білу ұлтымыздың тарихынан дерек білумен қатар, олардың ынтымақтастығын, ерлік істерін паш етумен қатар, қан тазалығын сақтауға мән берген.
Ұлттық тәрбиенің негізі анада басымдау болған. Сондықтан қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, «Қызға қырық үйден тыю» деген. Қазіргі заманда азматтарымыз ата –дәстүрге берік болумен қатар, намысын аяққа таптаппай, құрметтей жүріп ел намысын, оның ішінде қыз намысын да қорғағаны дұрыс.
Қорыта айтқанда ,ұл қыздарымыздың ұлт алдындағы жауапкершілігін ерекше көтеру қажет.