Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Тәрбие тал бесіктен

Қазақ халқы ежелден тәрбиеге ерекшемән берген. «Бала тәрбиесі-өнер, жеке бір ғылым болуды тілейтін өнер»-деген, Мағжан Жұмабаев. Осы сөзде ерекше мән мағына жатыр емес пе?
      Бала тәрбиесінің  білімді, өнегелі, саналы,  жақсы адам болып қалыптасуына үлесі зор.  Бау-бақшаны қарап , баптап өсіретіні секілді. Бала тәрбиесіне де  ата-ананың, бала-бақшаның, мектептің алатын орны ерекше. Ата-ана балаға көргенін ,білгенін, өмірден түйгенін айтып, көрсетуінің өзі тәрбиенің басы.
Қызы анадан үйренбей өнерге алмас,
Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес.- дейді, халық даналығы. Ана қызына, ата ұлына білгенін айтып отырса бұның өзі бала тәрбиесіне үлес қосып, жақсы азамат болып қалыптасуына маңызы зор. Балаға өз тіліңмен мен емес, баланың тілімен сөйле дейді халық даналығы. Міне, ата бабамыз баланы қалай тәрбиелегенін осындай дана сөздерінен көруімізге болады.
      Қазіргі  заманда жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттердің бірі. Жас жеткіншек, келешек азамат, ал жастарымыз біздің болашағымыз. Кейбір ата- ана біз баламызды материалдық жағынан қамтамыз етсек сол жетеді деп ойлайды. Бүлдіршін кез мінез-құлық, адам бойындағы қасиеттердің қалыптасатын кезі. Бұл уақытта – отбасынан берілген тәрбиенің маңызы зор.  Бірақ тәрбие жағы балабақша мен білім ордаларына тапсырып жататынын көріп жүрміз. Бұл дұрыс әрекет деп ойламаймын. Иә, рас мектеп тәрбиенің түрлі факторларын үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Білім ордасы тәрбие мен білімді қатар үйретені де рас.
Тәрбиесіз алған білім , адам заттың қас жауы-деп ата бабаларымыз айтып кеткен. Бірақ, ешқандай  орта отбасынан, ата-анадан алған тәрбиені алмастыра алмайды. «Ата дан бала тусайшы, ата жолын қусайшы»- дегенде, атадан балаға мұра болып келе жатқан қасиеттерді үйретіп , қалыптастырудың еш жамандығы жоқ деп ойлаймын. Сан ғасырлық тарихымызды, ұлттық құндылғымызды , дініміз бен ұлттық тәлім-тәрбиеге ерекше мән беріп осы қасиеттер тал бойында бар жасөспірім жеткіншек, ең бірінші отбасының мақтанышы, ата-анасының мерейі. Егер атаның қанымен, ананың сүтімен берілген қасиеттері мол, ата- ана тәрбиесін көрген жастарымыз көп болатын болса, онда болашағымызда жарқын деген сөз.  Келешегіміз айқын болсын десек, тәрбиемізді тал бесіктен түзейік.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма
Тәрбие отбасынан басталады
    Отбасы- болашақтың тірегі.Содан біздің ертеңгі ел басқарар азаматтарымыз шығады емес пе.Бала шырылдап дүниеге келгеннен бастап сол ұяда не көрсе соны іске асырады.Ата – ана баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді.Отбасы қандай жолды таңдауына дұрыс бағыт берсе. сол жол өміріне мол азық берер.
  «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дегендей бала әкесі мен анасының іс әрекетін қайталайды.Сөйлеген сөзі де үлгі болар,айтқан ақылы азық болар ата-әжелердің тәрбиесі ерекше ғой.Ананың әлдиі арқылы бойына дарыған асыл қасиеттерін өскенде басқаға айырбастап кететіндер де баршылық.Ондайдан аулақ әрине.Бірақ сол жолды таңдаса ешкімде тіпті ата-анасы  да тосқауыл бола алмайды.Сонда оған кінәлі кім?Бұл сұраққа жауапты ешкім таба алмас.
Сенің балаң жақсы десе әке,шешең қуанар,балаң жаман десе мұңаяр.Бірақ біз өзіміз таңдаған жолға түсеміз дейді түсінігі аздар.
Отбасында дастархан басында балаға жан-жақты тәрбие берілсе санасы барлар ұғар,санасы жоқтар қалар.Оларда ата-ана болар,сонда бәрі тым кеш болғанын біледі.Ата-ананың қадірін ,балалы болғанда білерсің демейме.
  Тәрбие саналы берілсе бала ешқайда қашпайды.Мынау кімнің баласы десе ұялмай айтатындай ұл өсір.келін болып ақ босағаны аттап түскенде мынау қандай анадан тәрбие алған десе  көзіне шұқитындай  қылығы аз қыз өсір.
Тәрбиені отбасынан бастап дұрыс берсек болашағымызға қорықпай аяқ басайық.Балаңда алда отбасы боларын сезінсін.Өмір сүрсең адамша өмір сүрейік.Өзімізде ұялмайық,өзгені де ұялтпайық.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Тақырыбы:  Тәрбие тал бесіктен.
Қарапайым халқымыздың береке- бірлігі,  тәлім -тәрбиесі, өмір- тынысы , елдік  қасиеті, тәлім -тәрбиелік қасиеті ерекше болған. Отанын сүю, қорғау міндеті, жомарттығы, ынтымақтастығы, бауырмалдығы, өнерге, мәдениетке  құштарлық,  ата мұраға беріктігі, қан тазалығын сақтаудағы мызғымастығы т.б көптеген жақсы қасиеттері  халық дәстүрінде сүтпен кіріп, сүйекпен сіңген. Бұрынғы қазақ жастарында өткінші махаббат сезімнен бұрын бауырмалдық сезім басым болған. Бір атаның емес бір рудың кәмелетке жеткен ұлы мен қызы өздерін бір әке, бір шешеден туғандай сезінген. Негізінде «Малым -жанымның садақасы, жаным- арымның садақасы» деген халқымыз ар -намысты барлық сезімнен жоғары қойған. Қазіргі өзінің ұлттық ар- намысынан айрылып, тілін дінін ұмытқан мәңгүрттерден не үміт, не қайыр?
Елімізде дені таза жастарымыз да аз емес. Ақын Иран Ғайыптың «Бұқар-қазақ, Абай- қазақ, Мен-  қазақ » атты еңбегінде
«Әзірейіл келіп алсын менің жанымды,
Күнімді үптеп, атырмасын таңымды,
Ұлтым қазақ екенімді жасырман
Жасыра алман руымды, қанымды».
Мұны қазіргі дәстүрін,ұлтын, қанын сүйетін халқымыздың барша жастарының  ұраны десем артық айтпаспын. Бабаларымыз елдің ер азаматтарын бірлікке ерлікке шақырғанда, алдымен, ұлттық қасиетке нұсқан келтірмеуге тырысқан. «Басыңнан шіріме», «Ішіңнен іріме» деген сөздерінде терең мағына бар. Халқымыздың табиғатына жат қылық абыройсыздық асқынып, ата- әжелеріміздің ақ баталарын аяққа таптап бара жатқан кезеңде ол сөзді маңызы арта түскендей.
Ата- бабаларымыз (бассыз) ауылдың тек адамдарына ғана емес, итіне де сын айтқан. Сол арқылы әр ауылдың ата- салтын дұрыс ұстауына ықпал жасап отырған. Ғасырлар бойы сақталып келген дәстүрдің бірі қан тазалығын сақтау. Әр адамға руын білу, шежірені білу міндетті болған. Халқымыз шежірені, руды білуді міндеттегенде, туыстық, құдалыққа қол жеткізіп отырған. Ел арасында «Қарға тамырлы» қазақпыз деген сөз қалған. Шежірені білу ұлтымыздың тарихынан дерек білумен қатар, олардың ынтымақтастығын, ерлік істерін паш етумен қатар, қан тазалығын сақтауға мән берген.
Ұлттық тәрбиенің негізі анада басымдау болған. Сондықтан қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, «Қызға қырық үйден тыю» деген. Қазіргі заманда азматтарымыз ата –дәстүрге берік болумен қатар, намысын аяққа таптаппай, құрметтей жүріп ел намысын, оның ішінде қыз намысын да қорғағаны дұрыс.  
      Қорыта  айтқанда ,ұл қыздарымыздың ұлт алдындағы жауапкершілігін ерекше көтеру қажет.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов