Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Қыс туралы шығарма керек. Кім тауып бере алады
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов
Шығарма
Қыс қызығы
   Қысқы демалыс. Сабақтан босап ойнауға шыққан кезіміз.Дала аппақ кілем жайған секілді.Ауа таза.Денең сәл тітіркенгендей болады. Бұл аяздың белгісі.Балалар далада шаңғы теуіп жүр біреулері  аққала  жасаса,  енді біреуі шанамен ойнауда. Аязға қарамай ойнап жүрміз. Ойын қызықты болғаны соншалық тоңғанымызды сезбей қалдық. Балалардың  жүздері  бал-бұл жайнап жүр.Мен де олардың арасына кіріп кеттім.Аққаланың мұрнын жасауға сәбіз алып шыққанмын соны достарыма бердім.
   Туған күніме атам коньки алып берген  достарыма көрсеттім.Достарым мәз болды, конькиді кезекпен алып сырғанадық.Менің бойымда мақтаныш сезімі орнады. Себебі ешкімде коньки жоқ болатын.Ажар да ертең әкесінің коньки алып  беретінін ескертті.
   Келесі күні отбасымыз болып демалдық.мен және екі апам коньки тептік ,ал інім болса шанасымен ойнады. Ағам шаңғыны қызықтады.Анам мен әкем бәрімізге қарап жымиып қояды. Олар бізді суретке түсіріп мәз болуда.Әрине оларға  көз алдарында балалары мәз болып  шаттанып жүрсе одан артық бақыт бар ма?
   Кешке үйге қонақтар  келді.Біз оларға бүгін қалай демалғанымызды айтып бердік. Олар да сырғанаққа баратындарын айтты.
   Қыс осындай сәттерімен қуаныш сыйлайтынын  мен енді түсіндім.Әр кездің өзіндік көңілді кезі болады екен ғой. Қыста жаңа –жыл келеді,соны тойлаймыз.Шыршаға барып тақпақ айтып , аяз атадан сыйлық аламыз.Бұл отбасы мерекесі.Анам үйде ас әзірлеп әлек , ал біз шыршаны безендіріп ағамызға көмек береміз.Інім тақпақ жаттап әлек болуда.Інім әтеш киімін киеді, мен қоян боламын.Ал апам мен ағам бізге кім болатындарын айтпады, ол жағы жұмбақ. Кешке көрерміз деп өзімізді өзіміз жұбатамыз.Кім болады екен ? мүмкін Аяз ата ,әлде ақшақар ма .Мейлі  біз үшін тек көңілді кеш болса екен дейміз.
  Әкем ауланың қарын күреп тазалап жүр.
       Мен бұрын жаз мезгілін  өте жақсы көретін едім, енді қыстың да қызығы көп екеніне көзім жетті. Жыл мезгілдерінің жаманы жоқ деп айтар едім сұрағандарға. Бетің аязға тоңса да , қарды басып сықырлап жүргеннің өзі қуаныш екен. Достарыңмен бірге ойнап ,қуанғанға не жетсін.
 Білмейтіндерге мен қыстың да қызығы мол деп аузымды толтырып айтар едім.
Қысты босқа өткізбеңдер,шаттаныңдар, ойнаңдар, демалыңдар.
 Табиғатты сүйіңдер, аялаңдар.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Қыс
        Қыс. Дала аппақ көрпе жамылды. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Күн салқындай бастады. Балалар қалың киімдерін киіп ойнауға шықты. Олар қардан аққала жасап, шаңғы тебуге барды. Мен қысты жақсы көремін. Адамдар таза ауаға шығып серуендеп қайтты. Табиғат қар жауып тұр. Мен қысты ұнатамын. Қыс мезгілінің табиғаты тамаша.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Қыс
  Қыс. Айнала аппақ. Ағаштар ақ көрпе жамылғандай. Қар үстінде алуан-алуан іздер бейнеленген. Айдың жарығымен қар жылтырап көз қызықтырады. Қыс туралы ақындар да көптеген өлеңдер жазған. Менің де көкірегіме өлең жолдары келіп тұр.
Аппақ қар жапалақтап ,
Жауды күнде қайталап.
Сыртқа шығып балалар,
Ойнайды қарға аунап.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма
«Қыстың қызығы»
          Күздің ең соңғы айының  күндерінің бірінде қыстың ызғары сезіледі.  Қыстың   келбеті  алғашқы қардың жапалақтап  жауғанынан, терезені қырау  басқанынан, аяздың  бетіңді  қаруы, боранның соғуы,  сырғыма  желдің  гуілі, мұздың қалың болып қатуынан байқауға болады.  Қыс мезгілінде ит пен баланың құтыруы- деп ата бабаларымыз бекерге бекер айтпаған.  Қыс, адам баласына ең ерекше  жыл мезгілдерінің бірі, себебі  қыс мезгілі мәз- мейрамға толы. Айналада  аппақ  мамық қар жатыр.  Ағаштар  ерекше киім үлгісіндегі  көйлек киіп тұр.  Күн суық.  Күннің суығына қарамастан, балалар  қыс қызығына  тоймай, асыр салып ойын  ойнап жүр. Әсіресе балаларды  мұз  айдынында көп кездестіруге болады.   Олар  қардан  аққала жасап әлек,  әртүрлі жануарлар, құстар бейнесін  жасауда.  Балалардың жүздері күлкіге, қуанышқа, жүректері жылулыққа толы.  Қыстың  адам денсаулығына да әсері мол.  Себебі қыс кезінде ауа таза болады. Қыс қызығымен қызық. Қыста балаларды әртүрлі спорт ойындарымен шұғылданғанын байқауға болады.  Балалардың біреуі   коньки теуіп жатса, біреулері  шаңғы жарысына қатысып жатады.  Ал  басқалары мұз айдынында  шанамен қар үстінде сырғанайды. Қандай керемет!!!  Қыс қызығы таусылмайтын байлық. Қыс айының алғашқы күні де  мерекемен басталады.  Желтоқсанның бірі ел болып, тұңғыш  президент  күнін тойлаймыз.  Алғашқы мереке,  балалар  жүрегінде  мақтаныш сезімі кернеп, қуанышқа толы күннің бірі.    Ал, желтоқсанның  он алтысы - бүкіл қазақстандықтар  еліміздің  тәуелсіздігін  тойлап,  патриоттық  сезімге  толы жүректерімен  қуанышқа бөленеді.  Ал,  желтоқсанның отыз бірінен , қаңтардың  біріне қараған түнінде  күнтізбенің соңғы беттері  жабылып,  жыл басы Жаңа жыл мерекесі тойланады. Бұл мереке әр отбасымен, достарымен, туған – туыстарымен тойланатын мейрам.  Жаңа жыл да  ерекше ағашын әсемдеп, шыршамызды безендіріп, Аяз ата мен Ақша қардың келуін күтіп отыратын күндер.  Дастарқанымызды жарқыратып, үйімізді сәндеп, сыйлықтарды дайындап, елбасымыздың құттықтау сөзін тыңдап , бір – бірімізге жақсы тілектер айтып, жақсы көңіл- күй сыйлап тойлайтын күндер. Әсіресе балалар үшін ерекше мереке.  Қыс мезгілінде адамдар табиғаттың  сыр- құпиясын, ерекше ұмытылмас  сәттерін тамашалап қана қоймайды,  ақын- жазушылар өлең жолдарын арнап, әңгімелерін жазып, суретшілер өз туындыларын елге паш етіп  жатады.  Қыс  қызығын тамашалау әр адам  бойына күш қуат, көңіліне нұр сыйлайды.
ответил от Batyirxanov
0 голосов

Атырау қаласы, №32 орта мектеп

Орындаған: Мамай Ақбаян Аманжолқызы

3 «В» сынып оқушысы

Мұғалімі: Иманбаева Нұрлыгүл Құлымқызы

Шығарма

Көңілді қыс

Қыс мезгілі. Қысқы айларға: желтоқсан, қаңтар, ақпан жатады. Қыста суық болады. Жел тұрып, боран соғып, аяз болып, жерге ақ көрпе жауып, жер тайғанақ болады. Қыста құстар жылы жаққа ұшып кетсе, жабайы жан-жануарлар ұйқыға кетеді. Ал жәндіктер де ұйқыға кетеді. Қыста да мерекелер бар.Бірінші желтоқсан Призедент күні. Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік күні. Отыз бірінші желтоқсан Жаңа жыл. Қыста таудан шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, шаңғы тебеміз, мұзға конькимен сырғанап ойнаймыз. Қысқы еңбектер: қар күреу, құстарға жем беру, ұя жасау. Осының бәрі көңілді қыстың қызығы.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы