Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Әке туралы шығарма керек. Өз өміріңізден алынса да бола береді
спросил от Kuaniysh в категории Школы
категория изменена от Kuaniysh

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
...Әкемді айтып толғанамын...

Әкенің ақ тілеуін өтеу парыз,

Мен бүгін әкемді айтып толғанамын,-деген жолдары бар әнді естіген сайын әкем есіме түседі. Әке туралы баланың бұлайша толға­нуы – заңды нәрсе. Әкелер өмірден өт­кен соң, артындағы ұрпақ олардың қадірін кеш түсі­ніп жатса да, үлгі-өнегесін, ардақ­ты есімін еш уақытта естен шығармайды. Жаратылыстың бір құпиясы сонда, әрбір адам баласының бұл дүниедегі іздері олар өмірден өткенімен, соңында сайрап жатады. Әрине, оны тек ет жақындары сезеді.

          Менің әкем Төлеуов Қаражігіт 1935 жылы Каспий теңізі жағасында орналасқан балықшы поселкесі Баутинде  дүниеге келген.Әкесі қашаннан балық кәсіпшілігінің тізгінін ұстаған балықшы болған.Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еселі еңбек етіп,майданға балық аулап жөнелтумен болған. Әкемнің балалық шағы да соғыс жылдарымен тұстас келген. Ол өзі кейін есіне алып былай дейтін: «Әкемнің қасында балық аулап,қайықпен жүреміз. Жас бала болсам да , үлкендерге көмектесеміз. Теңізде жүргенде кей уақыттарда ұшақтардың гүрілі, бомбаның дауыстары  теңіздің арпалысқан толқындарымен естілетін еді. Соғыс сонда Каспийдің арғы жағалауына жақын жерлерде болып жататынын түсінетін едік.»

Әкем аралаған жерлерінде,тіпті іссапармен барған қала-ауылдарда жол-жөнекей күнделік те жазатын еді.Күнделіктеріне отбасы тақырыбын емес, көбіне жұмыс жайын жазып қойған екен. Онда мекемедегі жиналыстар, тәртіп бұзған жүргізушілер, оларға тағайындалған жазалар,қызмет барысындағы қиындықтары туралы, әкімшілік тапсырмаларын орындау жайлы әңгімеленеді. Соларын оқып отырып, оның құрдастарына арнаған әзілдерді,сапарнамалық көргендерін жазып отыруына әрі таң қаламын ,әрі қызығамын. Бала кезімізде автобазаның шопырлары түн-күн демей,демалысқа қарамай жұмыс жайында немесе жеке шаруаларымен үйге келіп тұрғанда ашуланғанына тоқтау айтып, жылағанын жұбатып, басына іс түсіп қайғырғанына ортақтаса білетініне талай куә болып едім. Ол адамдарды еш уақытта алаламайтын. Бастық адам болып еш уақытта шалқаймайтын,қарапайым адам күйінде өмірге қалай келсе, дүниеден де дәл солай кетті деп білемін. Үш үйдің баласы болып бірі-бірімізге әй-шәй дескен жоқпыз. Үйімізден арылмайтын қонақтың күндізгісін де, түндегісін де аттандырып,өзімізге тамақ жетпей қалатын уақыттар да болған. Соның бәрінде ақылға салып,сабырға шақырып отыратын еді.Балаларының алысқа барып білім алғанын қалайтын.Мен орта мектепті бітірер алдында менен бұрын менің кім болатынымды әкем таңдап қойды десем болады. Өйткені ол қызының абыройлы да беделді маман иесі болғанын қалады. «Менің қызым қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болады және өзім оқыған жастық шағым өткен Қазақстанның көрікті қаласының бірі-Оралда оқиды. Менің онда достарым бар,мен олармен таныстырамын. Мен Оралды жақсы көремін».-деп айтудан танбайтын. Сөйтіп мені өзі Оралға алып келіп,оқуға түскенімше келіп-кетіп жүрді.Әке тілегі қабыл болды, мен Оралдан жоғары білім алдым. Өзім оқыған мектепке ұстаз болып оралдым. Мені әкем мақтаныш ететіндей нәтижеге жеттім,өз мамандығымның мықты маманы атандым. Әкем көтерілген биікке жеттім бе,жетпедім ,білмеймін,бірақ оның арманын орындадым деп есептеймін. Мен қазір әкем жүрген адалдық жолындамын.Ұстаз-анамын,ұстаз-әжемін,ұстаз-енемін.Әкемнің көре алмай кеткен немере қызықтау бұйырып, немерелерімнің қызығына тоймай жүрген қарапайым ауыл еңбеккерімін. Мейлі қандай жетістікке жетсем де, анам мен әкемнің арқасы деп білемін,сондықтан олардың алдында мәңгі қарыздармын.

.

Төлеуова Анар Қаражігітқызы

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
ответил от Kuaniysh
0 голосов

Әке ...

Осы бір сөз мына мен үшін өмірімдегі ен биік,ен адеми асқарым. Сұрағанда ақылшым,сүрінгенде сүйенішім,қамқоршым ол әкем.Бар байлығым анам мен әкем,мен олармен мақтан етем.

Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өміргекелгенбаланыңәрбірсәттіқадамыәкеүшінүлкенмәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.

Мұсылманның ең маңызды міндеттері бар екен. Соның бірі Алла болса, екіншісі әке мен ана екен.Әкеге арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама.Ақын ағаларымыз да шығарма бетеріне де әке мен ананы қосып,тіпті әнші апаларымызда әке туралы әнді жырлап жүр.Сол секілді бүгін менім де, кеудем «Әке» деп жырламақ.

Жер бетіндегі әр бала алғаш қолына қаламы алып, алғаш туындыларының ең алғашын аке мен анаға арнаса нұр үстіне –нұр болар еді.

Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. Әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулап отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбекқорлығының бала тәрбиесіне ықпалы көп.Үш баланың асқар тауы бола білген әкеміз Унгаров Габдулхамит Бурханұлы.Әкеме қарап бойтүзеп келе жатқан інім биыл мектеп бітіріп,елінің жанашыры ақ халатты абзал жан атанбақ.Екі қызын қияға қондырып,үш жиен тәрбиелеп отырған ата.

Әке- мына өмірдің сәні.Жас ұрпақ әкелерін сыйлап өтсе,бақытты пенденің бірі болмақ.Өйткені әке бала үшін жанын бермек,баланын да әке үшін шығар жаны бөлек болуы керек.

Әкем-біреу, анамда біреу менің,

Жүрегімнің қақ ортыасы осы менің

Олар барда мен ешкімнен қорықпаймын,

Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов