Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ғаламтор туарлы шығарма керек. Өтініш тауып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ғаламтормен уланған әлем

  Уақыттың тығыздығы, бос уақыттың мүлде жетіспеуі, көшедегі көліктердің сансыз ұзын кептеліске тұруы, әрлі-берлі асыққан адамдардың үзіліссіз тобыры. Мұның барлығы бұрын болмаған, біздерге жат құбылыстар еді. Ә, міне, тағы бір өзгеріс. Бірнеше жастар тобы кетіп барады және жай ғана емес, барлығының құлағында құлаққап, қолдарындағы телефонға үңіле қарап барады. Не бар екен ішінде, а? Бағдаршамға қарамай жолды кесе өте бастады, құлақтағы құлаққаптың салдарынан көліктің сигналын естімей қалған тәрізді. Аһ, болмады, мына жасөспірім ауруханада кем дегенде екі ай жататын секілді.

         Міне, қазіргі заман тұрғысы. Ғаламторды үлкен жаңалықтардың осі деп айтуға болады. Онда ақпараттар жедел түрде, әлемнің түкпір-түкпіріне бірнеше милл секундта бірдей уақытта жол тартады. Оның есігін айқара ашып кірген әрбір адамға шығу жол өте қиын. Мейлі жас болсын, мейлі қарт болсын гипноздың тұсауына түседі десем қателеспеймін. Бір көргеннен кейін қайтадан көргің келеді, осылайша қызығушылық оянып, ондағы тұрақты тұтынушыға айналасыз.Бұл жерде ата-ананың қателігі де есепсіз. Кішкентай сәби жүректерді компьютердің алдына өздері апарып отырғызады немесе қолдарына ұялы телефонды ұстатып қояды. Осы жағдайлардың салдары қазіргі кезде аса үлкен мәселеге айналып, бала денсаулығы әлсізденіп, иммунитеті төмендей бастады. Ауруханаға барып, бірден окулистің кабинетіне қарай жол тартып көріңіз.Алдыңда тұрған сансыз кезекте кішкентай ғана, әлі 10 жасқа толмаған ұл-қыздарымыз. Ал олардың көздері -5 немесе -6-ға дейін жеткеніне бір емес бірнеше рет куә болдым. Гипнозда отырғандай мультиктен бас алмайтын бұл бүлдіршіндерге нені түсіндіре аламыз?

Менің айтқым келіп  отырған негізгі ойым –бір сәт компьютерден тұрып, ата-анаңызға, достарыңызға көңіл бөліп, өмірді қызықты өткізуге тырысыңыздар, өмір тек қана ғаламтор бетінде емес. Сондықтан да айналаңыздағы шын достарымызбен жиі серуенге шығып тұруға тырысыңыздар. Жақсы көңіл күй, шаттық, бақытты күлкі сізді өмірге жаңа көзбен қарауға үйреткендей болады. Жиі күліңіз, себебі күлкі өмірді ұзартады.  Және де жаяу жүру, өте пайдалы жаттығудың бірі. Ұлы ойшыл, ғалым әл-Фараби: «Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек»,- деген екен. Сондықтан денсаулыққа пайдалы спортпен айналысу, дұрыс тамақтану сияқты қарапайым нәрселерді сақтап отырсақ, бізге ештеңе кедергі болмас.  Соған сеніміміз мол болғай!
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
17 ответов