Тақырыбы:
«Қош келдің
- Жаңа жыл!»
Мақсаты:
Балаларды жаңа жылмен,
оның ерекшеліктерімен таныстыру.
Мерекеге сәйкес көңіл – күй туғызу.Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну,
әсер алу қабілеттерін жетілдіру.Сөйлеу тілін дамыту.
Көрнекілік:
Қыс туралы суреттер, ойыншықтар ілінген шырша, орындық,музыка орталығы.
Жүргізуші: (Жүргізушінің
даусы тыс жерден шығады)
-Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар.
Басталады Жаңа жылдық кешіміз, ән де бар, би де бар, ойын да бар, асығыңдар,
шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Басталады. Басталады. Жаңа жылдық
карнавал! Кешіміздің иелерін қарсы алайық!(қол шапалақтау, Аяз Ата және
Ақшақар, балалар кіреді)
Уа, халайық жарандар, Көмейіме жыр кеп тұр
Айналаға қараңдар! Жаңа жылды қарсы
алып,
Жаңа жылдың бұл тойын, Өткізейік дүрмекті.
Салтанатқа санаңдар. Уа,халайық той бүгін
Қызық көріп,шат болып, Бақыт, шаттық мол бүгін
Шаттық күліп тараңдар. Қарсы алайық Жаңа жылымызды
Уа, халайық құрметті, Ұзатып сап ескі
жылды.
Сәлеметсіздер
ме, құрметті қонақтар , ата-аналар, балалар! Міне, көптен күткен қыс мезгілі де
ортамызға келіп жетті. Жер үсті аппақ қарға оранды. Қыс айында бәріміз асығып
күтетін тамаша бір мереке бар. Ол мереке – Жаңа жыл мерекесі!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасында береке, бірлік, татулық, жылылық,
қуаныш болсын! Шағын орталық балалары дайындаған ертеңгілікке қош
келдіңіздер!
-Балалар бүгін бізде қандай мереке?
Балалар: -Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөз мектеп
әкімшілігіне беріледі.
-Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.Келіңдер сән құрып,
қол ұстасып тұрып,ән салайық.
Ән: «Аппақ,аппақ
жапалақтап»
Би: «Өзбек биі»
Жүргізуші:
Балалар, ортамызда әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші:
Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған
тақпағын айтып береді.
Бала:
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа
жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл
құт әкелсін
Мына отырған барша жан
бәрімізге
Бала: Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң
болсын.
Төрлет, төрлет
жаңа жыл,
Бізге құтты жыл
болсын!
Ән: «Жаңа жыл жыры» Би: «Қамажай»
Бала: Кел, Жаңа жыл! Төрле - төрле жеріме
Құт – береке боп
келгейсің еліме!
Үміт артып
армандарға аяулы
Шаттығыңа
бөлегейсің мені де Бала: Аппақ тонға оранып,
Келеді алыс сапардан,
Базарлықты мол алып. Аяз ата қуанып.
Бала: Кел,
Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Дастарханды
отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл
бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай
ел, талай халық
Ән: «Аяз Ата»
Би: «Көбелектер»
Бала: Келген сайын көңілді
өсіресің
Ұлы болсын
басталған осы көшің
Төгіп – шашпай тасытып
кетсең екен
Қазақ деген
шаңырақтың несібесін!
Бала:
Жаңа жылда жаңа белден
асамыз
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз
Бейбітшілік
ұранымен,жеңіспен
Жаңа жылда жеңіспен
алға басамыз.
Бала: Өлең де әзір,ән
әзір,
Ойын да әзір бәрі
әзір.
Кел Жаңа жыл
біздерге,
Кел Жаңа жыл, Жаңа
жыл!
Ән: «Аяз ата»
Би: «Орыс биі»
Бала: Зеңгір көкте жұлдыз болып
жанайық,
Ай жүзіндей
айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға
қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты
болсын ағайын!
Бала: Азаймасын
ән мен жыр.
Ел көңілін көтерсін,
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймын сіздерді!
Ән:
«Жасыл шырша жанында» Би: «Флешмоб»
Ән: «Жаңа жыл жыры»
Би: «Аяз ата»
Ән: «Жасыл шырша жанында»
Жыл басы кім болады? (музыкалық
ертегі)
Алаңның ортасында ұйықтап
жатқан қоян. Қоян есінеп, ұйқыдан жаңа оянғандай жан-жағына қарап, біреулерді
іздейді.Ешкімді көрместен өзімен-өзі билей жөнеледі.
Бидің әуенін естіп, орманың түрлі жануарлары жиналады.Олар қоянға
қосылып билейді, Бидің аяғында жануарлар сағаттың дыбысын тыңдап түрып қалады.
«Бұл не? Ия бұл келе жатқан жаңа жыл, біз жылды қарсы алу үшін шақырылған екенбіз
ғой...»
Жүргізуші: Жыл басы тек мен болам Жылды қарап тұрайық
Деп хайуандар
таласты Ойын-сауық құрайық
Өз-өздері
мақтанып, Ең бұрын көрген
батырды
Уаждары
жарасты. Жыл басы деп
ұғайық
Ормандағы жануарлардың әрқайсысының жыл басы болғысы келеді. «Неге мен
жыл басы болмаймын? Мен кімнен кеммін?» деген өзара талас басталды. Маңғаздана
асықпай басып,ортаға алдымен сиыр шығады.
Сиырдың әні: - «Мө»деп
мөңіредім Көгалда
тұрағым
Молшылық
төңірегім Дайын тұр
құрағым
Жыл басы боламын
деп,- Сүтімен, етімен
Ертерек келіп едім. Адамға ұнадым.
Жылқының әні: -
Алысқа шауып барамын Әсем
десең, әсеммін
Адамның бабын
табамын Сылаң қағып өсемін
Пайдасы мол жылқымын Кең далада көсіліп
Жыл басы мен
боламын Самал желдей
есемін.
Түйенің әні: - Түйе, түйе, түйемін Жан- жағыма қараймын
Жануармын киелі Күн мен түнді санаймын
Кім таласар
бойыма Мен өзімді
даланың
Жыл басына
иемін Кербезіне
санаймын
Барыстың әні: - Ырр,ырр, Барыспын, Барыспын Күшіме сенемін, сенемін
Бәріңе таныспын, таныспын Бәріңді жеңемін, жеңемін
Айналама сыйлымын,
сыйлымын Жыл басы болуға
Сезімсізбен алыстым,
алыстым Шіреніп келемін. Ұлудың әні: - Ұлу деген мықтымын Үйім бірге өзіммен
Жарқын- жарқын шықты үнім Сабыр етем төзіммен.
Ойым озар
өзімнен Күш
пен көрік құлпырар
Ақыл, ой бар
сөзімде Салиқалы сөзімнен. Жылан мен маймыл би билеп
ортаға шығады.
Қойдың әні: -Бә,бә,бә, мен
қоймын
Қараңдаршы, қандаймын
Көк шөпке тойдым Аппақ болған
таңдайым
Жыл басы болуға Жыл басына
лайық
Келіп тұр ойым Жарқырап
тұр маңдайым.
Тауықтың әні: -Қо,қо,қо,қо
қоқ Құрт-
құмырсқа жейтінім
Жыл әні неге
жоқ? Жоқ ешбір
кемтігім
Жұмыртқамды жеген соң Бәріңде бос мақтанып
Барлық бала
тоқ
Шаршамаңдар ентігіп
Иттің әні: - Абалап үремін Ит
болғасын үремін
Үй қорып жүремін Сергек өмір
сүремін
Адамның көмекші Жеті қазынаның бірімін.
Досының бірімін. Адамды қорып
жүремін. Жүргізуші:
-Жылды қарап тұрайық, Тышқан қулық ойлайды
Ойын- сауық құрайық Келіспеске қоймайды
Ең бұрын көрген
батырды Шығып алып
түйенің
Жыл басы деп
ұғайық Өркешімен
ойнайды. Доңыз бен қоянның дуэті: - Түйе мойынын
созады,
«Мен болам» -деп жар салып.
Тышқан одан
озады,
Жылды алғаш қарсы алып.
Осы кезде тау арасынан күн көтеріліп шығады.Тышқан түйенің басына
өрмелеп шығып әнін айтады.
Тышқанның әні: -Алақай, алақай Қулығыммен айламмен
Күнді көрдім, алақай Бәрін жеңдім алақай! Жүргізуші: -Тышқан деген
батырың Барлығыңда
қараңдар
Таңды көзбен
атырды Енді үйге
тараңдар
Төбесінен түйенің Жылды көрген
тышқанды
Жылды көріп
қатырды Жыл басы деп
санаңдар.