Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

«Ойын ойды сергітеді» атты мерекелік спорттық жарыс

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

БҚО Орал қаласы

№46 ЖОББМ-нің

мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Жумина Айнур Нуржановна

«Ойын ойды сергітеді» эстафеталық спорттық ойын-сауық

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Балалардың дене мүшелерінің қалыптасуына жағдайлар жасау, гимнастикалық, спорттық құралдарды қолдану арқылы дене бұлшық еттерін жетілдіру. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Қажетті құралдар:

Ат, қарындаш, құрсау, қаптар, жіптер, себеттер, доптар.

Жүргізуші:

- Сәлеметсіздер ме. балалар! Бүгін бізде«Ойын ойды сергітеді» атты мерекелік спорттық жарыс өткелі отыр. Бүгінгі сайысқа «Шаттық», «Ақниет» командалары қатысқалы отыр.

Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға шақыралық.

«Спорттық би»

«Шаттық» ұраны: Біріміз бәріміз үшін,

Бәріміз біріміз үшін,

«Ақниет» ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды,

Бала тәрбиелеген тәрбиеші,

Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

“Ат жарысқа” кезек берелік.

Шарты:

Әр топтан балалар атқа мініп шауып өзеннен жүзіп өтіп,тау басынан асып өтіп кері жүзіп, тобына оралу (4 баладан)

Ән: «Жаңбыр»

Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

“Тез адымда” сайысы.

Шарты:

Бір себеттен –екінші себеттке доптар тасу. (2 баладан)

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші.

Ептісі деп сайыстың жүрейікші.

“Кім епті” сайысы .

Шарты:

А) Үңгір астынан өту.

Ә) Жіптен секіру.

Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру. (1 баладан)

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

“Кесте құрау” сайысы.

Шарты:

Тәрбиеші балаларға ұзындығы әртүрлі түрлі түсті таяқшалар береді. Балалар жалаң аяқ тұрып, аяқ башпайларымен түсі және ұзындығы әртүрлі таяқшаларды қолданып, әртүрлі кестелер құрайды. (2баладан)

Жүргізуші:

Жарқын,шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

( Қортындылау, мадақтау ).

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов