Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от adaanaa в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Туленова Ақкүміс Наженқызы

№13 «Балапан» балабақшасының ІІ санатты тәрбиешісі

Атырау қаласы

Қош бол, балабақшамыз!

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда ,

Жол табар қараңғыда адасқанда,

Мал озбас, біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда - деп, Міржақып ақын айтқандай, тарыдай болып кіріп, ақыл толысып, оң солын танып,

Жақсы мен жаманды айра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің

«Қош бол , балабақшамыз ! атты мерекені бастауға рұхсат етіңіздер!

Жргізуші:

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да .

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық.

Бүлдіршін түлектерді ортамызға.

Музыка әуенімен залға балалар кіреді.

Жүргізуші:

Бүгін қызық бүгін той

Біздер үшін біліп қой.

Ән де салып , би-билеп

Жалғастырып ойды ой.

Бй ( Шашу бй )

Ортаға 6 -бала шығады.

Ринат

Құшағында жарқылдап, атты сәби күндерім.

Би биледім. Ән тындап, аландауды білмедім.

Ринат

Гүлге толы жан-жағым, асыр салып , жүгірдім

Өсіп толып –талғамым , көп нәрсені ұғындым .

Сен үйреттің сөйлеуді, сенде ойым есейді

Мектепке барам мен енді балабақшам,

Қош енді !

Нұрай

Мәпелеген анамыз.

Бақша болды панамыз

Мектепке енді барамыз.

Оқып білім аламыз.

Саят

Қызық күндер Өткіздік.

Балабақша бағында

Көп оқыдық, көп білдік,

Ел мен Отан жайында.

Мансур

Ана тілім ардақтап,

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап,

Оқып жазып үйрендік.

Расул

Оқймыз білім аламыз.

Болашақ жолын саламы

Біз мектепке барамыз.

Ән «Біз мектепке барамыз»

Есікті тықылдатып 5-тік кіреді.

Бестік Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені Сендерге білім ханшайымы жіберді. Сендерді білім әлеміне қонаққа шақырып жатыр.

Алдарында көптеген кедергілерді жеңіп шықсаңдар, «Білім кілтіне» ие боласыңдар.

Саяхатқа баруға дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә дайынбыз.

Бестік: Онда алдымен менің сұрақтарыма жауап беріңдер

Сұрақ –жауаптар

-Жылдың неше мезгілі бар?

Төрт түлікті және төлдерін қалай атаймыз?

Отбасы дегеніміз кімдер?

Үй құстары мен дала құстарын атаңдар.

Қандай пішіндерді білеміз?

Балалардың жауабы:

-Бәрекелді бәрін де ақылды екенсіндер. Сендердің білімдеріне өте риза болдым. Жолдарын болсын жас достар!

Жүргізуші:

Балалардың тақпағы

Қадірбек

Кішкентаі емеспін,

Алтыға толам мен

Ертең-ақ мені ешкім,

Бір өзім мектепке баратын болдым мен.

Дамир

Ән салғызып билеткен

Ылғи бізбен жүреді

Тақпақты да үйретіп

Ойнатады күледі

Қызық-қызық ертектер

Біздерге оқып береді.

Жылауық та тентек те

Сол Апайға көнеді.

Санжар

Оқймын сөздерді

Суретте саламын

Мінезім өзгерді

Енді мен ақылды

Тәртіпті боламын.

Медет

Әріптерді үйретіп

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жирентіп,

Ақыл болған кім бізге?

Десек, ол жан Мұғалім,

Таласады сірә кім?

Асылхан

Үйренеміз өнерміз

Шетімізден шеберміз

Тақпақ, айтып, ән айтып

Билеп-билеп береміз.

Расул

Тақпақ, ертек, ән бидің

Бәрін бойға құйғыздың

Санамызға сіз біздің

Бар асылдың сыйғыздың,

Рахмет сізге Мұғалім

Жүргізуші: Балалар, онда бәріміз кемеге отырып сапарымызға аттанайық. ( Балалар кемеге барлығы сыйысып тұрады )

Енді сапарымызға аттанайық.

Жүргізуші: сапарымыз көңілді болу үшін Теңізшілер Биін Тамашалайық.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы бір арал көрінеді. Біз қайда келдік?

Чунка-чанка биі.

Жүргізуші: қызық екен мұнда бәрі керісінше ғой. «жұмбақ аралына келген сияқтымыз. Мұнда бізге әзірлеп қойған тапсырмалар бар екен. Кері жазылған сөздерді дұрыс оқысаңдар, аралдан шығасыңдар дейді.

Жүргізуші : Әріп дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстар нешеге

Бөлінеді?

Жүргізуші: Жарайсыңдар , балалар, Тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Енді әнімізді орындап сапарымызды одан әрі жалғастырамыз. Алдарыннан қарақшы шығады.

Қарақшы: Сендер кімсіңдер? Қайда бара жатырсыңдар?

Баладар: Біз.№13 «Балапан» Балабақшасының түлектеріміз білім әлеміне саяхатқа бара жатырмыз.

Қарақшы: Қайдағы білім әлемін айтасыңдар. Мен сендерді ешқайда жібермеймін. Білімді болсаңдар алдымен менің тапсырмамды орындап көріндерші:

Жұмбақ есеп

Пісіп тұрған төрт алмұрт.

Қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұрт бұтақтан

Алып жеді Мұратқан

Қанша қалды Алмұрттан. ( екеу )

Қазып жүр құмды 5 мысық

3-уі жатыр күн ыстық

2-уі жүр шомылып

Барлығы қанша санап шық (он )

Ойын жарыс

3+2

8-2

4+ 3

3+3

Қарақшы : Жарайсыңдар , тапқыр екенсіңдер. Мен сендерді босатайын Ол үшін менімен бір ойын ойнандар. Мектеп, Астана , деген сөздерді жаздыру.

Қарақшылар құрметіне «Қарақшылар биі»

Қарақшы : Жолдарын болсын! Сау болыңдар!

Жүргізуші:

Ұл-қыздарға көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билесін шаттана

Би: « Қол шатыр»

Алдарыннан білім ханшасы тосып алады.

Білім ханшасы: Сәлеметсіздер ме балалар!

Білім әлеміне хош келдіңіздер! Мен сендердің білімдеріне риза болдым.

Сендердің болашақта еліміздің мақтан тұтарлық азаматтары болатындарына сенімдімін, сондықтан білім кілтін өздеріне табыстаймын!

Мен сендерді күзде «Мектепте» қарсы аламын. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар, енді «Балабақшамызға» оралып тәрбие берген балабақшамызға алғысымызды айтайық бақшамызға тез жету үшін Ән, тақпақ айтып барайық.

Гүлдендірген бақшаны

Менгеруші апай жақсы адам

Сондықтан да, біз үшін

Артықсыз сіз басқадан!

Светлана Камаловаға Мың рахмет!.

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған Әбігер

Қамқоршымыз Дәрігер

Дәрігер Апайымыз

Жанат Бурановаға Мың рахмет!

Ойымызға ой қосып

Санауды бізге үйреткен

Жақсы болсақ қуанған

Қате, болса кешірген

Апайымыз Гүлсім Ибраева

Айтамыз мың алғыс!

Тәтті тамақ пісірген

Айран сүтін ішкізген

Аспазшы апайлар сіздерге

Мың алғыс!

Мұнтаздай ғып бөлмені

Жайнатып-ақ қояды.

Бар жақсыны сыйлаған

Ұмытпаймыз апайды

Біздің топта екінші

Жақын болар көмекші

Ас береді дайындап

Жанға жылу береді.

Ән Я, Ты, Он, Она.

Барлығы бірге

Қуаншымыз біздің мол,

Мектепке біз тарттық жол!

Ұмытпаймыз өзінді,

Балабақшам, қош сау бол !

Жүргізуші:

Соңы:

Әрбір бала жұлдыз сыңды көктегі,

Сөнбейтұғын көңіліңнің көктемі.

Жұлдыз болып жаңа бер тілейді.

Қарашаңырақ- «Балабақша ұжымы»
ответил от adaanaa

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
6 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов