Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Атырау облысы, Атырау қаласы

№26 «Жұлдыз» балабақшасының

бейнелеу өнері маманы

Окашева Қаламқас Шангереевна

№4 «Бауырсақ» ІІ кіші сәбилер тобының жаңа жыл кешіне

арналған ертеңгілігі

Балалар дөңгелек болып музыкамен кіреді.(новогодние игрушки)

Барлық жандар бір білікке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Жүргізуші: Құрметті ата аналар, ұстаздар, қонақтар!!! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Шырша жыры» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

-Келесі кезекті балалардың тақпағына берейік.

- Аянат: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Анель: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.

Ясмина Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Сұлтан: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

-Жарайсыңдар,балалар! Ал енді барлығымыз «Зырлайды шанамыз» әнін айтайық.

-Балалар біздер бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?

-Жаңа жыл мерекесін

-Жарайcыңдар, енді осы мерекеге кімдер жетіспейді?

-Аяз ата мен Ақшақар

-Олай болса, Аяз ата мен ақшақарды бәріміз бірге шақырайық.

-Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!

Осы кезде ішке әуен ырғағымен сиқыршы кіреді.

Сиқыршы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдық мерекелерің құтты болсын.Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Сиқыршы таяғымен сермегенде шырша түбіндегі қорапша қозғалып ішінен малвина қыз шығады.

Мальвина: Сәлеметсіңдерме, балалар. Мерекелерің құтты болсын. Сиқыршы саған көп рахмет. Мына қораптан шыға алмай отыр едім. Денемнің бәрі құрысып қалды. Билеп бойымды жазып алмасам. Міне, менің әдемі қуыршақтарым отыр екен ғой. Келіңдер қуыршақтар биін билейік.

Би: «Қуыршақтар»

Сиқыршы:- Балалар қайтадан шыршамызды жағып көрейік.
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, шыршамыз да әдемі болып жарқырап тұр. Олай болса, балалар, ортаға шыршаға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Найла: Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Аянат: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Даниял Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Ералы Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Сымбат Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

Еламан: Шыршаны айнала,
Қоршаған қуыршақ.
Кел биле, кел биле,
Қоян, лақ, құлыншақ.

Шынай: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға

Ән: «Шамшырақ» хормен

Жүргізуші:-Ал,енді қыздарымыздың «Шырша»биін тамашалайық.

Осы кезде әуен ырғағымен залға сайқымазақ кіреді.

Сайқымазақ:-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Қалдерің қалай? Мен қайда келдім?

Балалар: -Жаңа жылға

Сайқымазақ: -Ммм, жаңа жыл деген осындай болады екен ғой. Ал, мынау не?

Балалар: -Шырша

Сайқымазақ: -Шыршаларың қандай әдемі.Балалар мен сендермен бірге жаңа жылды тойлап, қызық көргім келеді, рұқсат етесіңдер ме?

Балалар: -Ия

Сайқымазақ: -Олай болса, балалар, мен сендермен Аяз ата мен Ақшақар келгенше ойын ойнайын.

Ойын: «Қар кесегін жинаймыз»(Әуен ырғағымен балалар қар кесегін жинайды)

Жүргізуші: -Жарайсыңдар, балалар. Қане, енді бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды тағы бір шақырайық. Келе жатырған болар.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Бәрі: Аязата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар.

Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қол шапалақтап қарсы алады.

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: -
Аяз ата!

Ақшақар.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Қош келдің,Аяз Ата» хормен

Ақшақар: -Менің ұлпа қарларым қайда? Келіңдер әдемі биімізді көрсетейік.

Би: «Ұлпа қарлар»

Жүргізуші:-Балалар келіңдер ортаға Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Мерей Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Нұрсая: Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араласам биге де.

Аниса Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

Айару Сат: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Мансур: Тақпақ, өлең жаттадық,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.

Ернияз Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады.

Мейірхан: Сапалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапанды,
Сағындым Аяз атаны.

Би: «Ергежейлілер»

Жүргізуші:-Міне Аяз ата, біздің балаларымыз шеттерінен өнерлі және ақылды. Енді сіз біздің балаларымыздың орыс тіліндегі тақпақтары мен әндерін тамашалаңыз.

Самина: В новый год!

В новый год!

Много праздничных хлопот!

Фариза: Новый год!

Новый год!

Много счастья принесет!

Ералы: У дедушки Мороза!

Здоровье-хоть куда

Его не испугают

Любые холода

Ән: «Новогодный хоровод» орындайтын:Нұрай, Аянат

Осы кезде бір топ аңдар келеді. Балаларды жаңа жылдарымен құттықтап, өз тілектерін айтады.

Қасқыр:- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгінгі жаңа жыл мерекелерің құтты болсын.

Түлкі: -Балалар, мерекелерің құтты болсын. Жаңа жылда жастан жасқа жетіп, бақытты болыңдар.

Кел бәріміз сергіп билеп алайық. Сергіту әуенмен.

«Аңдар» биі

Залға әуенмен Аққала кіреді.

Аққала: -Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын. Мен мына аңдарды қуып жете алмай келем. Орманнан бәріміз бірге шыққан болатынбыз. Олар менен бұрын жетіп алыпты. Менің осында кішкентай достарым бар еді. Солармен бірге мен де Аяз атаға өнерімді көрсеткім келеді.

Би: «Аққала»

Жүргізуші:

Тамерлан: Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ

Қарақат Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.

Каусар: Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.

Айзере: Жүзімізде күлкі ойнап,
Шаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

Бақытбек: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды,
Қонақтарды бәрін де.

Әділ: Орманның бар аңдары,
Бүгін бізде қонақта.
Балалармен би билеп,
Қуанады шаттана.

Нұрай: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел Жаңа - жыл біздерге,
Кел Жаңа - Жыл, Жаңа - жыл!

Нұрғиса: Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

Сиғ. Айару: Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.

Айназ Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке - шеше

Құтты болсын Жаңа жыл

Жүргізуші: -Міне Аяз ата мен Ақшақар және барлық келген қонақтар біздің балаларымыздың өнерлері осындай.

Аяз ата:- Жарайсыңдар, балалар. Бәрің шеттеріңнен өнері және ақылды екенсіңдер. Рахмет сендерге. Мына менің қоржынымдағы сыйлықты қазір апайларың топқа барғасын таратып береді. Бізді енді басқа балабақшада күтіп қалды. Енді келесі жылға дейін,қош сау болыңдар. Жүріңдер менің кейіпкерлерім.

Барлығы:-Сау болыңдар,балалар.

Жүргізуші: -Рахмет балалар. Бәріміз әдемі болып жаңа жыл кешін тойладық.

Осымен біздің жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ