Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

БҚО Орал қаласы

№46 ЖОББМ-нің

мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Жумина Айнур Нуржановна

«Жарқыра жаңа жылдық шырша»

Балалар музыкамен безендірілген залға кіреді

Ж: Жаңа жылға арналды жаңа жыр

Жаңа жылды шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылмен келді ғой

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

Қымбатты қонақтар, балалар сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жылда жаңа табыс, жаңа бақыт, елімізде құт-береке, тыныштық болсын деп тілейміз!

1бала:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде

2бала:

Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын-жарқын ән салып

Жалғасады жылға жыл

3бала:

Құтты болсын жаңа жыл

Тола берсін санамыз

Болашаққа жол ашар

Аман болсын данамыз

4бала:

Аман болсын еліміз

Жайнай берсін жеріміз

Жаңа жылмен мейрамды

Кел тойлайық бәріміз

5 бала:

Құтты болсын ата-ана

Жаңа жылың бүгінгі

Бауырыңда балаларың

Ұзақ болсын өмірің

6 бала:

Ортада таңдантып талайды

Шыршамыз жасанып жайнайды

Құбылы, құлпырып айнала

Сиқырлы сәулелер ойнайды

7 бала:

Жасыл шырша жайнаған

Ертегілер еліндей

Қандай ғажап айнала

Құлпырғандай айнала

8 бала:

Киіндік ұл мен қыз

Ақ болып, жан болып

Танымай тұрсын деп

Досымыз таң болып

Ж: балалар мен сендерге өте қызық әңгіме айтып бергім келіп тұр. Ал сіздер ол әңгімені тыңдағыларың келеме?

Б: Ия

Ж: Ендеше тыңдайық. Ол әңгіме бір кішкентай қыз туралы. Бір күні кішкентай қыз жаңа жылды тойлау үшін орманға барып шырша шауып әкелмекші болады.

Қыз: Жаңа жыл болса келіп қалды. Шыршасыз жаңа жыл болама, орманға барайын шырша әкелейін.

Ж: Келе жатып бір шыршаны көреді қуанып шаба бергенде шырша артынан қоян шыға келеді

Қоян:Сен бұл шыршаны шаба көрме біз ол шыршаны жақсы көреміз

Қыз: Жарайды қоян мен шыршаны шаппаймын

Ж: Қояндар қуанып шырша түбіне тығылып қалады. Қыз әрі кетеді алдынан тағы шырша кездеседі. Қыз қуанып шаба бергенде, қылмаңдап түлкі шыға келеді.

Түлкі: Сен бұл шыршаға тиме, бұл әдемі емес, кішкентай, оданда анау шыршаға бар ол әсем биік

Қыз: Жарайды түлкішек мен оған тимеймін

Ж: Дейді де қыз әрі қарай кетеді, ал түлкі қызды алдап соққанына мәз болып қалады. Қыздың алдынан тағы үлкен шырша кездеседі, балтаны көтере бергенде артынан ақырып аю шығады. Қыз қорқып қашып кетеді. Келе жатып бір үйшікті көреді.

Қыз: Ой қандай тамаша үй өзі қардан мұздан жасалған, мұнд кім тұрады? Тук-тук

Ж: Үйден Ақшақар шығады

Ақшақар: Сен кімсің?

Қыз: Атын айтып, ормнда шырша іздеп аралап келе жатыр едім, ал сіз кімсіз?

Ақшақар Мен Ақшақармын , мен сіздерге жаңа жыл мерекесін тойлауға барғалы жатырмын, барғың келсе сенде жүр

Қыз:Мен қалай барамын, үстімде тон аяғымда байпақ

Ақшақар: Үйге кір мен сені қармен әдемілеп киіндіремін (үйге кіргізіп киіндіріп шығады)

Қоян , түлкі, аю бізді де ала кетіңдерші деп айтады

Ақшақар: Міне бізде келіп қалдық

Ж: Қош келдің Ақшақар ал, атамыз қайда?

Ақшақар;Ол орманға сыйлық әкелем деп кеткен келіп қалар

Залға ентігіп Аққаламен қоян кіреді

Ақшақар: Не болды жайшылықпа?

Қоян : Бізді қасқыр қуды. Аяз ата балаларға тез жеткіз деген қасқырдан қашамыз деп кешігіп қалдық (Жүргізушіге хат береді)

Ж: хатты ашып, қымбатты балалар

Сендерге әзір сыйым бар

Аталарың кешігіп келетін сияқты, мен келгенше шыршаның шамын жағыпқойыңдар. Мені күтіп тұрмаңыз, әсем әнді шырқаңыз хат жіберуші Аяз аталарың

Ақшақар: Ендеше атам кешігетін болса бір құпиясы бар шығар. Ендеше не тұрыс шырша ашмын жағайық. Барлығы хормен «Қуант бізді таңырқат, шамдарынды жарқырат» (2 р) Бәрі қол соғады.

Ж: Ал ендеше балалар бүгінгі жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын,

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

9 бала:

Сылдырлайды моншағы,

Шыршамыздың мол шамы,

Жаңа жылмен жолдары,

Құттықтаймыз баршаны.

10 бала:

Жарық сеуіп баршаға,

Шамы жанды ортада,

Тауысылмайды жарық шам,

Таңға дейін жансада.

11 бала

Оралды өлкеме,

Жаңа жыл армысын,

Оранды ақ көрпе,

Асқар тау қарлы шың.

12 бала

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз,

Өлең де әзір ән де әзір,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

13 бала:

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз,

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

14 бала:

Жаңа жыл жол болсын,

Тынбасын жарқын ән,

Қамбада мол болсын,

Ақ маржан алтын дән!

15 бала

Жауып күміс ұлпаны,

Шыр айналдық шыршаны,

Шоқ жұлдыздай көктегі,

Жымын қағып тұр шамы!

Ж: Ән «Шырша жанындағы би»

Ақшақар: Маған аңдар айтып еді – Орман алабында сиқырлы жемістер өседі деп, бірақ мен олардың дәмін татып көрген емеспін. Атам соны әкелемін деп уәде берген, бірақ неге кешікті екен, мүмкін .....

Ж: Ия, мүмкін бізді тауып алмай адасып жүрген шығар. Қане бәріміз шақырайық – Аяз-ата ау! (Аяз ата кіреді қасында жаңа жыл)

Аяз-ата: Ау амансын ба ұлдарым, амансын ба қыздарым,

Қандай жарқын жүздерін, қандай әсем жырларын,

Аталарын сендерге шаршап келді алыстан,

Өздеріне оралдым, бар сыйлығым жоралғым,

Керемет бір ән тындап, келіп тұр ау демалғым.

Ж: Бар баланың қонағы, төрлет ата жоғары,

Балалар атамыз шаршап келіпті, сәл демалып алсын. Ал мынау кім ертіп келгеніңіз?

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Жаңа жыл: Армысын халайық, қане бері қарайық,

Мен жаңа жыл улумын, береке ырыспын.

Аяз-ата: Балаларым сендерге жаңа жылға келемін деп айналып қалдым. Айтпақшы Ақшақар сенін тапсырманды орындадым. Мынау ұлпақар жемісі, ло жай емес сиқырлы жеміс, оны жеген адам көңілденіп, жамандықтын бәрін ұмытып жақсы адамға айналады.

Ақшақар: Ой ата рахмет, енді жер бетінде тек жақсылық қана болады.

Ж: Балалар атамыз демалғанша әдемі ән, тақпақтарымызды айтып берейік.

Аяз-ата: Қане достар бастайық,

Кімнің әні күйі бар, кімнің әсем биі бар,

Өнерліге беретін, менін мол сыйым бар.

Би «Көңілді би»

16 бала:

Бар баланың қонағы,

Төрлет ата жоғары,

Барлық бала өзіндей,

Қашан мырза болады.

17бала:

Бізбен бүгін ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды,

Барлық бала бақытты,

Болса екен деп ойлайды.

18бала:

Таяғы бар қолында,

Қар борайды соңында,

Қандай сыйлық бар екен,

Арқалаған қабында.

19бала:

Здравствуй елочка наш друг,

Собрались мы все вокруг,

Песни петь и танцевать,

Дружно новый год встречать!

20бала:

Ты пришла на радость детям,

Новый год с тобой мы встретим,

Дружно песню заведем,

Весело плясать пойдем!

21 бала:

Огни на елке разные,

Зеленые и красные,

И желтые и синие,

И все они красивые!

Ән «Аяз ата»

Дүнкілдетіп қарақшы кіреді.

Қарақшы: Мен сотқармын, ақылы аз,

Айтқан сөзді еш ұқпас,

Мен қарақшымын, сендер неге тұрып қалдындар,

Қане тез билендер!

Жалқаулар тез залға қарап, құрметті көрермендер,

Сіздердін алдарыңызда менін қуыршақтарым,

Әлемдегі ең әдемі қуыршақтар полька биін билейді.

Қане қол соғып қошемет көрсетейік.

Қарақшы Жарайсындар, тамаша, қане тез бері келіндер.

Ақшақар: Ах, жауыз қарақшы! Қалай ғана қуыршақтарды ренжітесін, сені жазалар едім, бірақ мен ешкімді ренжіте алмаймын. Одан да мына ғажайып жемістін дәмін татып көрші – деп ұсынады.

Қарақшы жеп қарап: Неткен дәм! Өмірімде жеп көрген емеспін. Ой, маған не болды? Бұл ғажап.Мен өзгеріп барамын. Бұлар қандай әдемі балалар! Мен сендермен бір ән шырқағым келеді.

Ж: Онда қане ән шырқайық.

(Ән «Жаңа жыл»)

Қарақшы: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр

Мамықтай ұлпа қанттай ақ

Қыста жердің бетін басады

Жазда сайға қашады (Қар)

Тісі жоқ тістеп алады

Қолы жоқ сурет салады (Аяз)

Тікен тікен тік пісте

Қысы жазы бір түсте (шырша)

Ж: Құрметті қонақтар Аяз ата, Ақшақар,Жаңа жыл біздің балаларымыз «Машенька рукавички» атты қойылым қойып береді тамашалайық

«Машенька и рукавички»

Маша: Я влесу весь день гуляла

Рукавички потеряла

Надо мне домой идти

Не могу я их найти

Потеряла рукавички я в снегу

Все ищу их, а найти-то не могу

Где же они рукавички мои?

Я озябла, а негде их не найти

(Выбегают заичики)

Зайки, зайки помогите

Рукавички отыщите

Зайцы:Побежим скорей искать

Раз, два, три, четыре, пять (хором)

(Зайцы убегают. Появляются птицы)

Маша: Птички, птички помогите,

Рукавички отыщите!

Птицы: Мы летаем высоко,

Мы летаем далеко

Рукавички мы найдем и тебе их принесем

Один заяц: Маша, машенька смотри

Рукавичку мы нашли,

А вторую рукавичку

Птицы в клюве унесли

Птицы: мы летали высоко

Мы летали делеко

Рукавичку мы нашли,

Сразу Маше принесли

Маша: (Надевает рукавички и обращается к участникам)

Вот спасибо вам, друзья,

В рукавичках теперь я,

Побежим скорей домой

Появляется волк. Все кричит: «Ой,ой,ой!»

Волк: Зайчики не бойтесь!

Птички успокойтесь!

Я не злой, не злой совсем-

Никого из вас не съем!

Я живу не в чаще,

Я – не настоящий.

«Аңдар биі»

Ж: Ал Аяз ат біздің балалар сізге өз өнерлерін көрсетіп жатыр, сіз сыйлық әкелдім деп едіңіз ғой ұмытып кеттіңізбе?

Аяз Ата: Аһ аталарың ұмытшақ болып кетті, қызым шырша түбінен қарашы

Ақшақар : Аяз ата жоқ

Қоян: Мен орманнан қарап келейін Атамыз ұмытып кеткен шығар

Ақшақар:Аяз ата қонақтар алып қойған жоқпа? (Ата-аналардан іздейді)

Қоян: Міне, міне деп Аяз атаның қапшығын шанамен сүйреп келеді

Аяз ата : Ап бәрекелді сыйлықтар табылды, біз кеттік сау болыңдар!

Ж: Міне, біздің «Жасыл шырша жанында» атты кертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов