Шығарма
Туған жер
Жоспар:
Ι. Туған жер – алтын бесік.
ΙΙ. Ақтоғай нулы, орманды жер.
ΙΙΙ. Балалық шақ сәттері.
ΙV.Елге, жерге деген құрмет
Туған жер – алтын бесік, дегендей әр адамға өз туған жері ыстық болады.Туған жердің ауасын жұтып, қыр гүлінің аңқыған иісін сезінгенге не жетсін.Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас деген астарлы сөздің мағынасында терең ой жатыр.Әр адам өз туған жерін ұмытпайды, жүрегінде әрбір сәтін сақтайды.
Менің балалық шағым Ақтоғай деп аты айтып тұрғандай, нулы орман, ағаштары көп жерде өстім.Сол туған жерімді бір көруге асықпын.Қала тірлігі ауыл тірлігінен өзгеше.Ауылдағы адамдар бір шаңырақтың астында өскендей тату- тәтті болады.Әр адам үшін көрші – қолаң алаңдайды.Әр қуанышын бірге бөліседі.Ал, қалада көрші тұрмақ, туған ағайынның қалын сұрауға уақыт жетпейді.Бір жанталас өмір зулайды да жатады.
Бала кезімізде қыр гүлін теріп, кең жерде домалап асыр салып ойынға берілетінбіз.Туған жердің әр жері ыстық болады екен.Әрбір басып жүрген жерің, таза ауасы, жеміс- жидектері, бәрі ыстық екен.Жол бойындағы ағашта өсіп тұрған қарақатты теріп бір мәз болатынбыз.Бір күні көрші балалармен ойнап жүріп, жол жиегіндегі қарақат теріп жейік деп шештік.Сол қуаныш сәт әлі есімде, балалармен бірге шаттанып, балалық шақтың құшағына еніп, жол бойымен жүре беріппіз.Енді жан-жағымызға қарасақ, көрші ауылға таяп қалыппыз.Кеш мезгілі де таяп қалған екен.Ойынның құшағына енгеміз сонша, қанша уақыт өткенін де, аңғармаппыз.Содан арамыздағы нағашымның қызы бұл ауылда туыстары тұратынын айтты.Қарнымызды ашқан сияқты, сол үйге барып шөлімізді қандырайық деп бардық.Бұл ауылдың да, адамдары мейірімді, қонақжай екен.Он шақты баланы, үйіне кіргізіп, кішкентай болсақта, қонақ қылып, шайын, бар тәттісін алдымызға қойды.Тәтті көрсе бала алданады дегендей, бәрін де ұмыттық.Шөлімізді қандырып, тәттіге тойып отырғанымызда, сол үйге әке, шешеміз кіріп келді.Сол кезде ғана кеш қарайғанын, ата-ана уайыдап, алаңдайтынын ойладық.Оған дейін таза, пәк, бала бойында еш қауіп қатер болмайды екен.Әкеміздің ашулы даусын естіп, орнымыздан атып тұрып, далаға қарай жүгірдік.Ана шіркін, біздің аман- саулығымызды көріп, бар ыза, ашуын ұмытып кетті.Біз үшін қалай уайымдағандарын сезіндім.Енді ешқашан алысқа ұзап шықпаспын деп ойладым.Туған жердің қызығы мол шақтары өте көп.Әр басқан жер, өзінің таза ауасымен, өзінің жұпар иісімен баурап алатын.Туған жердің жері де, елі де ерекше болады екен.
Бір күні ата-анамыз, аға, бауырларымыз, көршілермен тоғайға қарақат теруге бармақшы болдық.Ат арбаға азық- түлік, самауырынымызды тиеп жолға шықтық.Бір сағат болатын жерге жеткенше, ересектердің қызықты әңғімелерін тыңдап, мәре- сәре болатынбыз.Ата-анамыз бастарынан кешкен қызықты әңгімелерін айтып, балаша қуанып қалатын.Арбада отырып, әртүрлі гүлдерді көріп, әдемі көбелектердің ұшып жүрген, табиғаттың сұлулығына қарап, бір тамаша әлемге енесің.Биік ағаштар,ұзын қоңыр қоғалары әлі көз алдымда.Шегірткенің дыбысы, құстардың шықылықтаған дыбысы еріксіз өзіне қарататын.Ұзын соқпақ жол, әрбір көл, адамға қуаныш сыйлайды.Әсіресе, көкектің дыбыс естілгенде, қанша рет дыбыс шығарды деп, санай бастайтынбыз.Табиғатты тамашалап, бір кезде қажетті жерге де жеттік.Арбадан секіріп түсіп, тоғайдың ішіне жүгіре кеттік.Біреуіміз көбелек қуып, біреуіміз қызыл, жасыл гүл теріп, біреуіміз тәтті қарақат жеп әлек болдық.Содан анамызға болысу керек екені есімізге түсіп, шелекті қолға ұстап, ойнап жүріп, шелекті аузы- мұрнына дейін тез қарақатқа толтыратынбыз.Ол кездің қарақаттары үлкен болатын.Содан шаршап, ыстыққа шыдай алмай, арбаның астына, көлеңкеге шөптің үстіне жата кететінбіз.Ағаларымыз самауырынды бұрқыратып қайнатады.Сосын бәріміз, таза ауада, тамаша табиғаттың ортасында отырып қызыл күрең шайымызды ішетінбіз.Жарты сағат демалып, қайта қарақат жинаймыз.Шелектерімізді толтырып, тағы да , жүрек жалғау үшін жерге отыра кетеміз.Үйден алып келген қарбызымызды кесіп, жеп, шөлімізді қандырдық.Содан біраз табиғатты тамашалайық деп, жаяу алға қарай жүрдік.Сонда алғаш рет, Ертіс өзенінің биік жерден төменге қарап, тамашаладым.Сондай әдемі көрініс еді.Ертістің ар жағындағы адамдарды көрдік.Олар алыс болғасын, дұрыс көрінбеді.Арамыздан бір бала жеген қарбызымыздың қабығын алып келіп, суға лақтырып еді, қарбыз қабығының ұсақ бөліктерге бөлінгенін көріп, таң қалдым.Міне, бала шағымнан табиғат сұлулығын көріп өстім.Әр сұлулығын тамашаладым.Көктем мезгіліндегі тамаша көріністері де көз алдымда.Туған жер, әр адамға ерекше әсер береді.Табиғат ғажаптары өте көп.Алайда өзің туып, өскен жерің арқылы, туған жердің қадірін түсінесін.Сол жермен іштей сырласасың, мұңыңды шағасың.Өзіңнің туған анаңдай болады екен.Туған жерімді ешқашан ұмытпаймын, әрбір ерекшелігін айтып жүремін.Туған жер, мен үшін ең қымбат жер деп санаймын.