Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ұстаз туралы шығарма, эссе, тауып бере аласыздар ма? Ұстаз туралы өз ойларыңызды да жазсаңыздар болады.
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

7 Ответы

0 голосов
Ұлағатты ұстаз

Дәріс оқып жас ұрпаққа мектепте,

Еңбек еткен жерде жүрді көктеп те.

Өсті жайлап лауазымдық жолында,

Қалса да ылғи қысылтаяң- өкпепте.

         «Ұлттың болашағы- ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі- ұстаз қолында»,- деп санайтын Нұржан Айғожақызы Қарабұлақ ауылының негізгі мектебінде көп жылдан бері жемісті еңбек етуде. Қызметінің алғашқы күндерін бастағаннан- ақ өзіне жүктелген жауапкершілікті терең сезінген ол әр сабағына мұқият дайындалып, шәкірт жүрегіне жол табуға, әр шәкіртке сапалы да терең білім беруге ерекше мән беріп келеді. Соның нәтижесінде Нұржан Айғожақызының әр сабағы қызықты әрі тартымды өтеді. Сиқырлы әлем- «Қазақ тілі» мен «Әдебиет» әлемі оқушыларын баурап, олардың шығармашылықпен жұмыс істеулеріне жағдай жасауда. Әрдайым аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда қатысатын оқушылары үлкен жетістіктерге жетуде. Атап айтсақ, 2010 жылы «Көкжиек» баспасы ұйымдастырған шығармалар сайысында 9- сынып оқушысы Абдрахманова Айнұр II орын, 2012 жылы аудандық Абай оқулары сайысында Рахимова Зарина II орын, 2013 жылы Абай оқуларында Исенова Аида  III орын және  Рахимова Зарина  II орынды иеленген болатын. «Жарқын болашақ» олимпиадасында да жылда қатысып, нәтижесіз қалмайды. 2014 жылы «Сөз шебері» номинациясы бойынша Исенова Аида  III орын, Рахимова Зарина ауданда  I орынды иеленіп, облыстық сайысқа жолдама алып, облыстық сайыстан да I орынды иеленді.

2015 жылы аудандық пән олимпиадасынан Исенова Аида I орын, «Жарқын болашақ» олимпиадасында «Жазушылар» номинациясы бойынша Исенова Аида II орынға, Бектасова Аружан «Жас ғалымдар» номинациясы бойынша жүлделі III орынға ие болды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  «Туады ерлер Ел үшін» I Республикалық қазақ  батырлық эпосы жыршыларының байқауында 8- сынып оқушысы Әлімжанова Аягөз «Қайратты туған ер еді...» конкурсында I орынды, ал 5- сынып оқушысы Қабыкен Әділет «Алатаудай айбатың, Ер екенсің айтулы» атты білім сайысында II орынды иеленді.

«Арман» орталығы ұйымдастырған «Әр жауынгерді ел есінде сақтайды» атты аудандық сайыста  Исенова Аида II орынды иеленді.

Нұржан Айғожақызы көп жылғы іс- тәжірибесі негізінде «Өздік жұмыс түрлері», «Қазақ әдебиетінен 8- сыныпқа арналған жұмыс дәптері», «Қазақ әдебиетінен 5- сыныпқа арналған жұмыс дәптері», «Лабораториялық жұмыс», «Шығармашылық диктант» және  т.б. еңбектерін жазды. «Абайтану» атты авторлық бағдарламасы аудандық көлемде пайдалануда. «Шығармашылық диктант» еңбегі үшін Халықаралық  жәрмеңке сайысында III орынды иеленіп, қола сертификатқа ие болды. «Жаңа әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалану- нәтижелі оқытудың негізі» атты еңбегі «Ғылым мен білім ғасыры» атты республикалық ғылыми журналында жарияланып, I орынға ие болды.

 «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»- дегендей, еңбекқор жан өз білгенін балаға үйретуден жалыққан емес. Әр оқушыны өз баласындай көретін, әр шәкіртінің жанына нұр құйып отыратын мұғалімдерін оқушылары да өте жақсы көреді, бағалайды, сыйлайды.

         Мысалы, Аида Исенова атты оқушысы өзінің жүрекжарды ойын мына өлең жолдары арқылы білдірген екен:

         Әдебиеттің ұстазы- біздің Нұржан мұғалім,

         Оның әрбір сөзінен даналықты ұғамыз.

         Құттықтаймыз мейрамыңмен, ұзақ ғұмыр жасаңыз,

         Болашақта еңбегіңді ақтайтындай боламыз.

         Талай жылдың жүзі болды еңбектеніп жүргені,

         Құттықтайды барша шәкірт мерекеңмен бүгінгі.

         Еңбегіңіз жемісті боп, биік шыңға жетіңіз,

         Бізді- дағы биіктерден әрқашан да көріңіз!

         Өлең жолдарын оқи отырып шәкірт жүрегінен орын алған ұстаз бейнесін байқаймыз, ұстазға деген оқушының көлдей көңілін сезінеміз.

         Шәкірт жүрегінен орын алу- мұғалім үшін үлкен мәртебе. Осындай құрметке ие болған Нұржан Айғожақызы- өте бақытты жан.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Өзінің мектептегі оқушылық кездерін де үнемі еске алып, бізге әңгімелеуді де жақсы көреді. Сондай әңгіменің бірі ол өзінің орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген ұстазы, кейін әріптесі болған орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі  Герман Иванович Авдеев туралы болды.

«Ағай сабағын өте қызықты етіп өткізетін еді. Әрі қуақы әңгімелерді көп айтатын, сабағы сайын бір сергіп қаламыз.Орыс әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өлеңдерін жатқа оқитын. Тіпті сабағына орыстың гармонын алып келіп ән де айтқызатын. Дауыс көтере қалса,үндемей қалсақ: «Сендерге не болды, мен күлдірту үшін айтып жатырмын»,- дейтін. Ағай салауатты өмір салтын мықты ұстанатын еді. Үйі мектептен қашық,үнемі жаяу жүретін. Дене қимылы ширақ, келісті өң келбетті ұстазымызға қатты қызығатынбыз. Орта мектепті бітірген соң, өзім де мұғалім мамандығын таңдап,оны бітірген соң, туған мектебіме келіп, ұстаз болдым. Алдымнан арсалаңдай күліп ағай қарсы алды. Сөйтіп бір мектепте сүйікті ұстазыммен 25 жылдай жұмыстас  болдым. Ол күндердің естелігі мен үшін өте қымбат.  Өзге ұлт өкілі болса да, біздің салт-дәстүрімізді  кейбір қазақтан да артықша білетіндігі ерекше есімде қалыпты»,- дейді Дариға апай.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Менің ұстазым
        Менің ұстазым өте жақсы адам. Оның аты Тлегенова Шолпан Мақсотқызы. Менің ұстазым бізге білім, ақыл, жазуды,оқуды үйретті. Ұстаз бізді жақсы көреді. Біздер  ұстазымызды да жақсы көреміз. Біз ұстазымыздың тілін әрқашан алуымыз керек. Мен ұстазымды мақтан  тұтамын. Ұстаз- ұлы тұлға. Менің ұстазым өте мейірімді жан. Ұстаз –ұлағатты ұғым. Адам баласынын жүрегнде қадыр тұтып құрметтейтін екі ұғым болса соның бірі Ұстаз. Менің ұстазым өте білікті адам.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
«Шәкіртсіз - ұстаз тұл»
«Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе»  деген ойды халқымыздың  заңғар тұлғаларының бірі Жүсіпбек Аймауытов  айтқан екен.  Рас… Шәкіртінің әр қадамына сүйсіну, оған қолдау көрсету мұғалімнің басты мақсатының бірі болуы тиіс. Алдындағы шәкіртін ел ертеңі, халқының болашағы деп бағалауды әрбір мұғалім өзінің ұстаздық борышым деп түсінуі керек шығар. Иә … ол анық.
«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деген екен ұлтымыздың белгілі актері Серке Қожамқұлов. Шіркін, ұстаздарының барлығы шәкірттерінен осындай алғыс алса, ол мұғалімнің ерекшелігін, шебеолігін, бала жанын ұға алатынының дәлелі болар еді.  Ұстаз бен шәкірт бір – бірімен сабақтасып жатқан ұғым. Олардың арасында шынайы, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы бірлескен жұмыстың үлкен нәтиже берері сөзсіз. Ұстазға еліктеп, оның сөзі мен ісінен үлгі алған шәкірт өмірге бейім, өмірден өз орнын таба алатын адам болып қалыптасады.
       
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Мәриям Хакімжанова өзінің осы бір жыр кестесін шәкірт ретінде ұстазына арнаған екен. Өмірге деген сүйіспеншілікті, айналаға деген құрметті  алдымыздағы шәкірттерімізге ұғындырғымыз келетіні рас. Бірақ бес саусақтың бірдей еместігі сияқты бар оқушының қабылдауы, мінезі, дағдысы бірдей емес. Ендеше мұғалімнің жұмыс істеуі, ізденуі де жан –жақтылықты қажер етеді. Әр шәкіртінің бойына жақсылықтың нәрін себу, адасқанын дұрыс жолға салуға әрекеттену, менменсігенін ел қатарлы, жасығын жігерлі болуға шақыру, үйрету үшін қандай қажыр-жігердің қажеттігі айтпаса да түсінікті шығар.
Халқымыздың ұлы тұлғаларының барлығы да ұстаз алдын көрген. Абайдың ұстазы Ғабитхан десек, Шәкәрімге Абай ұстаздық етпесе, ол  ғұлама болар ма еді деген ой туындайды. Даланың дара ұстазы атанған Ыбырай Алтынсарин  қазақ даласында алғаш мектеп ашып, бар қазаққа ұстаз болды. Бүгінгі қазақ жастарының шет елде білім алуына сол кездегі ұстаздардың қосқан үлесі әлі де жаңғырып тұр. Осындай шәкірт тәрбиелеуде даңғыл жол салған ұлы ұстаздардың еңбек жолы біздер үшін  өнеге.
Мен де өз шәкіртерімнің  бойына өзімдегі барымды беруді мақсат еткен ұстазбын. Шәкірттерім  бұл еңбегімді әртүрлі аудандық, қалалық, республикалық деңгейдегі байқауларда дәлелдеп, жүлдемен оралуда. Менің олардың әр жетістігіне марқайып, қолдау көрсететініме сенімдімін.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма
«Шәкіртсіз  ұстаз - тұл»
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға-
деп Абай атамыз бекер айтпаған. Ұстаздық жол ең қиын жолдардың бірі.  Ұстаз  жүрегі жылулыққа,  инабаттылыққа,  мейірімділікке,  шыншылдыққа, әділдікке  толы болса, ол жақсы ұстаз,  шәкірт жүрегін   баурап алады.  Ұстаз – ұлағатты  есім.  Шәкірттерін  білім нәрімен  сусындатып, тәлім- тәрбие  беріп, жақсы қасиеттерді   бойына  дарытып, адамгершілік  нұрын  төгетін адам. Ұстаздық  ұлы қасиет. Еліміздің әр  азаматы, ұлағатты  ұстаздан  тәрбие алған  адам,  жақсы  қоғамдық қайраткер , ұлы тұлға  болып өседі, өмірін   дұрыс бағытқа  бейімдеп, көркейтеді.  Олай болса,  мұғалім бақыты- шәкірт  құрметі.  Жақсы, ақжарқын  ұстаз-  педагогикалық  шеберлікке,  іскерлікке,  білімділікке  жақын  болады.  Шын  ұстаз – ұстаз болуды  балалық шағынан  армандап, сол арманына қол жеткізуге ат салысады.  Менің  ойымша, кез келген  адам ұстаз бола алмайды.  Себебі, ұстаздық  өнер - жүрек қалауы.  Ал,  мектеп қабырғасында оқып  жүрген  бала,  өз ұстазынан  үлгі алып, оған еліктеп  өседі. Шын ұстаз  болу  үшін  табиғи дарындылыққа, жақсы қасиеттерге,  ерен еңбекке  ұштастырылуы шарт. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. Ұстаз болу- жүректің батырлығы. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. … Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Сондықтан  жас ұрпаққа бүгінгі таңда  сапалы білім бе¬ру¬үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты ака¬демиялық білімінің бо¬луы, екіншіден, мұғалімнің өз ма¬ман¬ды¬ғы¬на деген шынайы сүй¬іс¬пенші¬лігінің және ешқан¬дай дипломмен бірге берілмейтін шығар¬машылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қа¬сиет¬тері болуы шарт.  Жаңа ға¬сыр¬да ғы¬лымның, техниканың, өн¬дірістің қарқындап өсуі білім берудің бар¬лық жүйесін жүйелі дамы¬ту¬ды талап етіп отыр, жаңа мүм¬кін¬діктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек. Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұ¬¬мыс бағдарламасы жүзеге асу үс¬тінде. Осы жетістіктер еліміздің  болашағы жарқын, білімді ұрпақ тәрбиелеуде  жақсы өзгерістерге апаратыны белгілі.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Ұстаз – ұлағатты есім.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»
Жан  Жак  Руссо
   
Өмірде сан түрлі мамандықтар бар. Әр мамандықтың өзіндік қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Сол сан түрлі маман иесін оқытатын, өз ісінің маманы қылатын бірден - бір мамандық ол – ұстаздық. Ол дүниедегі ең маңызды, ең басты мамандықтардың бірі. Ұстаз мамандығы – барлық мамандықтың анасы деген дәл тауып айтылған сөз. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Мамандық қана емес, ол жүрек қалауы. Ұстаз болу – мейірім шуағын, жүрек жылуын, адамгершіліктің ізгі қасиеттерін алдындағы шәкірт бойына дарыту. Ұстаз – шәкіртіне ата-анасындай болып тәлім беріп,  жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап береді. Ұстаздардың аса сезімталдықпен, керемет мәнермен  сөйлеген әрбір сөзі оқушының жанына жол тауып жатса үлкен жетістік. Ұстаздың бейнесінен  қамқорлықтың, аналық сезімнің, даналықтың ыстық лебі есіп тұрғандай көрінеді. Шәкірттің жанын ұғынып, көңіліне қаяу салмай қателігін сездіре білуден асқан  шеберлік жоқ шығар.
Алғаш мектеп табалдырығын аттап, қолымызға қалам ұстауды үйретіп, аса шыдамдылықпен жазу мен сызуды үйреткен ұстазымыз мәңгі жадымызда сақталады. Қанша жыл өтсе де даналық пен нағыз ұлағаттылықтың символы ретінде көңілімізде қалады. Менің алғашқы ұстазым – рухы таза, ой – өрісі биік, елі мен жерінің ертеңі үшін тер төккен, табандылықтың нағыз үлгісін көрсетуші, адамгершіліктің бар асыл қасиеттерін бойына сіңірген, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ұстазымды көшеден көре қалсам, ақ бантигі желбіреген, сары шашты кішкентай қыз болған кезім есіме түсе қалады. Некен керемет шақ десеңші?! Уайымсыз, қамсыз күндерім. Ұстазымның алдына қайта шәкірт болып отыратын сәт туса деп армандаймын. Қайта ұстаздың мейіріміне бөленіп, біліміне сусындап, қайта бақытты балалық шаққа оралғым келеді. Әттең, ол сәт өтіп кетті. Енді ешкім партаға отырғызып оқытпайды, ешкім «бестік» баға қоймайды, ешкім үлгілі тәртібің үшін басыңнан сипамайды. Өмірдің ол керемет белесі өтіп кеткелі қашан.  Ұстазыма ұқсағым келгені сонша, ұстаздық мамандығын күмәнсіз таңдадым. Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік сабақ алады.  Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктіліктің биік шыңына алып шығары сөзсіз.
              Тәуелсіз қазақ еліміздің өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпақтарымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл ең бірінші – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді және сол берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Ұстаз - ұлағатты ұғым

Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.

Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің?!

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!

Сондықтан да келеді біле бергім...

Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. Қазіргі жас жеткіншектер мұғалім болудан қашады, яғни үлкен жауапкершіліктен, қиындықтан қашады. Ал қиындықсыз іс болмайды. Сонымен қатар қазіргі заманда жүрегінің қалауынсыз жоғарғы оқу орнын бітіріп кеп, мектепте жұмыс жасап жатқан жас мамандар да баршылық. Олардан қандай маман шықпақ және балаларға қандай білім бермек? Мамандығын жетік білмеген емес, жетік білуге ұмтылмаған, талпынбаған мұғалім нағыз бейшара деуге болады. Әрине, барлық ұстаздарды айтпаймын, ұстаз болуды армандап, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен қиындықтан қашпай, ауылға барып ұстаздық жолын ауылдан бастаған жас мамандар да баршылық, оларға еңбектерің жансын, бейнеттеріңнің зейнетін көріңіздер, ешқашан уақытпен санаспай еңбек етіңіздер, түбінде сіздерден жақсы маман шығады. Себебі сіздердің алдарыңызда өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз, еліміздің ертеңі, жас өркендеріміз отыр дегім келеді. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.
ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов