Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
ұстаз ұлы тұлға атты шығарма керек.
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Шығарма
                                               Ұстаз - ұлы тұлға
     Ұстаз.Бұл сөзді естімеген ,оның алдынан өтпеген жан жоқ шығар.Қай саланың адамы болса да, ғалым болсын,дәрігер болсын сол ұстаздан білім алады.Ол адамның еңбегі еш өтелмес,ешбір еңбекпен салыстыруға келмейтін көзге көрінбетін жұмыс.Түнімен шұқынып дәптер тексеріп,ертеңіне еш шаршамай сенің алдыңа шаттанып келетін ол сенің тәрбиелеуші,адамдыққа баулушы жан.
    «Ұстазы жақсының ,ұстамы жақсы» дегендей сенің ұстазың қандай болса сен соған ұқсайсың,мейлі жүрісің,жазуың болса да.Оның бойындағы асыл қасиеттермен сусындап өмірге аяқ басасың.Ата-анаңнан кейінгі ақылшың,болашаққа жол сілтеушің ,жақсы мен жаманды айыруға бағыт берушің бар ол –ұстазың. Білгенін,көргенін,естігенін саған айтуға асығатын,сенің жеңісіңе балаша қуанатын, сүрінсең өкінетін анаңнан соң ұстазың.
   Шәкіртін биік шыңнан көрсем деп бойындағы бар білгенін айтудан жалықпайды, қандай бала болса да сүйсініп өз баласындай бауырына қысып мәз болады.Біреудің шәкірті туралы жаман айтқанын естуден қашады,ол үшін бәрі тек өз баласындай.Биде билеп береді, ән де айтып жүреді.Балаға қайтсем дұрыс жолды сілтеймін деп әлек.
 Ұстаз сенің екінші анаң.Сен үшін күйіп пісетін,жаманыңды жасырып,жақсылығыңды асыратын адам. Өз білгенін барлық балаға бірдей айтып,жанашыр бола біледі. Арада көп жыл өтседе сен ұстазыңды ұмытпа.Ұстаз алдын кесіп өтпе, төрің сенің ұстазыңа арналсын.Ұстаздың айтқан ақылы сенің өміріңде таусылмас азық болады.Қатты айтқан сөзін көңіліңе жақын алма ол сені жаман болсын деп ұрыспайды.
   Түсінген адамға ұстаз- ұлы тұлға.Сен өсіп адам болуың осы адамның бастауынан басталады.Еңбектің де зейнеті бар демекші ұстазға алғыс айтуды есіңнен шығарма.Мүмкін сен де ұстаз боларсың,болмасаңда ұғын осыны.
Жылына бір келетін мерекесінде гүл шоғын сыйлау барлық адамның міндеті.Балаша мөз болып құшағын жая қарсы аларына сөз жоқ.
  Қалдырған ізің мәңгілік,
 жадымда тұрар жаңғырып,
 Ұстазым ,менің ұстазым.
деп ән арнаса артық болмас еді.
Ұстаз алдында мәңгілік қарыздармыз қымбатты достар.Қолыңа қалам ұстатып,солың мен оңыңды айыртқан жан ,көмекшің сол –ұстаз.Қандай ән арнасақта ,қандай тілек тілесекте көптік етпес.Өзінің баласымен тең көретін жанды сен қалайша ардақтамайсың.Анаң да ,әкең де бәрі де сол ұстаз алдынан шыққандар.Сен ұстазды сыйласаң өзіңді де,өзгені де сыйлағаның деп ұғын.
Ұстазың бар болғаны мақтаныш.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Ұстаз – ұлы тұлға
      Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға – деп қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбай атап кеткендей ұлы есімге лайықты ұстаздар қауымы алдына келген бүлдіршіндерге өзімін білгендерін білім нәрін беріп, оқытып, үйретуге дайын.
Ұстаз – ұлы тұлға болып саналады. Өйткені, ұстаздың алдынан ақын да, жазушы да, дәрігер де, әр маман иесі өтеді. Ұстаз тек қана оқытып қана қоймай, сонымен қатар жас бүлдіршіндерді тәрбиелейді. Мұғалім мамандығы терең шеберлікті қажет етеді. Мұғалім ұстаз болып қана қоймай, жан-жақты болу керек. Мұғалім әртіс те, әнші де, биші де бола алуды талап етеді.  
Ұстаз болу жүректің  батылдығы дегендей, ұстаз барлық мамандық иесін үйретуші, тәрбиелеуші, қандай да болмасын мамандық иесі ұстаздан дәріс алып, үйреніп жақсы маман атанады,   сондықтанда да мұғалім мамандығы –  киелі. Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.
    Сүйікті ұстаз – баланың өмірге қарайтын мөлдір де таза әйнегі.Өз ұстазын ұнатып, оған сеніп, соңынан еруі үшін балалар менің бойымнан нені көруі керек?
Мен өзім ұстаздық қызметте 5 жыл жұмыс атқарамын. Осы уақыттың ішінде ұстаз болудың  керемет сезім екендігін айта аламын. Өйткені, оқушылар мені жақсы көреді. Мен де оларды жақсы көремін.
Үй фундаментсіз үй болмайды дегендей, білім көзі бастауыштан қаланады. Бастауыш сыныпта қандай білім алса, сол біліммен ары қарай жалғасады. Ұстаз оқушыларға жан-жақты білім беріп қана қоймай, әрі қарай қойған мақсаттарға жетуге жетелейді.
     Өз ойымды Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай: «Мұғалімдік мамандық –бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер –ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» деген сөзбен аяқтағым келеді.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
7 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов