Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Ұстаз – ұлы есім

  

image     «Ұстаз-ұлы есім», - деп  М .Әуезов атамыз айтқандай,  ұстаз болу шын мәнінде үлкен мәртебе. Ұлы есімге лайық , мектебімізде өмірін, бойындағы бар білімін 34 жылғы ұстаздық жолында  аямай шәкірт бойына сіңіріп келе жатқан ардагер ұстазымыз, Бейнеу ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің  тарих пәнінің мұғалімі  Бекжанова  Нұрлықыз Мұханқызы.

      Білікті ұстаз атанған  Нұрлықыз Мұқанқызы Гурьев педагогикалық институтын  1980- жылы ойдағыдай аяқтап, Батыс Қазақстан темір жолына қарасты орыс-казақ  №86 мектебінде 9 жыл жұмыс жасаған.

1989- жылы жолдасының жұмыс бабымен  Бейнеу ауданына ауысып келіп, еңбек жолын жалғастырған. Бүгінде аяулы жар, ана атанған ұстазымыз 4 баланы дүниеге әкеліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып немере сүйіп отыр. Отбасы мен мектеп жұмысын қатар алып жүрген,  тәрбие мен білімін беруде  ұстазымыздың еңбек жолындағы жетістіктері де аз емес.

      1992 жылы  Бейнеу аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағазымен марапатталса, 2010 жылы мектепішілік  Құрмет грамотасымен және 2011жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының  Құрмет грамотасымен марапатталды.

      Ұстазымыз бар жиған білімін шәкірт бойына дарытып, оқушылардың жан-жақты дамып, үлкен азамат болып өсуі үшін тынбай еңбек етіп келеді. Аудандық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орын алған шәкірттері қазіргі таңда  еліміздің түкпір- түкпірінде жақсы қызмет орындарында отыр.

       Осы білім саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп биік-белестерден өткен жігерлі ұстазымыз Нұрлықыз Мұханқызына алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.Осы қалпыңыздан таймай асулардан асып, мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыздың ортасында бақытты да баянды ғұмыр кешуді тілейміз.   

       Алдағы келе жатқан төл мерекеңіз құтты болсын! Шәкірттеріңізге сапалы білім мен саналы тәрбие беруден жалықпаңыз дегім келеді.

Ізгі тілекпен,

Даметкен Тлеулиева

Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта

 мектебінің география пәні мұғалімі.

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ