Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Астана қаласы

№68 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Сенгирова Фарида Тастанқызы

Cабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты:

1. Сан есімнің заттың санын, ретін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

2. Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау.Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, ығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: электрондық оқулық, тірек-сызба, мультимедиалық кабинет, сурет.

Пәнаралық байланыс:дүниетану, математика.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Бүгінгі сабақтың ұраны

Білімді мыңды жығады

Білекті бірді жығады

Оқушылар орындарына отырып, алақандарын біріктіріп, бір-біріне жүректерінің жан жылуын береді.

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге, міне, тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

- балалар, бүгінгі сабақта жаңа тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы сабақ өтеміз.

- біз қандай сөз таптарымен таныстық?

Қалың киім ,жирен ат ,тәтті алма

Дәптермен жұмыс

- дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ді және мен жасырған жұмбақ жауабын көркем етіп жазайық: Бесте бар, баста жоқ. Бұл қандай әріп?

-көркем жазу минуты: Ааәрпін бір жолға жазамыз да, алма сөзін екінші жолға жазамыз (Әріптің басталу нүктесі мен байланыстарына назар аудара жазыңдар).

3.Жаңа сабақ.

- ендеше бүгінгі жаңа сабағымызды сөзжұмақ арқылы табу тақырыбы: «Сан есім».

Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: жеті, он, жиырма, сексен бес. (хор)

Қызығушылықты ояту

Неге санауда ондық пайдаланамыз?

Неге 5 –пен неге 2 –мен санамаймыз.

Себебі:

4.Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы.

Байқоңыр - қазақ даласындағы халықаралық ғарышжай. Байқоңырдан біріншірет ғарышқа Юрий Гагарин ұшты. Содан бері әр елден екі жүздей ғарышкер аспан әлеміне самғады. Тоқтар Әубәкіров - бірінші қазақстандық ғарышкер. Екінші қазақстандық ғарышкер - Талғат Мұсабаев. Т. Мұсабаев ғарышта үш рет болып қайтты.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Осы сөздер нені білдіреді?

Халықаралық ғарышжай деп аталу себебін білесің бе?

2 – жаттығу

-Үш қап жаңғақ көп пе?

Бес қап жаңғақ көп пе?

-Үш қап жаңғақ көп емес,

Бес қап жаңғақ көп.

Сергіту сәті

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.

5.Электронды оқулықпен жұмыс

“Орнын тап” ойыны
Сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнақтарының тиістісін сызықпен жалға

image

6. Қорытындылау.

- балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

- бүгін қай сөз табымен таныстық?

- ендеше, осы сөз табына байланысты тест жұмысын өткізіп, қаншалықты түсінгендеріңді көрейік

Кері байланыс

р/с

сұрақтары

нұсқалары

а

ә

б

в

1

Сан есім нені білдіреді?

заттың сынын

заттың санын,ретін

заттың атын

заттың сапасын

2

Сан есімнің сұрақтарын көрсет

кім?не?

кімдер?нелер?

не істеді?қайтті?

қандай? қай?

қанша?неше?

нешінші?

3

Сан есімді көрсет

жасыл

он бес

дала

парта

Үйге тапсырма:4-жаттығу,177 бет. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі цифрдің тиістісін сөзбен жаз. Үлгі: ...(7,0) жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды.Жеті жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды.

Бағалау: сабаққа белсене қатысқаны үшін баға беттестіру тестінен алған баға

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ