Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып,сұрақ қоя білуге үйрету

2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Сауатты,көркем жазуға ,өзара ынтымақтастыққа шапшаң ойлауға,ойлай білуге баулу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,интербелсенді тақта,кітап,тест,ағаш,сөз жұмбақ,пирамида шыңы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,топтық жұмыс,қайталау тест.

Пән аралық байланыс: Дүниетану,әдебиеттік оқу,музыка,математика.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу,түгендеу математика пәнінен қазақ тілі пәніне зейінін аудару,ой қозғау.

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі

Бірақ оған адам аз бас иетін

Қазақ тілі- қазақтың дара тілі

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

-Топқа бөлу- көк және сары түстер арқылы.

II.Алғашқы қадам.

Сөз жұмбақ шешу.Интербелсенді тақтада суреті шығып тұрады.Балаларға сол суретке сұрақ қоюды үйрету.

Қ

ы

З

ш

А

ң

ы

р

а

қ

Т

ү

й

е

ш

Е

г

е

С

а

н

д

ы

қ

б

ү

р

к

І

т

д

о

М

б

ы

р

а

-Балалар бізді қоршап тұрған айналамыздағы дүниелерді біз не дейміз?

Олар жанды ма?

-Ендеше біз осы зат есім тақырыбын ашпас бұрын сендер өздеріңе осы сабақта қандай мақсат қояр едіңдер?

- Сабақтың зат есім тақырыбының ережесі мен мақсатымен таныстыру.

III.Өткенге шолу.

Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.Тест тапсырмасын аяқтап болған балаларға өткен тақырып яғни сөз таптырымен өткенді қайталау.Өткен тақырып арқылы жаңа сабақпен байланыстыру.

I- топ Кім? сұрағына 5 сөз жазады II-топ Не?сұрағына 5 сөз жазады.

IV. Шығармашылық жұмыс.

Дүниетану сабағыннан өткен тақырып арқылы балалар өз шығармашылық өнерін көрсетеді.

2 ?керек 2 ?керек 2 ?керек 2 ?керек

Екі көз не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін

Екі қол не үшін керек?

Елге көмек беру үшін

Екі құлақ не үшін керек?

Ақыл кеңес есту үшін

Екі аяқ не үшін керек?

Туған жерге жету үшін керек.

V.Сергіту сәті. Музыкалық жаттығулар арқылы билету.

VI.Өрлеу. Кітаппен жұмыс.319 жаттығу дәптерге жазады

I- топ .......үреді II-топ ....... ұлиды

....... қарқылдайды ..... шақырады

Мұғалім олардың жауабын растап суретін көрсетті,ал балалар иттің,қасқырдың,қарғаның,әтештің дауысын келтіреді.

VII.Кім шапшаң.

320-жаттығу интербелсенді тақта арқылы тапсырманы орындайды.Сандыққа кім?не? сұрағына жауап беретін сөздерді жинайды.

I- топ Не? II-топ Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді сандыққа топтастырып жинайды.

VIII. Шың. Қорытынды кезеңі.Рефлексия балалар ағашқа алма іледі.Яғни бүгінгі сабақтан не үйренді?не білді?не үйренгісі келетіні жайлы алма суретіне жазып ағашқа іледі.Бірінші болған оқушы ауызша бүгінгі сабақта не түсінгенін айтады.

IX.Үй жұмысы.119 бет 321- жаттығу

X.Бағалау.Балаларға әр тапсырма сайын таратқан күн көзі арқылы санап бағалау.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Мектеп: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Үкілісай №265 негізгі мектебі

Сыныбы: 3

Пән аты: Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Танирбергенова Айнагуль Уразбаевна, жоғары білімді, ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Зат есім 1-6- жаттығулар

Сабақтың мақсаты: Сөз таптары зат есім туралы ұғымды кеңейту

Міндеттері:

· Зат есімдерді тауып, дәлелдей білу

· Зат есімдерге сұрақ қоя білу

· Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: ойындар,топтау, көрнекілік,т.б.
Көрнекілігі: Суреттер, кестелер,плакат, ребус, шар,бинетақта т.б.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!
ІІ.Психологиялық кезең.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру
7 - жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру.
Сөз таптары туралы оқушылардан сұрау.


3 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті.
* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -...
Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз -...
6. «Жақсы –жаман» ойыны
І топ: Қар(жақсы жағы)
ІІ топ: Қар(жаман жағы)
І топ: Мұз (жақсы жағы)
ІІ топ: Мұз(жаман жағы)

Сынып ұраны:

«Шар» арқылы оқушылардың өз армандарын білу.

Оқушылар қолын шарға жеткізіп өз армандарына жетеді.

Топқа бөлу Оқушыларды конфет арқылы топқа бөлу 1-топ. «..............», 2-топ «..........»

1. Біз нені білеміз? Өткен тақырыпқа тоқталу

Зат есім

Етістік Нені білдіреді?

Сын есім Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сан есім

1. Ой қозғау-

Енді сөздер туралы ертегі тыңдайық.

Ерте, ерте ертеде, біз білмейтін бір елде сөздер өмір сүріпті. Ол ел «Морфология» деп аталыпты. Бір күні кең сарайда өмір сүріп жатқан сөздер бірнәрсеге келісе алмай, «сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, көп мағына бересің, анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын» - деп, кең сарайға бастары симай, айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып:

- Сендер, өз мағыналарыңа қарай, жауап беретін сұрақтарыңа, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер, сосын әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек - бөлек үй қылып қоямын, - дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай тапқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша морфология елі – СӨЗ ТАПТАРЫ еліне айналады. Хан өз еліндегі сөз таптарын

Зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, шылау, одағай деп атапты.

Бүгін бізде сөз таптарының бірі қонақта. Ол қонақтың қалай аталатынын мына тапсырманы орындай отырып табайық.

1. Ребус шешу

Ережені еске түсіру. Сызбамен жұмыс.

imageimageimageimageЗат есім.

Жалқы есім Жалпы есім Негізгі зат есім Туынды зат есім

Тәуелденеді Жіктеледі Септеледі

2. «Құстарға қамқорлық» әдісі

1. Оқулықтағы суретпен жұмыс.

Әр топ берілген суретке қарап атауларды табады және сұрақ қойып талдайды.

Қарлығаш, сауысқан, қарға. Бұл не? Бұл қарлығаш. ........

Топтық жұмыс.

3.«Өкілдер жауабы?» әдісі

2-жаттығу. Суретпен жұмыс жүргізу.

1-топ заттың атауларын табады. 2- топ сол заттарға сұрақ қояды.

Қыз кім?

Бала кім?

Алма не?

(1қыз 1бала отырады. І топ атауларын атайды. ІІ топ сұрақ қояды.)

ІV. Сергіту сәті.

«Қар лақтыру» ойыны.

(ІІ топ оқушылары бір-біріне қарама қарсы тұрып қар лақтыру арқылы зат есімге байланысты сөздер айтып, сұрақтар қойып ойнайды.)

4. Дәптермен жұмыс.

(Ж. Садықов)

5.«Топтастыру» әдісі

Тақтамен жұмыс.

5-жаттығу әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай атауға болатынын айту.

Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -...

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

7. «Таразы» әдісі

6-жаттығу мәтінді екі топқа бөліп беру, зат есімдерді таразыға салу.

Әр топ мәтін бөлігін көшіріп жазып, зат есімдерді сұрағына қарай таразыға салу керек. Қайсысы көп екенін байқау.

Кім? Не?

8. Ойын «Бұлттан жұмбақтар жауғанда».

- Бұлттан жұмбақтар жауады дегенге сенесіңдер ме?

Бұлттарға жазылған жұмбақтардың шешуін тауып сұрақ қою.

Жұмбақтын шешуін тауып, сұрақ қой

1. Шұқшитқан кеп әуелі,

Сені әрбір әріпке,

Суреттері әдемі,

Бұл қай кітап ?

Жұмбақтын шешуін тауып, сұрақ қой

2. Ойдың аяқталуын күтпейді,

Оны қойсаң, сөйлем бітпейді

Жұмбақтын шешуін тауып, сұрақ қой

3. Оқушыға күнде еріп,

Жүретін не?

Жұмбақтын шешуін тауып, сұрақ қой

4. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.

Ү. Сабақты бекіту.
9. «Үлестірмелі қима қағаз»
1.Бүгінгі сабақта нені есте сақтадың? -------------------------------------------------------------------
2.Тақырып несімен қызықты болды ? -------------------------------------------------------------------
ҮІ. Үйге тапсырма: 4 - жаттығу, ереже жаттау.
ҮІІ. Бағалау.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ