Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Тақырыбы: Кәсіби құзыреттілік – ұстаз жеңісі

І. Сәлемдесу

Тренингке қатынасушылар ортаға шақырылады. Көшеде жүрген адамдардың қарбалас жүрісін саламыз. Сіз көптен кездеспеген ескі досыңызды немесе оқушыңызды көрдіңіз, сіз ол адаммен қалай амандасар едіңіз?

ІІ.Топқа бөлу.Атомдар тренингі арқылы топтарға бөлу.

Корольдік ережелер.

Кешікпеу.

Сөзді бөлмеу.

Сынамау.

Үнсіздікке мүмкіндік жасау.

«Қазір және осында»

Қатынастың көптігі.

Сөз таратпау.

Белсенділік.

Жұмысты басынан бастап аяғына дейін аяқтау.

Қол көтеріп сөйлеу ережесі.

ІІІ. Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)

Мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз.

Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті,

соның реттік нөміріне қараңыз.

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.

ІV. Психолог сыйы . Жиырма тоқтам

* Балаға мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді.

* Баға құнды емес, бала құнды.

* Мұғалім қызметінің мақсаты-өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: ол-адамды жасаушы адам.

* Сабақ-мұғалім мен шәкірттің адами қарым-қатынасы.

* Сабақтың мақсаты-баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.

 Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.

 Мұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз, оған қоса бала жанын ұға білсін.

Әр баланың өмір тіршілігі-өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырына ойланып қара: сабаққа келмесе, себебіне үңіл. Сабағына қызықпаса, себебіне үңіл. Тентек болса, себебіне үңіл. Себебін алдымен өзіңнен ізде.

Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.

 Мұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.

 Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт.

 Баланы таң қалдыруды ұмытпа: “Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады”.

Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің. Баланың кемшілігін емес, жеңісін ізде.

Балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйла.

 Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын шашпа.

Импровизация –сабақтың жаны.

Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.

Әр бала-табиғаттың ғажайып құбылысы. Әр бала-Ханзада және Ханша!

V. Жүрек жылуы Сұрақ - жауап ойыны

Сіз шәкіртіңіздің бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

 Жақсы көргенде қандай сөз айтасы

Шәкіртіңізге қатты ренжіткенде қандай сөз аузыңызға түседі?

 Стресс дегенді қалай түсінесіздер?

Стресстің адам денсаулығына әсері қандай?

Стресстен арылу тәсілдері туралы не білеміз?


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

VІ. Тыныштық сәті. /Релаксация арқылы жанға жайлы әуен аясында стресстен арылу жаттығулары/

Психолог стрестің денсаулыққа әсері мен одан арылу жолдарымен кең көлемде таныстырып,үйретеді.

VІІ. Ғажайып мұнара.

Әр топқа 10 данадан А4 қағазы мен желім ғана беріледі де , басқа еш нәрсе пайдаланбай ғажайып мұнара тұрғызу сұралады.

Түйін сөз: «Күшіне сенген адам ғана

мақсатына жете алады” Л.Фейервах.

VІІІ.Топтық жұмыс-постер қорғау

1-топ: « Дарынды оқушыларды білім додаларына дайындауда

мұғалімге қажетті ресурстар»

2-топ: «Білім додасына дайындықта "стрессіз" дайындауда оқушыға

ұстаз қамқорлығы »

ІХ.Сергіту сәті.Жаттығу «Шар»

Психолог шарды ортаға :

- "Кімнің қолы шарды төмен түсірмей, шарға қолы көбірек тисе,сол ұстаздың шәкірттері биылғы білім биігінде үлкен жетістіктерге жетеді.Жұмыстарыңа сәттілік! "-деп әуелете лақтырады.Қалғандары шарды жерге түсірмей, шарға көбірек қол тигізудің амалын жасап бағады.

Х.“ Болашаққа сеніммен”

Төмендегі шумақтарды толықтырып,өлең құрайық

(Топтар шығарған өз өлеңдерін ұсынады)

........................................сақтайық,

........................................баптайық.

.........................................................

..........................................ақтайық.

ХІ.Қорытынды.Рефлексия.«Тілек шамы"

Психолог: - Қазір мен майшамды жағамын. Бір-бірімізге жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.

/мұғалімдер сабақтан алған әсерімен бөліседі/

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ