Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ұстаз - ұлы тұлға деп бекер айтпаған халқымыз. Өзінің білгенін үйретуден жалықпайтын, оқушылардың екінші анасы деп аталатын қастерлі мамандық. Абай атамыз :
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға - деп ұстаздық жолдың бір қырын көрсеткен.
Әлемді таң қалдырған ғалым да, ақылгөй данышпан, кемеңгер де , елін қорғаған батыр да ұстаздың алдынан өтеді, ұстаздан тәлім-тәрбие алады.  Ұстазы қандай болса, шәкірті де сондай болады. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы деген осыдан шықса керек. Адамдар мектепте өзіне сабақ бермесе де, өмірлік жолда бағыт-бағдар беріп , жол сілтеген адамды да ұстаз деп атаған екен.
Ең бірінші мектеп табалдырығын аттағанда, алдыңнан қарсы алған ұстазың бәрінен де ыстық болады. Қолыңа қалам ұстатып , оқуды да, жазуды да үйретеді. Әр үйдің еркелерін алдына жинап, оларды зерттеп, құпия қырларын ашуға тырысады. Жамандығыңды жасырып, жақсылығыңды асырып, жетістікке жетелейді. Бәрін үйретіп, үлкен өмірге дайындайды.
Дүниедегі мамандық атаулының қиыны да осы ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.Ұстаз берген тәрбие мен білім әрбір жанның өмірінде жол сілтер шамшырақ секілді. Елабысымыз Нұрсұлтан Әбішұлы "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр" деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.
ответил от Aknur.muratkyzy

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
7 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов