Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ашық тәрбие сағаты: «Нағыз патриот»

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Суртебаева Г.К., біліктілігі жоғары деңгейдегі

екінші санатты тәрбиеші

Ашық тәрбие сағаты: «Нағыз патриот»

Мақсаты:Тәрбиеленушілердің өмірлік әр түрлі сәттерінде тәрбиеге байланысты – адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, балалардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Білімділік: Балалардың тіл қорын және сөйлеу мәдениетін арттыру. Адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыру барысында балаларға жаңадан түсінік беру және өздерінің ой – пікірлерін жеткізе білуге бейімдеу. Қазақ әдебиетінің лайықты көркем сөз, мақал – мәтелдерді қолдана отырып, балаларды қазақ ұлттық дәстүрлерімен таныстыру.

Дамыту: Балалардың психикалық қабілеттерін арттыру. Өзара қарым – қатынастарын жақсарта отырып, өздерінің эмоционалдық қабілеттерін қалыптастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының лайықты азаматтарын тәрбиелеу жолында балаларды отансүйгіштікке, адамгершілікке және кішіпейілділікке баулу. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының барысы

1.Кіріспе бөлім

1.1 Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: Балалар, сабағымызды бастамас бұрын қонақтармен амандасып алайық.

- Енді мына киіз үйдің ішіне кіріп шығайықшы.

-Жоғары қараңдаршы. Не тұр?

-Шаңырақ.

Тәрбиеші: Иә, балалар, осы шаңырақтың астында барлығымыз өмір сүріп жатырмыз. Мен сендердің аналарыңмын, ал сендер менің балаларымысындар. Ендеше біз бір отбасын құраймыз. Осы шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүру біздің міндетіміз. Бір-бірімізге тек жақсылық тілеп, қайырымды болу керекпіз. Осы отбасының өзі Отан осы кішкентай үйінің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қиялға өрлеп кете береді. Яғни «Отан отбасынан басталады».

Ал мен қазір сендерге жас шыбықтар таратып беремін, сол шыбықтарды жақсылық тілеу тілеп маған қайтарып бересіңдер.

«Патриот» болу дегеніміз не? Міне, бүгінгі біздің ашық сабақтың тақырыбы: «Нағыз патриот».

2. Негізгі бөлім

2.1 Слайд. Н.Ә. Назарбаевтың жолдамасын талдау.

Тәрбиеші: Елбасының жастарға арналған мына бір сөздері әр жас азаматтың санасында жаңғырып тұратыны анық : «....жастарға айтарым – сендер халықаралық кеңістіктегі бәсекелестік күрестен сырт қалмауға ұмтылыңдар. Ол үшін тиянақты білім керек. Сосын сол білімдеріңді өмірде жарата білуді, оны нақты пайдалана білуді үйреніңдер. Әсіресе не істеу керектігін жете түсінулерің қажет. Сонымен бірге,сендер қандай да бір өзгерістерге қашанда дайын тұруларың керек. Әйтпесе, ғаламдық деңгейдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі әншейін бос сөз болып қалады».

2.2 Әңгімелесу

Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар, енді барлығымыз ортаға келіп отырайық. Мына көп шыбықты сындыра аламын ба, жоқ әрине барлығымыз бірігіп тілеуіміз бір болса, бізге ешкім тиісе алмайды.

Жаңа айтып кеттік, Отан отбасынан басталады дедік. Бұны қалай түсінесіңдер?

Иә, мына достарың, туған жерің, ата-анаң барлығы сенің Отаның екен.Тағы қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Тәуелсіз дегенді қалай түсінесіндер?

-Ал қай ұлтсыңдар?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Осы «Қазақ» атауы - бостандық сүйгіш, ер жүрек, еркін адамдар деген мағына береді екен.

Осы тәуелсіздік жолында біздің қаншама батыр ата- бабаларымыз өз өмірлерін құрбан етті.Сендер жоғары сыныпқа барғанда ертеде қазақ жерін кімдер тартып алғысы келгені туралы оқисыңдар, мен сендерге қысқаша айтып өтейін. Қазақ даласы өте үлкен және бай болған. Сол кездің өзінде қазақ жерін тартып аламыз деп жоңғарлар елімізге шабуыл жасаған екен, жерімізді аман алып қаламыз деп елді басқарған хандар, билер, батырлар елімізді аман алып қалған екен.

Тәрбиеші: Ал, балалар, «патриот» деп кімдерді айта аламыз? Ата-бабаларымыз патриот болған ба?

Балалардың жауабы.

2.4 Сергіту сәті.

Шарты: Балаларға әуен ырғағымен билеуге ұсынамыз. Әуен тоқтаған кезде балалардың әрқайсысы ұлттық оюлардың бөлшектерін тауып әрқайсысы бір мақалдың бөліктерін тауып мақал - мәтел құрастыру.

1. Кішіпейілділік кісі көркі.

2. Кішіпейілділік кішілік емес - кісілік.

3. Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде.

4. Жақсыға жақын көп.

5. Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.

6. Мейірімді жан – жағына қарасады.

7. Жақсылық із сіз кетпес.

8. Бір бассаңда жақсылыққа бас.

9. Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

10. Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресін.

11. Қайырымды жүрек қайтармайды.

12. Жақсылықта жаттық жоқ.

13. Сұлуынан - жылуы.

2.5 Суретпен жұмыс

Мына суретті кімнің бейнесі бейнеленген?

1-бала: Абылай хан-қазақтың ұлы хандарының бірі, аса қөрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат.

Сурет бойынша талдау.

1. Сендерге суреттегі кейіпкерлер ұнады ма?

2. Кейіпкерлерді нағыз патриот деп айта аламыз ба? Әңгімелеп беріңдер.

Тапсырма: Ұнаған кейіпкерлеріне қызыл немесе көк белгілерін көтеріп көрсетеді.

2.6 Ендеше «Жау жүрек мың бала» атты көркем фильмнен үзінді тамашалайық. Фильмді талқылау.

2.7 Ән. «Атамекен».

3. Қорытынды

3.1Рефлексия

Тәрбиеші:

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды?

- «Нағыз патриот» көрінісінен қандай әсер алдыңдар?

- Нағыз патриот дегеніміз кімдер?

- Жалпы бүгінгі сабақта не ұнады?

- Көңіл – күйлерің қандай болды?

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов