Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Астана қаласы

№27 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Нағима Қапановна Булашева

Тәрбие сағаты: «Ана – өмір шуағы»

Тақырыбы:«Ана–өмір шуағы»
Мақсаты:
Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Проектор.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
1-оқушы

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген - тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

2-оқушы

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің меркесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

3-оқушы

Айналдым «Ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан

4-оқушы

Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан

Хормен барлығы:

Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!

5-оқушы

Наурыз сәуірдің егізі,

Бүгін наурыздың сегізі.

Ең қымбат гүлі баланың

Анаға айтар лебізі.

6-оқушы

Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам мерекең.

Құтты болсын теңдік алған-

Қуанышты берекең.

7-оқушы

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Ән: «Құттықтаймын мама»

8-оқушы

О, анашым, таянышым, тірегім,

Бар бақытым бір өзіңнен тіледім.

Мені жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

9 -оқушы

Аяулы да алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың!

10-оқушы

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

11-оқушы

Еркелесем, күлімдейтін.

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым күнім»- дейтін,

12-оқушы

Әлемдегі ақылды адам-

Бәрінен сол жақын маған!

Ол жанымда жүрсе мен де

Батырларша батылданам.

13 -оқушы

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

14-оқушы

Әжем мені «Жаным»- дейді

Жан жүрегім балым дейді

«Сен үшін мен әлемдегі

Бар асылды алам» -дейді

15 -оқушы

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді

Әжемізге мың алғыс!

Мұғалім: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
16-оқушы

Анам мені: «Айым»- дейді,

Мен мұңайсым, уайым жейді,

Анам мені: «Күнім» -дейді

Мен қуансам күлімдейді!

17 -оқушы

Аялаған баптаған,

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!

18-оқушы

«Адал бол, - деп, - балдырған»,

Әділдікке баулыған

Жүрегінде - махаббат,

Тілегінде - марқабат

Апаларға мың алғыс.

19-оқушы

Ардақты анам, асылым,

Теңдігіңді жырлаймын.

Жырымның ең асылын

Мерекеңе сыйлаймын.

20-оқушы

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасып жанымыз.

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Ән: «Мама»

21-оқушы

Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

22 -оқушы

Бауырсақ шайнап жегізген,

Жая десем, жал беріп,

Шекер десем, бал беріп,

Аялап мама емізген,

Аяулы анам, аман бол!

23-оқушы

Қуанышы баланың -

Қуанышы ананың.

Қуанышы ананың -

Қуанышы баланың.

Бізді өсірген, апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын, апатай,

Құтты болсын мерекең!

24-оқушы

Айналайын, анашым,

Көкте күн боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

Айналайын, анашым,

Аялайсың, бағасың.

Менің үшін не керек –

Бәрін іздеп табасың.

Айналайын, анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың.

Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған аналарына деген сыйлықтарын тапсырады. Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін. Енді, аяулы асыл аналарымызды ортаға шақырамын.

Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, «Өлеңнің жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, өнерлерін тамашалайық.

Ойынның шарты: Бір топтың аналары өлеңді бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары ән айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Әнші ана!» дипломымен марапатталады.

Жеке номер: «Қара жорға» биі

Ортаға үш қыз бен аналарын шығарамын да «Көзіңді жұм да таны»ойынын ойнатамын. Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау. Ойынның шарты: Аналардың көзі байланады, қыздардың орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған қыздардың аналары, өз қызын қалай да болса танып алуы керек. Жеңімпаз ана «Тапқыр ана!»дипломымен марапатталады.

Жеке номер: Айым мен Асылдың орындауында «Анашым» әні

Тағы да ортаға 3 ананы шақырып «Су тасы» ойынын ойнатамын. Ойынның мақсаты: Аналарымыздың ептіліктерін тексеру. Ойынның шарты: Екі орындыққа кесеге құйылған су қойылады, келесі бетте екі орындықта бос кеселер тұрады. Аналар қасықпен тасып, бірінші кеседегі суды төкпей, шашпай екінші кесеге құю керек. Суды әдемі тасыған ана «Епті ана» дипломына ие болады.

Жеке номер: Айым мен Асылдың орындауында «Анашым» әні

Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Мақалдың жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, білгірліктерін тексеремін. Ойынның шарты: Бір топтың аналары мақал бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары мақал айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Мақалшы, ана!»дипломымен марапатталады.

Ортаға үш ананы шығарып «Шынықсаң, шымыр боларсың!» ойынын ойнатамын. Ойынның мақсаты: Аналарымыздың спортқа деген бейімін байқау. Ойынның шарты: Жерге үш қатар газет төселеді де ортаға шыққан үш ана сол газеттердің үстімен жылдам жүріп келесі бетке өтуі керек те келесі беттегі есепті шығарып кері қайтуы қажет. Алғашқы боп жеткен ана «Спортшы ана» дипломына ие болады.

Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Биле, биле!» ойынын ойнату арқылы, бишіліктерін тексеремін. Ойынның шарты: Бір топтың аналары би бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары би бастайды да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Биші ана!»дипломымен марапатталады.

Ойын: «Кім көп сөз біледі?»

Ортаға 2 ана шығады. Оларға қарама-қарсы балалары тұрады. Анасын баласына дейін әр қадам басқан сайын жылылық сөзлер айтуы керек. Мысалы: айым, күнім, жұлдызым, алтыным, күмісім,…,…,. Көп сөз айтқан ана жеңіске жетеді.

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Бәрі бірге: Аяулы асыл аналар!



ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Тақырыбы: «Аяулы, ана!»
Мақсаты: Аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерексімен құттықтау.
Көрнекі құралдар:плакат, шар, сөздер, магнитофон.
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана, - дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана - өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Бәрі бірге
Қуанышы баланың-
Қуанышы ананың.
Қуанышы ананың-
Қуанышы баланың.:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!

Хор: «Ақ мамам!»

1 Айналайын, анашым, Саяжан
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.
2 Әлемдегі ақылды адам, Арайлым
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.
3 Мәпелейсің мені, анам, Альбина
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажымай.
4 Анам мені: «Айым» - дейді, Жанел
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
5. «Жаным»,- дейсің мені, Ақжігіт
Жаратушым бір сен.
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең.
Айналайын ,ана!
6 Айналайын, анашым, Ерсұлтан
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
7 Жамандықтан сақтандырып, Меруерт
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып

8 «Күнім»,- дейсің мені, Ильяс
Күн мейірі сенде.
Күннің ыстық лебі,
Құшағыңа тең бе?
Айналайын ,ана! (бірге)
9 «Құлыным», - деп мені, Айа
Құрақ ұштың дәйім.
Қамқоршым-ау, сені
Қалай ұмытайын.
Айналайын ,ана! (бірге)

10 Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен, Балғын
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.
11 Еркелесем, күлімдейтін, Мадина
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.
12 Таусылмайды өлеңі, Дарина
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.

Көрініс: «Әжесі мен немересі»
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Ән: «Сағындым, әже, өзіңді»

Сөздерді ең аяулы, Зарина
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де, -
Ойлап тапқан балалар!

«Жаным, күнім» дегенді, Жанэль
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!

Бала, бала, бала деп, Манас
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;
Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Бәрі: - Ана

Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі:Анам

Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
Бәрі:Анам

1-жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі:Анам

«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Бәрі:Анам

Ән «Алтын ана»

Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.

Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді

Көрініс: Балалар «Бала тілі бал» тақырыбында бірнеше көрініс көрсетеді

- Кішкентай қызы әкесінің үй сырлап жатқанына қарап тұрды.

- Оқушысы мен мұғалімі.

- Анасы мен баласы.

- Мұғалім бұзық баланың үйіне келді.

- Әкесі мен қызы дүкенде.

- Сабақ үстінде

Ойын:Балалар көздерін байлап аналарын қолдарынан сипап іздеп табады

Бәрі:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек-ау!

Би:

Ойын:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік болып жұлдызыңыз

Көктем гүліндей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!,- дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.




ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов