Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от jaki в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

БҚО, Жаңақала ауданы, Пятимар ауылы, Пятимар ЖОББМ-і жанындағы жатақхана тәрбиешісі Хамзина Ляззат Темрешовна

Сабақтың тақырыбы:  Кітап-тарих, шежіре

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділікке үйрету, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға саналы түрде баулу. Оларды кітаптың оқырманның қолына жеткенге дейінгі шығу тарихымен таныстыру. Кітапты дұрыс оқу мәдениетіне, пайдалануға және өздігінен кітап таңдай білуге, кітапты ұқыпты пайдалануға, сақтай білуге үйрету. Адамгершілікке, имандылыққа баулу.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қолдау, жүзеге асыру және насихаттау. Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: суреттер, кітап көрмесі, кітап макеті, қанатты сөздер, слайдтар.

Сабақтың барысы: ҚР мемлекеттік әнұраны.

                                      

1-жүргізуші: Кітап – нәзіктік те, тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған», - деп Стефан Малларме айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап.

 2-жүргізуші: Кітап-білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына қорын қалай қастерлейтінімен өлшенетін тұста мұндай шараның өткізілуі ізгілікті қадам.

1-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілдеріңізді көріктендіріп, жүректеріңізге нұр құйсын! «Кітап – тарих, шежіре» атты тәрбие сағатын тамашалауға шақырамыз.

Кітап – әлем мөлдірлік тұнығындай,

Нәзіктік пен кітапта ұлы ұғым бар.

Кітап – тарих, шежіре сан ғасырдан

Келер күннің кітапта ұрығы бар.

АРНАУ

Бастайыншы сөзімді «бисмилла» деп,

Ассалаумағалейкум, жиылған лек!

Еліміз кітап күнін тойлап жатыр,

Ұрандап «Оқитын ел – озық ел!» деп.

Мен бұрын бұндай тойды көрмеп едім.

Бұл деген – көкке биік өрлегенің.

Оқуға ел ниетін бұрып жатса,

Алынар небір асу, бел дегенің.

Кітап күні тойланып жылдан-жылға,

Бүгінгі жыл келер жылға болсын жұғыс.

Кен, қазынаң кітап қой нәр беретін.

Жайнатып өміріңе сән беретін.

Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,

Халайық, дәл кітапқа тең келетін.

Кітап – сәуле, нұр берер шырағыңыз,

Сарқылмайтын білім мен бұлағыңыз.

1-жүргізуші: Уа, жиылған халайық!

Түгел бері қарайық,

Сөзінің бар иесі,

Кітап Ханшайымына баршамыз назар салайық.

Ести алмай лебізін әсте өкініп қалмайық.

(Ортаға кітап киіміндегі Ханшайым шығады)

ответил от jaki
0 голосов

         Кітап ханшайымы

Мен Кітап Ханшайымымын,

Иесі – рухани әлемнің.

Әкелдім кітап патшалығының

Бәріне жалынды сәлемін!

Мен – білімнің түпсізі, аспанымын,

Мен – ғылымның тұңғиық бастауымын.

Рухани нәр берер бұлақпын мен,

Меніменен байиды бар танымың.

Мен рухани әлеммін,

Кітап атым,

Баға жетпес байлықпын асыл затым,

Мені көктен түсірді жаратқаным

Шын қажеті болған соң адамзаттың.

Мен кітаппын, білімнің бұлағымын,

Жауабымын сауал мен сұрағының,

Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын

Бағдаршаммын, адаспас шырағыңмын!

                                   

Кітап ханшайымы: - Балалар, сендер менің шығу тарихымды білесіңдер ме?

  • Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты.
  • Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған.
  • Ал Қытайда бамбуктен жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшаларды жіпке тізіп қойған. Келе-келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.
  • Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне , тақта тастарға сына жазумен жазатын болған.
  • Ежелгі мысырда қыш текшелердің орнына қамыс қолданыла бастады. Қамыста басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған.
  • Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырда Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірленген.
  • Осыдан біраз жыл бұрын біздің Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың өлеңдері жазылған пергамент табылды.
  • Ал пергам патшалығы біздің дәуірімізге дейін 283-133 жылдар аралығында Кіші Азияның солтүстік батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында болған.
  • Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен, Греция мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған.
  • Бізің заманымыздан ІІ ғасырынан бастап түптелген парақты бүктеме кітап дүниеге келді.
  • «Кітап» - арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы, алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген.
  • Сондықтан, дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей еліндегі «Таурат», қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі»Авеста», Юнан грек тіліндегі «Інжу», араб тіліндегі «Құран».
  • Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған. «Оғызнама», ХІ ғасырдағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» тағы да басқа кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.

ответил от jaki
0 голосов

Кітап ханшайымы: Ой, бәрекелді, өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер. Міне, өстіп мен өмірге келдім.

1-оқушы: Кітап! Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы,

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңде осы.

2-оқушы: Кітап – менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «Әліппе» алып бастағам.

Кітап оқып, жан дүнием байыды,

Шабытты жыр тудырамын, жас қалам!

3-оқушы: Кітап  менің асыл, жақұт, сырласым,

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым.

Жалықпаймын, жалықпаймын оқуға,

Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.

4- оқушы: Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда-ақ өткен күнмен беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

5-оқушы: Кітап барша адамның көз жанары емес пе? Егер кітап болмаса, сен рухани бай болмас едің. Кітап ел мен жерді сүюге, талапты  кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.

6-оқушы: Бар білім де, ақылдың нұр сәулесі де кітаптан тараған. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз бен кітабымыз.

7-оқушы: Кітап сенің нағыз айнымас досың емес пе? Барлық білмесіңді үйретеді. Бұл – қайнар көзі өмір бақи суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып, жаңара, жаңғыра беретін байлық. Көрініс: «Үйшік».

8-оқушы: Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

Орманшының аялы,

Алақаны өсірген.

Сансыз ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген.

9-оқушы:  Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді.

Көрініс: «Оқулық дәрігері».

10-оқушы: Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

11-оқушы: Оқы талмай түй санаңа жас бөбек,

Сыр құяды, жыр құяды бойыңа.

Таза ұстап, оқы кітапты қастерле

Бәрін, бәрін білесің, оқи берсең кітапты.

12-оқушы: Кітап ең керемет ғажайып зат. Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласың. Қазақ халқы кітапты киелі, әулие, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған.

1-жүргізуші: Келесі кезекте баршаңызды «Әдебиет әлеміне саяхат» атты байқауын тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға саларда..

І кезең. «Сайысқа саспай келген сайыпқырандар» .

Мұнда ан тілі пәні бойынша сұрақтар беріледі.

  1. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында келтірілген?
  2. Жүсіпбек Аймауытовтың «Кітап оқу» атты шығармасында не туралы жазылған?
  3. Роман дегеніміз не?
  4. «Оқулық» өлеңінің авторы кім?
  5. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің 2-шумағын жазү
  6. Ілияс Жансүгіровтың «Күн шыққанда» атты өлеңінде қандай іс-әрекет туралы айтылады?
  7. Кітап туралы мақал –мәтел білесің бе?
  8. Білім мен оқу туралы Фариза Оңғарсынованың өлеңін жатқа оқы.
  9. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?
  10. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын кім жазды?
  11. Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата.
  12. Кітап туралы жұмбақ жаз.
  13. Қазақ жазушылары мен ақындарының аты-жөнін жаз.
  14. Наурыздың ұзақ күндері қалай аталады?
  15. Бізге белгілі М.Әуезовтың шығармалары.

ІІ кезең. «Өзіңе сен қашанда алып шығар, еңбегің мен білімің екі жақтан». Өлеңдердің жалғасын мәнерлеп айтады.

ІІІ кезең. «Тосыннан тапсырма, тосылған тапқыр ма?».

Кітап, кітапхана тақырыбында берілген тапсырма бойынша тіл тазалығын сақтап, көркем де шебер, нақты да толыққанды ойын жеткізе білуі керек. Сонымен қатар жаңа көркем әдебиеттер туралы ойларын ортаға салады.

IV кезең. «Кітап – тарих, шежіре», «Кітап – сарқылмас қазына», «Кітап – ұлы үйретуші» тақырыптарында жазған шығармалары бойынша марапаттау.

Кітап ханшайымы: - Кітап туралы көптеген мәліметтер біледі екенсіңдер, ал мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

«ой маржаны кітапта», «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы», «Кітаппен кеңес – білімдімен теңес», «білім тозбайды, білімді азбайды», «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап – ғажап дос», «Кітап қасиеті – мәңгілік» деп ата-бабамыз бекер айтпаған.Кітап туралы ойлы сөздер:

  • «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов.
  • «Мен одан қайырымды, көршіні, одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін» деген екен араб жазушысы Әл-Жиһаз.

Кітап ханшайымы: - Барша әлемді ұлан-ғайыр білімімен таң қалдырған. Ұлықбек, Әл-Фараби сынды ғұламалар балалық балғын шағынан өмірінің соңына дейін кітаппен дос болған. Бүгінгі халықаралық кітап күні әлемнің көптеген елдерінде тойлануда. Мен бірінші болып сіздерге келіп тұрмын! Мені басқа елдердегі жанашыр достарымыз асыға күтіп жатыр. Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына – кітаппен достықтарың үзілмесін. Әрқашанда жүздеріңіз жарқын, жолдарыңыз даңғыл болсын! (Оқушылар қоштасады.          

Ақылбай атаның батасы:

Ұлтыма білім, байлық сана берсін.

Рухымыз асқақ боп әрқашанда

Халқымыздың бақыты жана берсін!

Халайық, бүгінгі той құтты болсын!

Басталған бұл қадамы мықты болсмын.

Халқымыз оқитын елге айналып,

Жастарымыз мыңды жығар күшті болсын!

Қазақстан оқитын елге айналсын!

Жаңа әлемде жаңа елдің жастарындай,

Асқақ болып рухы, нұр жайнасын!

Халайық, тойларыңыз тойға ұлассын!

Әумин!

Әділқазылардың шешімі бойынша «Ең үздік оқырман», «өзге шешен оқырман», «білікті де, білгір оқырман» номинациясы бойынша оқушыларды мақтау қағазымен марапаттау.    

ответил от jaki

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ