Айсұлу:
Қуан бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің
Тіл бар жерде өмір бар.
Халық жауы атандық – ау
Сол үшін ғұмырыңды
Құрбан етіп жолында ар.
Жүргізуші: бұл өлеңде айтылып отырған, ана тілі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыңдар?
Хормен:
Аталарымыз Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев,
Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов.
Жүргізуші:
Қазақ халқы ежелден – ақ, тіл қадірін біліп, ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы жатады; Үш кемеңгер дүлдүлім,
Сақтаған ел бірлігін!
Қазақта қара қылды қақ бөлген
Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.
Қазыбек би (Сабира):
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Еш-
бір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Әйтеке би (Айсұлу):
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Көрініс. «Үш би»
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің;
Жаңбыр жауса жер жетім,
Басшысы болмаса ер жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім. . .
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер.
Баласы жаманның дәрмені кетер.
Әйтеке би; Биікке шықсаң, көзің ашылады
Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады
Төле би: Сөз танығыш жастарға айтар он түрлі жұмбағым бар,
Әйтеке би: Айтыңыз ұлы аға.
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау; бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Дауыс: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбағыңызды мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: «Рұқсат , қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат»
Қазыбек би: Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз-үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман.
Төрт дегеніңіз-төсектен безген жас жаман
Бес дегеніңіз-белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніңіз-асқынып кеткен дерт жаман
Жеті дегеніңіз-жесір қалған жас жаман.
Сегіз дегеніңіз-серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніңіз-торқалы той, топырақты
Өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.
Он дегеніңіз-оңалмас кәрілікке дауа болмас-деген сөзіңіз, ұлы аға!
Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің. . .
Қазыбек би: Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма-
Өшкеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба.
Төле би: Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек!
Уа, халайық! Көсіре шабар жерің бар,
Тау көтерген ерің бар!
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар!
Сөз қадірін біліңдер!
Ән: «Анамның тілі» Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев
Жүргізуші:
Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас – ең зор адамның, мәдениеттілік, тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады.
Жүргізуші: Оның мәні - әр адамның ана тілін отанындай, туған халқындай, өз ата- анасындай сүйіп ардақтауында. Міне, сондықтан бүгінгі ақын- жазушыларымыз былай дейді.
Динара:
Жүсіп Баласағұни
«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік».
«Мен ана тілімде жазып, ойымды ана тілінде білдіріп қана қоймай,тіпті түсімді де қазақша көремін».
«Өз тілін, әдебиетін, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болсада, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады».
Санзира:
Ахмет Байтұрсынов
Менің тілім өз ұрпағыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам жаным түршігеді.
Жүсіпбек Аймауытов
Өз ана тіліне немқұрайдылықпен қарайтын адам хайуанмен бірдей.
Қазына:
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев:
Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс.
Жанслу:Қадыр Мырзалиев
Ана тілі.
Ана тілің біліп қой
Еркіндігің теңдігің,
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың , елдігің.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің- бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Таңшолпан: Мұзафар Әлімбаев
Ана тілі – біздің туған анамыз.
Анамыздай – сыйлап бағып – қағамыз.
Ана тілін бағаласаң қалай біз.
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе .
Анасынан безген ұл – деп біліңіз.
Жүргізуші: (Дихан Әбіловтың «Туған тілім!» өлеңі)
Туған тілім – бабам тілі - өз тілім
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім – заман тілі - өз тілім.
Туған тілім – адам тілі - өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.
Өз тілімдей қайда екен еркін басар
Тілім барда еркіме кім таласар.
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.
«Қазақ елі» әні
Барлығы төмендегі өлеңді хормен айтады:
Тіл − ұлттың мақтанышы. Тіл − әр ұлттың ең асыл қазынасы.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Қуан анам!
Ұзағынан сүйініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен де алдыңда иіліп.
(Барлығы бастарын иеді)