Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы, Атырау қаласы

№26 «Жұлдыз» балабақшасының

музыка жетекшісі

Шокаманова Жансая Баймуратовна

Төл теңгемізге 22 жыл

Зал көркем безендірілген. Балалар залға музыкамен кіріп өз орындарына отырады. Әже кіріп теңгенің 22 жылдық мерейтойымен құттықтап шашу шашады.

Тәрбиеші: ҚҰрметті балалар жыл сайын біздер өз туған кунімізді өткізіп тойлаймыз. Қонақ шақырып улкен дастархан жасап, сыйлаған сыйлықтарға қуанамыз. Сол сияқты бугін бәріміз мына біз, біздің қаламыз және букіл ел, букіл казақ халқы өзіміздің төл теңгеміздің туған кунин тойлаймыз. Балақайлар айтыңдаршы теңге биыл нешеге толады? Арине 22 жасқа

Қазақстаннын тенгесі өте жас , бірақта балалар 22 жылдын ішнде теңгеміздің өз жолында көрген қиындықтары , өз ауыртпашылықтары болды.

Қазақстан өз тәуелсіздігін қолына алып енді енді ел болып бойымызды тузеп келе жатқанда дағдарыс етектен устап, одан шығар жол іздедік. Сол кезде президентіміз

Н.Н Әбішулы өз теңгеміздің болатына нық сендірді және де сенімімізді ақтады. Қазір өзіміздің төл теңгеміз бар ,оған біз қуаныштымыз,ал енді сол тенге ,ақша деген қайдан шықты ? Қайдан пайда болды? Ақшаның да өз тарихы бар балалар. Бурынгы ерте заманда акша деген болмаған бірақта адамдар өз керектерін затпен затты ауыстырып алып отырған. Бізге тусінікті болуы үшін қане мұқият отырып тыңдайық.

Слайдтан керуен көрсетіліп турады. Қазақ әуені естіліп турады. Ортада базар (жәрмеңке) журіп жатады.

Саз жетекшісі: Ерте ерте ертеде

Жердегі барлық өлкеде

Ақша жоқта, кез болған

Сенбесе де бала сенседе

Онда да адам саспаған

Қиындықтан қашпаған

Өз буйымын керекті

Заттарға айырбастаған ( базар дауысы,адамдар заттарын ауыстырып жатады)

Мысалы, қазақ бір атын

Айырбастаған он қойға

Бір өзі жуз қой тұратын

Жақсы аттар болған ондай да Би: Аттар биі

Бертін келе айырбас

Болу ушін қолайлы

Ақша шыққан ағаш тас

Қағаз енді жарайды

Ортада темірден тиын соғып ұста отырады: Бар байлыққа балаған

Құралар тенге тиыннан

Алтын куміс қоладан

Басында олар құйылған Би: Ұсталар биі

1 бала: Ақша орнына қытай -шай ( орыс, қытай зат ауыстырып жатады)

Орыс- теріні салады

Замандарда қазақ қойын

Малын, ақшаға сатады Би: Орыс биі

Саз жетекшісі: Тарихқа көңіл бөліңдер

Нәр алғандай қайнардан

Өз көздеріңмен көріңдер

Барып муражайлардан

2 бала: Жібек жолы бойында

Жасаған ата бабамыз

Сауда саттық жайында

Солардан дерек табамыз

3 бала: Ақша тарихы жағынан

Емеспіз елден кенде біз

Суяб, Тараздан табылған

Бар мыс, куміс теңгеміз

( Тәрбиеші көрмеде турған тиын ақша туралы айтып өтеді)

Ән: «Өз теңгеміз» Отан әнінің музыкасымен :

1)Жерім кең, ашық аспан

Дербеспіз өз теңгеміз

Бодан кезде басканың

Ақшасымен жургенбіз

2) Тұңғыш призендентіміз

Назарбаев Нурсултан

Бар деп енді еркіміз

Теңгемізді жасатты

3) Меңдібай Әліңі бастаған

Ағымсалы қостаған

Суретші сызып атақты

Шығарды оны баспадан

4) Әл фараби Абылай

Әбілқайыр ұлы Абай

Құрманғазы көз тартты

Шоқан менен Суйінбай

Тәрбиеші: Балалар теңге шыққаннан кейін оны халық бірден қабылдап алған жоқ бреулері сурет көп деді, бреулері атақты адамдар неге мунда жоқ дед,бреулерге ұнамады , бреулерге ұнады ақырында улкен кішінің айтқанымен небір небір атақты суретші дизайнерлер қосылып теңгемізді әдемі етіп шығарды.

1 бала: Ақорда бар осында

Бәйтерек тур қасында

Қазақстан картасы

Ақша ажарын ашуда

2 бала: Тарихи бар таңбалар

Білімділер аңғарар

Бізде өмір суретін

Тұқымы сирек аңда бар

3 бала: Көрінбейтін жай көзге

Жасырын жазу сыр да бар

Шыққанын қашан қай кезде

Болашаққа беріп тур хабар

(тәрбиеші слайд арқылы ақша туралы дерек көрсетеді -теңгехана,ақша сапасы жөнінде қазақтың ақша дизайнерлері , 10000 тг жылдың ең уздік ақшасы болуы туралы,қазақстан банктері туралы айтып өтеді)

Балалардың сурақ –жауаптары

1 бала: Біреуге бар біреуге

Қойғанша теңге жоқ қылып

Сай етіп барлық тілеуге

Шығармайды неге көп қылып?

Аяйды неге өкімет?

Қағаз деген жетеді

Байлық көзі осы деп

Шығара берсе не етеді?

Тәрбиеші: Иа баланың сурағы орынды. Неге теңге бәрімізге жетуі үшін көп шығара бермеске Өйткені балалар қағаз ақшаның орнына алтын куміс журеді, мемлекеттік қазынада алтын куміс қанша болса қағаз ақшада сол шама болуы керек ,ал бірі көп бір аз болса тепе теңдік бузылады, алтын күміс көп болса қағаз ақшада көбейеді осы заңды берік устануымыз керек

Ал балалар ақша көп болуы үшін не керек? Арине оқу білім , ғылым уйренуіміз керек, көп білуіміз керек , санап оқып білу керек .

Ән: « Жас дәуірдің тулегіміз» Би: Қазақ биі

Балабақша басшысына және келген қонаққа сөз беріледі.

Ортаға банк қызметкері шақырылады. Құттықтау сөз айтылып , ортаға 20 жылдық торты әкелінеді . (тенге салюты атылады)

Келген қонақтарға сыйлықтар табыс етіледі

СОҢЫ

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов