Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
алғыс айту парызым тәрбие сағаты
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
№41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейі

тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Алғыс айту парызым...»

Өткізген: 6б сыныбының жетекшісі
Саймова Ф.Б.

2016-2017 оқу жылы

тәрбие сағаты Тақырыбы: «Алғыс айту парызым...»
Ата-аналар мен оқушыларға бірге ұйымдастырылған шара
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: бір-бірлеріне ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: журналдар, түрлі-түсті маркерлер, А3, смайликтер.
Мұғалім сөзі:
I. Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, оқушылар және ұстаздар! Бүгін, 1 - ші наурыз «Ризашылық және Алғыс айту» күніне орай «Алғыс айту парызым» атты шараға қош келдіңіздер! Бұл көктемнің алғашқы күнімен бірге келетін жайма шуақ мереке елімізде С.Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.
Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады. Ризашылық күні – әрқайсымыздың жадымызда маңызды, жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке. Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі".
Міне біз бүгін сіздермен бір-бірімізге деген ризашылығымызды, алғысымызды, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетуді, жанұядағы үйлесімді қарым - қатынас жасауды пікір алмасу арқылы, ортаға салып ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз.
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Ата-аналар мен оқушылар бөлініп отырады. Ата-аналар отырған парталарға оқушылардың салған қолдарын таратамын.
Ендеше, бүгінгі күніміз сәтті, қуанышты болу үшін, ортаға шығып, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жақсы тілектерімізді жолдайық. Алдымен алдарыңызға тұрған қолдардың ішінен өз балаларыңыздың қолын тауып алуыңыз керек. Келіп балаларға қарсы тұрайық.
Нөмірлері бойынша оқушылардың аты аталады, шатастырған ата-аналар кері ауыстырады, (Балаларыңызды күнде сайын еркелетіп, көбірек қолдарынан ұстасаңыздар алақан жылуын берсеңіздер бірден танитын едіңіздер))
Оқушылар:
Шаттық шеңбері.
Үлкенге де - сіз,
Кішіге де - сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Басымызды иеміз.
Қайырымды жүрекпен,
Мейірімді тілекпен
Ізгілікті ниетпен
Алғыс айтып жүреміз.
Ризамын бүгінге
Ризамын қазірге,
Ризамыз, ризамыз, бәріне!
айтып, қолдарындағы көңіл күй смайликтерін ата-аналарға тағады.
Лента түстері бойынша ата-аналар екі топқа бөлініп орындарына барады, ал оқушыларға ақ және қоңыр аюдың суреттері таратылып, 4 топқа бөлінеді. Барлығы 6 топ (2 ата-аналар тобы, 4 оқушылар тобы) болып бөлініп отырады.
Ал қазір бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер...Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі бір-бірлеріне мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!
- Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңізбен бөлісейік.
Әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік. Отбасы тәрбиенің - ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп жатады.
Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірін ерекше дәріптеген. Қазақ отбасында әуелі әке, одан кейін шеше - бұлар жанұя мектебінің ұстазы. Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйытқысы, берекесі. Ана - балалардың бақыты! Ал бала - ата - ананың басты қуанышы.
Үйдегі балалар өздерінің жақсы қылықтарымен, бал тілімен, сүйкімділіктерімен, сыңғырлаған күлкісімен айналасындағыларды баурап алады. "Балалы үй базар"- деген мақал осындайдан шыққан. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу екен.
Ал осы үйдегі балаларымызды ақылды, тілалғыш, озат оқушы етіп қалай қалыптастыруға болады? Сол жайында ой бөлісіп, пікір алмассайық.
ІІ.Топтық жұмыс
«Даналық кілті» әдісі бойынша «Ақылды, тілалғыш, озат оқушыны қалай қалыптастыруға болады?» тақырыбында ой бөлісу.
1-оқушылар тобы. «Керісінше» кілті
2-оқушылар тобы. «Егер де...» кілті
3-оқушылар тобы. «Кемшіліктер» кілті
4-оқушылар тобы. «Тағы қалай» кілті
5-ата-аналар тобы. «Әліпби» кілті
6-ата-аналар тобы. «Жаңа дизайн» кілті
Қорытындылау:
Бейне-ролик. Оқушылар алғысы
Алақан жылуымен алғыс айту. Оқушылар қолдарға алғыстарын жазып, ата-аналарына береді. Ата-аналар оқып, балаларына алғыстарын жазады.
Міне, осындай отбасылардан бірлігіміз бен ынтымағымыз, татулығымыз жарасқан егеменді ел екенімізді көруге болады. Бүгінде ұлт көшбасшысы Н.Әбішұлының саясаткерлігі мен көргендігінің арқасында күннің шуағына бөленген бір шаңыраққа бірігіп "Қазақстан" - деген алтын ұяда татулықпен, достықпен бейбітшілікті сақтап бақытты өмір сүріп отырмыз!
Бұл үшін Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз.
- Тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір!
- Жүзіміз басқа болса да, жүрегіміз бір!
- Ұлтымыз өзге болса да, ұранымыз бір!
Құрметті, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі кешімізді Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен қорытындылаймыз.
"Қымбатты балалар, мен - Анамын, Әжемін. Мен еліміздегі барлық балаларды өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - аналарыңа, айналадағы адамдарға мейірімді болыңдар. Оларды сыйлай біліңдер. Сонда сендердің бойларыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүректеріңде өмірге, ата - аналарыңа, ең жақын адамдарыңа, Отанға, елге деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Бір - бірлеріңе риза болып, алғыс айтып жүріңдер." - С.А. Назарбаева.
Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ещқашан ешкімнен аямайық, "Рахмет" деген жақсы сөзді жиі айтыңдар! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтайық! Әлемде бейбітшілік болсын! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Саймова Фариза Бисембаевна
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ