Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

А.Наурызова

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы

Жәңгір хан атындағы мектеп

Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Ескендір» поэмасын талдау
Сабақтың мақсаты:
1. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын таныту. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
Көрнекілік:
1. «Абай елі» фото-кітабынан фото-суреттер.
2. «Қалың елім, қазағым» кітабынан поэмалар мәтіні.
3. Биология дәрісханасынан алынған «Адамның бас сүйегінің» бейнесі.

4. Кестелер.
Сабақтың өту әдісі: сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушыларды тексеру
ә) Сынып бөлмесінің сабаққа даярлығы
Үй тапсырмасын сұрау7 минут. Абай өлеңдерінің тілі (Әр оқушыға семантикалық карта ұсынылады. Жұмыс аяқталған соң көршісімен алмастырып, тексеру жұмысын жасайды. Дұрыс жауап интерективті тақта арқылы ұсынылады.)

Абай өлеңдерінің тіліне арналған семантикалық карта

Көркемдік тәсіл

Үзінді

Эпитет

Теңеу

Мета фора

Кейіп теу

Иро ния

Өз үйінде өзендей,

Күркірейді айтса дау

+

Сен – жаралы жолбары ең,

Мен – киіктің лағы ем

+

Ызалы жүрек, долы қол

Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан.

+

Қайғың – қыс, жүзің - жаз.

Жүрек теңіз, қызықтың бәрі – алтын тас

Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.

+

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай...

+

-Қайтесің, қолы тимепті,

Өлеңші, әнші, есіл ер

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер.

+

Көркемдік тәсіл

Үзінді

Метони мия

Шендестіру

Риторика лық сұрай арнау

Аллитера ция

Психоло гиялық паралле лизм

Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

+

Балалық өтті білдің бе,

Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті, білдің бе?

Кәрілікке көндің бе?

+

Үйі мәз боп қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға

+

Көк ала бұлт сөйгіліп,

Күн жауады кей шақта.

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта

+

Самородный сары алтын,

Саудасыз берсең алмайды,

Саудыраған жезіне,

Саудасыз сары қамқаны.

+

ІІ. Қызығушылығын ояту

Адамның бас сүйегі, топырақ, әдемі табиғат суреттері беріледі. Сол суреттерді байланыстыра әңгіме, не ертегі құрастыру ( уақыт 5 минут ) Сабақтың тақырыбы шығады. Абай «Ескендір» поэмасы. Поэма сюжетімен танысады. (уақыты 7 минут)


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

ІІ.Мағынаны тани білу
Класс оқушылары алты топқа бөлінеді.

І Баяндаушы топ (Поэманы өз көзқарастарын білдіре отырып мазмұндайды)

ІІ топ –Зерттеуші топ. (Поэманың өн бойындағы кейіпкерлер туралы айтады, тарихпен байланыс жасалады, оларға мінездеме береді, венн диаграмасын құрады

Ескендір

ұқсастығы

Аристотель

Дүниеқоңыз

Ашкөз

Жауыздық иесі

Соғысқұмар

Батыр қолбасшы

Екеуі де бір заманның адамдары

Өмірде болған жандар

Рухани бай адам

Адамгершілік иесі

Ізгіліктің нұрын себуші

Бейбітшілікті сүйеді

Ұлы ұстаз

ІІІ топ - Сұрақ құрастырушылар

Жіңішке сұрақтар

Поэманың өзектілігі неде?

Поэманың тақырыбы не?

Идеясы қандай?

Поэманда қандай кейіпкерлер бар?

Жуан сұрақтар

1. Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару керек?
2. Осы поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады?
3. Бүгінгі күннің қандай өзекті мәселесімен байланыстыруға болады?

ІҮ топ-Сілтеме берушілер(Поэмадағы нақыл сөздерді теріп жазып мағынасынашады. Поэма мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жазады.)

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзіне құм құйылғанда.

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні,

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

“Бақпен озған патшадан, мимен озған қара артық”.

“Хан ақымақ болса, жұртың ылаң болар”

Қанағат – қарын тойғызар.

Білімді өлмес – қағазда аты қалар

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

Ү топ – Бейнелеуші топ Поэма желісі бойынша сурет салу

ҮІ топ – Дәнекерлеуші топ.

«ХХІ ғасырдың Ескендір Зұлқарнайлары бар ма?» бүгінгі өмірмен байланыстырып ойтолғаныстар жазу.

Сабақты бекіту

Топтастыру

Әділдік пен жауыздықтың ара салмағын

ажырату әділеттің жеңіске жетуі

«Ескендір» поэмасы бізге не берді?


білімнің қажеттілігі бейбітшілікті сақтау


қатанғатшылдық рухани байлықтың бағасы

Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз сөзімен аяқтау.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!

Абай туралы айтылған ұлы ғұламалар сөзімен бекіту
Үйге тапсырма

«Әзімнің әңгімесі» , «Масғұт» поэмаларын оқу

Бағалау: (Бағалау парағы сабақтың басынан бастап итерактивті тақта арқылы көрсетіліп тұрады. Әр жауап сайын оқушыға тиісті жұлдызшасы қойылып, сабақ соңында қорытындыланады.)

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ