Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Даулетова Гүлмира Мұханбетқызы

Пәні:Қазақ әдебиеті

Сыныбы:10 а

Тақырыбы:Абайдың 25,29,33,37 қарасөздері

Білімділік мақсаты: Оқушыларға ұлы ақынның қара сөздері туралы мәлімет бере отырып, қара сөздерінің тәрбиелік, танымдық мағынасын ажырату және идеялық мазмұнын түсіну.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды шығармашылыққа,ізденіске баулу,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.

Тәрбиелік мақсаты:Абай еңбектерін оқу арқылы адамгершілігі мол, ғылым-білімді жан-жақты меңгерген, көкірегі ояу, елін,жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, талдау, топтастыру

Көрнекілігі: Абайдың портреті, Интерактивті тақта. Қара сөздері, үлестірмелі кеспе қағаздар, кесте.

Пәнаралық байланыс: Тарих

Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу,түгендеу

Сынып оқушыларын Абай өлеңдері арқылы топқа бөлемін .Оқушылар өлең шумақтары арқылы топтасады (топқа бөлу)

I топ Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы

II топ Ақ киімді денелі ақ сақалды

Үй тапсырмасын сұрау

Абайдың 16,18,19-шы қарасөздері

"Жұптас. Ойлан.Талқыла" (постер қорғау)

I топ Абайдың қарасөздері

II топ Қарасөздердің тақырыптары

Оқушыларға жұмыстың бағыт- бағдарын түсіндіріп, флипчарттар таратамын. Оқушылар ақын қарасөздерін оқып, ақылдасып, постер дайындайды. Топ ішінен бір оқушы жұмысты қорғайды

Сұрақ-жауап

1. Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не?

2. 16-шы қарасөзін баянда

3. 18- ші қарасөзін баянда

4. 19-шы қарасөзін баянда

ІІ.Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгінгі сабақта Абайдың 25, 29 ,33 ,37 қарасөздерін өтеміз. Екі топтан жекелеген оқушылар қарасөзін сөзін оқи отыра түсіндіреді.

І топ 25, 29 сөз

ІІ топ 33, 37 сөз

Тапсырма концептуалдық кесте толтыру.

Абайдың қарасөздерінің ұнаған тұстары

Себебі

І топқа

ІІ топқа

Абайдың сөзі

Абайдың айтпақ ойын анықтайтын мағыналас мақал- мәтел табу

1

Жаман дос-көлеңке.

Басыңды күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың.

Басыңды бұлт алса,

Іздеп таба алмайсың.

2

Әкесінің баласы- адамның дұшпаны,

Адамның баласы- бауырың.

Р/с

Абай пікірі

Сенің пікірің

1.

"Періште алтын көрсе,

тура жолдан таяды."-деген мақалға келісесіз бе?

Мысалы, сіз жолда келе жатып жолдағы тасты байқадыңыз. Сіз сол тасты аласыз ба? Әрине жоқ. Себебі ол тастың сізге зияны тимесе пайдасы жоқ. Алсаңыз өзіңізге артық жүк болады және ол еш жерге өтпейді. Сол секілді періште үшінде алтынның қадірі тас секілді еш пайда әкелмейді. Бұл негізі теріс мақсатта шығарылған мақал. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Ортақ тапсырма

І.Тапсырма

"Абай қара сөздері- өмірдің өлшемі" (ой толғау)

"Сөздер банкісі"

Әр топқа сөздер банкісін таратамын және тапсырмаға бағыт- бағдар беремін Оқушылар сөздер банкісі ішінен қара сөздерде кездесетін мақалдарды теріп алып,мақалдарға түсінік береді.

Мысалы: Еңбек етсең,ерінбей

Тояды карның тіленбей.

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,

Екпіндеп ұшып қыран да шығады

Дүние - үлкен көл,

Заман - соққан жел,

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық.

Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас

Қайғысыздан сақ бол,

Қайғылыға жақ бол.

Сергіту сәті

Ән айту «Желсіз түнде жарық ай»

"Балалар философиясы"

Сіз не дейсіз?

1топ

Абай 17-сөзінде "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Егер бірдей ұстасаң құдайшылық сонда.

Сіз не дейсіз?

2 топ

Осы нақылға деген өмірлік көзқарасың қандай?

«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».

Сіз не дейсіз?

Рефлексия

Не сәтті өтті?

Неліктен?

Не сәтсіз өтті?

Неліктен?

Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін?

Қорытындылау:

Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы.

« Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс»

Нұрсұлтан Назарбаев

Үйге тапсырма:

Абайдың қара сөздері (25,29,33,37) түсініп оқу

"Абай қара сөздері- өмірдің өлшемі" эссе

Бағалау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ