Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Даулетова Гүлмира Мұханбетқызы

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10а

Тақырыбы: Абайдың өмірі, шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, оның пікірлерінің құндылықтарына өміршеңдігіне көздерін жеткізу даналық сөздеріне талдау жасау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу, Абай поэмасының шығыс әдебиетімен батыс тарихымен үндестігін ашу.Бұл поэма арқылы ақын кқтеріп отырған әлуметтік және гуманистік мәселені яғни идеясын оқушылардың көмегімен табу, оқушылардың қалыптасқан білім білік дағдылары арқылы кейіпкер бейнесін ашу.

Дамытушылығы: Оқушыларды қызығушылығын ойын сауатты түрде жеткізе білу, дағдыларын жетілдіру, оқушыларды әділеттікке ,адамгершілікке баулу, өз бойларына ірілік қасиеттерді жинай отырып даналықты қастерлеуге үйрету. Кейіпкерлердің әрекеттері арқылы жақсылық пен жамандықты айыра білуге олардың әрекеттеріне баға беріп талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды Абай поэзиясының идеясын түсіндіре отырып адамгершілікке , сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өз халқын мәдени және тарихи мұрасын құрметтеуге сақтауға және сол арқылы патриоттық сезімдерін жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс –тәсілі: Топтастыру арқылы зерттеу, проблемалық сетуатция туғызу, сұрақ –жауап, іздендіру , ой бөлісу, қосымша білім көздерін насихаттау арқылы өздігінен білім алуға баулу.

Сабақ Формалары: Жалпы сыныптық тапсырма, топтық жұптық тапсырмалар , танымдық іздендіру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, хронолагиялық кесте, Абай портреті, тақырыпқа байланысты трек сызбалар кітап көрмесі

Пәнаралық байланыс: Тарих, этнография, музика, қазақ тілі т.б

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру.

А) Амандасу

Ә) Түгендеу

Б) Дайындықтарын тексеру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

«Миға шабуыл » әдісі

1.Ыбырайдың қандай әңгімелері бар?(Өрмекші, құмырсқа, қарылғаш,Атымтай-Жомарт,Әке мен бала,Қыпшақ-Сейітқұл, Бақша ағаштары)т.б

2.1879 жылы Орынборда қандай кітабы басылды?(қазақ хрестоматиясы)

3.Ыбырай Алтынсаринның бір өлеңін жатқа айт?(Жаз, Кел, балалар оқылық,Әй, жігіттер,Өзен) т.б

4.Ыбырайдың Торғайдағы мектебі қай жылы ашылды?(1883 жылы торғайда қолөнер мектебі ашылады)

5.Ыбырайдың қандай шығармаларын білесің?6.Ыбырайдың әкесі қайтыс болғаннан кейін кімнің тәрбиесінде болады?(Атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен)

Топқа бөліну үшін Абай өлеңдерінің шумақ ретімен бөлемін

Бірінші топ «Өлеңсөздің патшасы сөз сарасы»

Екінші топ «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Жаңа сабақ

Абайдың өмірі, шығармашылығы

II. Ой қозғау

ҚАРЖИНГ әдісі арқылы сұрақ қою. Бұл әдісті «Қар көшкіні» деп атадық оқушыларға қар лақтырылады іліп аған оқушыға сұрақ қойылады.

1.Абай кім? (Ақын, философ, сыншы, қоғам қайраткері,аудармашы, сазгер, дана, табиғат жыршысы)

2.Қашан қай жерде дүниеге келген?

3.Абайдың шын есімі кім? ( Ибраһим)

4.Абайдың қандай өлеңдерін білесін?

5.Қандай әндерін білесің? «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бой бұлғаң»

6.Қанша қара сөзі бар? (45сөз)

7.Ұлы ақын туралы жазылған роман-эпопея қалай аталады?(Абай жолы)

8.Оның авторы кім?(Мұхтар Әуезов)

9.Абайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдерін атап бер?

10.Абайдың неше поэмасы ар атап бер? (Масғұт, Ескендір, Әзім әңгімесі аяқталмаған)

1. «Білімге бастап ел - жұртын»

Оқушылар слайд арқылы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырады)

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді.

Бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушыларына алдын - ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді.

1. Абай – ақын

Абайдың өлеңін талдау жұмысын жүргізеді.

2.Абайдың өлеңдері сұралады.

Өлеңдерінің шығу тарихы сұралады.

3. Абай – аудармашы

Оқушылар Абайдың аудармалары туралы айтады.

4. Абай – қарасөз шебері

*Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы айтады;

5. Абай – сазгер.

Абайдың әндер мен күйлері туралы айтылады.

III. Ой – толғаныс

(Абайдың мұражайы бейнефильм арқылы көрсетіледі)

Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында

«Толықтыру» сынамасы беріледі

1. Абай Құнанбайұлы 1845жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.

2. Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навой, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқиды.

3. Абай 1885жылы алғаш білім туралы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазды.

4. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана деп түсінген ақын «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жазды.

5. Абайдың қырық бес қара сөзі бар, қырық алтыншы сөзі - өз алдына жеке тарихи шығарма.

6. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң» т. б. әндері бар. Күйлері: Май түні, Желдірме, Торжорға

7. Әлихан Бөкейханов Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазды.

Сергіту сәті


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

«Желсіз түнде жарық ай» әнін айту

Абайдың әндерінің бәрі – қазіргі нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.Абайдың әндері барлық қазақ әнінен бөлек тұратыны әрбір тыңдаушымен айтушыға айдан анық.

Өз шығармалары ішінде «Алыстан сермеп», « Сен мені не етесің», «Көзімнің қарасы» , «Қор болды жаным» , «Ата анаға көз қуаныш», « Бойы бұлғаң», «Сүйсіне алмадым, сүймедіммен», бірге олардан бөлек он бір буынды өлеңдеріне «Айттым сәлем қаламқас», «Біреуден біреу артылса» жатады.

Аудармаға арнап жазған әндері «Татьянаның хаты», « Онегін жауабы», «Қараңғы үйде тау қалғып» , «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» , «Сұрғылт тұман дым бүркіп» сияқты әндері бар.

Қазір екі топтан бір-бір оқушы шығып Абай әндерін жанды дауыспен мақамына жеткізіп орындап береді.

Сөзжұмбақ шешу

Абайтану

Сұрақтар

1 Алланың өзі де рас сөзі де рас деген өлеңнің авторы?( Абай)

2. Абай поэзиясының тілі туралы алғаш ғылыми пікір қозғаған профессор кім?

3. Бәлки мұнан кейін Абайдан үздік, артық ақындар, жазушылар шығар бірақ ең жоғары ардақты орын Абайдікі қазақ халқының сәуле беріп алғашлқы атқан жарық жұлдызы Абай деп кім айтқан?

4 Абай қайтыс болғаннан 40 күн кейін 3 тамызда Абайдың қай баласы қайтыс болады?

5 .Абайдың рухани мұрасының зерттелуі барысы еліміздегі саяси

ахуалдың құбылуна байланысты неше кезеңге бөлінеді ?.

6.Анасы Ұлжан мен кіші шешесі Айғыз Абайды кім деп атады ?

7.Абайдың шығармашылық жаңа жолына үлгі болған орыстың классик жазушылардың бірі ?

8.Абай Құнанбаев атты монография жазған академик кім ?

М.Әуезов Абай шығармаларын бес кезеңге бөліп қарастырған атап айтқанда .

1 Абайдың жас шағындағы өлеңдері

2 Абайдың лирикалары

3 Абайдың поэмалары

4 Абайдың аудармалары

5 Абайдың қара сөздері

Абайдың толық жинағы

1 топ

Оқулықпен жұмыс

Абайдың өлеңдері шығу тарихы, суреткерлік шеберлігі

1858 жылы жазылған екі өлеңінен басталады. Біріншісі «Иузи-рәушан» , екіншісі – «Фзули- Шәмси». Бұлардан соң 1864 жылы жазылған «Әліфби» өлеңі бар. Ақынның он үш жас пен он сегіз , он тоғыз астар арасында тудырған шығармалары осы.

Мынау өлеңдері тұсында байқалатын ерекшелік- шығыс ақындарының үлгісінде жазылғандықтары. Екінші өзгешелік- бұл өлеңдерді жатқа, ауызша шығарылған шығармалар емес. Бұнда Абай – анық жазушы ақын. Біз ХІХ ғасырдың басы мен орта кезінде жасаған Махамбет, Нысанбай, Мұрат сияқты ақындардың шығармаларынан ақынның өзіне тән стиль ерекшеліктерін айырып тексерсек те, «олардың қай өлеңі жазылып айтылған, қайсысы ауызша жырланған.

Абайдың «Сап сап, көнілім сап көңілім» деген ақынның жиырма –жиырма бес шамасында жазғаны деп ұйғардық. Енді осыдан соңғы анық ақындық үлкен шығармалар туатын жылы -1882 жыл болады. Бұнда Абайдың бір жылда туған екі өлеңін білеміз: біреуі өз өлеңі-«Қонсонарда» екіншісі аударма –Лермонтовтың «Бородино» деген өлеңне жасалған аударманың бір үзіндісі.

Абай - қазақ өлеңі құрылымына жаңа пішін әкелген, өрнек салған қаламгер. Абай – қазақтың өте күшті, терең ақыны. А. Байтұрсынов айтқандай ,

«Қазақтың бас ақыны».

1 топ

« Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп айту.

2 топ Абай өлеңдерінің түр жаңалықтары

Шығармашылық жұмыс

Бес жолды өлең

Рефлексия

Білемін Білдім Мен үшін жаңа ақпарат Мені таң қалдырды

Қорытынды:

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: “Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс “деген екен.

Үйге тапсырма беру.

«Абай дана Абай дара» тақырыбында шығарма жазу.

Бағалау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ