Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы: Сөздің дыбыстық құрамын талдау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың фонематикалық естуді үйрету. Дыбыстарды сөздер арасынан естіп тануын үйрету

Дамытушылығы: Фонематикалық естуін, дыбыстарды ажыратуын дамыту. Жалпы және ұсақ моторикасын жетілдіру. Логикалық ойлауын дамыту

Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: доп, айна, ойыншықтар, дыбсытың кескіні бар сурет

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар шеңбер болып тұрып бір – бірімізге көңіл – күйлерімізді көрсетейік. Одан кейін бір – бірімізге допты бере отырып жылы- жылы тілектерімізді айтайық.

ІІ. Артикуляциялық гинастика

- Балалар, өткен сабақта үйренген артикуляциялық жаттығулардың барлығын орындап көрсетейік. Мен сендерге жаттығудың атын айтамын, сендер айнаға қарап орындандар

«Сағат» «күрекше»,«ожау», «жіңішке тіл», «түтікше», «піл», «бақа», «Сылақшы», «Тіс тазалау»

« Ат шауып келеді», «Тәтті тосап», «күрекше»,

ІІІ. Дыбыстың артикуляциясы

- Балалар мен алдынғы сабақта қай дыбыс туралы айттым.

- Маған енді сол дыбысты айтқанда артикуляциялық мүшелеріміздің қандай қалыпта болатындығын сендер өздерін айтып беріндер.

- Ерін? Тіс? Тіл? Ауа?

ІVТыныс алу жаттығулары:

- Балалар тыныс алу және тыныс шығару жаттығуларын орындайық.

- Мұрын арқылы тыныс алып, жәймен ауыз арқылы шығару.

- Тыныс шығарғанда дауысты дыбысты шығару. Дауысты дыбысты дауыссыз дыбыспен қосып, буынды айту

«ша-а-а-а, ра-а-а-а, ла-а-а-а»

V Фонематикалық жаттығулар

-Балалар, бәріміз бірге айтайық Шықты үйрек шалғыға Кря – кря – кря

Көңілді қоңыз ұшады Ж - ж - ж

Мойын созып қаз шықты Га –га –га

Бұтақтарды жел шайқап У – у – у-у

Суда қамыс шулады Ш – ш – ш

Тағы тыныштық орнады Тш –тш –тш

Көңілді қоңыз қалай ұшады? Үйрек қалай шығады?

Қаз қалай шығады? Тыныштық қалай орнайды?

(Балалардың жауаптары)

VI . Ұсақ моторикалық жаттығулар

- Балалар қол саусақтарымызға арналған жаттығуларды жасайық:

(Әрбір саусақты бір – бірімізге тигізіп, «салем» деп айтамыз. Кейін екі қолды біріктіріп, пайда болған допты жарамыз. Қандай дыбыс пайда болады: ш-ш-ш-ш. Ал енді үреміз; фу- у-у-у

Қолды бірге жұдырыққа жұмып,ашу. Кейін кезектесіп бір қолды жұму, кейін екінші қолды жұму және ашу.

«Өшпейтін от»- қағаздың ұшын оң қолына ұстап үрлеу. Қағазды орнына келтіріп қайта ұстау. 5-6 рет қайталау.

VIII. Қорытынды:

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ