Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Астана қаласы, № 74 мектеп-гимназиясының

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Бахытгүл Сыдыхқызы

Описание: bakit sidikkizi.jpg

Сабақ тақырыбы:М.Әуезов «Қараш-Қараш» повесіндегі кейіпкерлер бейнесіне талдау

Мақсаты:

Білімділік: Повесть мазмұны арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, іс-әрекеті арқылы оларға баға беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға үйрету, іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы

Әдісі: талдау, жинақтау

Көрнекілігі: теледидар, үлестірме қағаздар, сызбалар, плакат, кітап бұрышы

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен амандасу;

Ә) Кезекші мәлімдеуі

Өткен сабақта әлем мойындаған әйгілі жазушы М.Әуезов қаламынан туған «Қараш-Қараш оқиғасы» повесімен танысқан болатынбыз. Олай болса, біз бүгін сол повесте көтерілген негізгі мәселе, түйінді ой, кейіпкерлер әлеміне бірлесіп талдау жасаймыз. Яғни, топ болып, екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз (әр топтың жетекшісі мына бағалау парағына өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын).

І. Ой қозғау

- Ал енді назарымызды мына экранға аударайық. Осы көрсетілген бейне көріністі ой елегінен өткізіп бір сәт ойланып көрейікші. Олай болса, әсерлі, сезімді ойымыз бізді қайда жетелейді?

(«Қараш-Қараш оқиғасы» повесі)

-Ендеше, осы бейне көрініс пен повесть арасында қандай байланыс бар? (Иә, повестің басталуы да осындай көрініспен айқын суреттелген). Олай болса, бізде бейне көріністе көрсетілген шығарманың өн бойына еніп, тереңіне үңіліп талдау жасап көрсек.

ІІ. Мағынаны тану

Демек, біз сұрақтарға жауап беру арқылы талдау жасаймыз. Яғни қазақтың ұлттық ойыны «Хан ату» ойынын ойнап көрейік.

Ойынның шартымен таныстыру

Сұрақтар:

1. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің тақырыбы қандай?

2. Бұл тақырыптың көркемдік шешімі аталған повесте зорлықшыл ел жуандары кімдер?

3. Көркем туындының идеясы не?

4. Тектіғұл өліміне не себеп болды?

5. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?

6. Оның алғашқы әрекеті неліктен сәтсіз аяқталды? Бұдан соң Бақтығұл қандай шешімге келді?

7. Бақтығұл Жарасбай болыстан неге пана іздеді, сондағы мақсаты не?

8. Жарасбай оны қалай қабылдады?

9. Бақтығұл өзінің қателігін қашан түсінді?

10. Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?

11. Повесть қалай аяқталады?

12. Повестің жазылуына негіз болған қандай оқиға?

Талдау жұмысы:

Әр топтан екі оқушы шығып, хатқалтадағы сөздерге математикалық тәсілмен мінездеме беріп көрсін. Бұл оқушылар талдау жасағанша біз мынандай тапсырманы орындаймыз.

І топ. Семантикалық картамен жұмыс жасаймыз. Мұнда берілген кейіпкер сөзі қай кейіпкердікі? (парақ топқа беріледі)

ІІ топ. Сәйкестендір. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін сәйкестендіріңдер (топқа парақ беріледі).

-Ал тақтадағы балалардың жауабына назар аударайық. Әр топ өздеріне берілген тапсырманың орындалу нәтижесін таныстырады.

Тест тапсырмасы

-Балалар, тест тапсырмасын орындауға қалайсыздар? Соны тексеріп көрейік. Алты сұрақтан тұратын тапсырма беріледі. Әрбір балаға сұрақтар жазылған парақ үлестіріледі.

Проблемалық сипаттағы талдау сұрақтары.

- Сабағымызды жалғастыра отырып, проблемалық сипаттағы талдау сұрақтарына еркін жауап берсек.

1. Жазушы бас кейіпкерінің тағдырын дұрыс шешкен бе? Ол шешімге қосыласың ба?

2. Жазушы қорғансыздарына қалай қарайды, оларды қорғай ма, әлде кінәлай ма?

3. Осыншама ауыр трагедияны көрсетуде автор нені мақсат еткен. Бүгінгі заман шындығымен байланысы бар ма?

4. Шығарманың психологиялық әсері бар ма?

5. Қандай салт-дәстүр үлгілерін кездестіруге болады?

6. Қалай ойлайсыңдар, повестің аты неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталады?

Топтастыру

І топ. Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді топтастырамыз (парақ үлестіріледі).

ІІ топ. Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе мен қандай тәрбие аламын.

Қорытындылау. Топтың жинаған ұпайын есептеу.

Бағалау .

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ